Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Жеке кабинет

ЖОБА


ЖОБА

Ата-анасынан кәмелеттік жасқа

  толғанға дейін айырылған немесе

  ата-анасының қамқорлығынсыз

  қалған, білім беру ұйымдарының

  түлектері болып табылатын жастар

  қатарындағы азаматтарды,

  бас бостандығынан айыру

  орындарынан босатылған адамдарды,

  пробация қызметінің есебінде

  тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін

  жұмыс орындарына квота белгілеу

  туралы

  Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 14-1),14-3) тармақшаларына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының  9-бабы 7, 8, 9-тармақтарына сәйкес, ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды,пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру мақсатында, Түпқараған ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды,пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, жұмыс орындарының жалпы санының бір пайызы мөлшерінде жұмыс орындарына квота белгіленсін.

  2. Түпқараған ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 13 мамырдағы №112  «Түпқараған ауданында қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» (нормативттік құқықтық акттілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2013 жылғы 4 маусымында №2249 болып енгізілген, «Ақкетік арайы» газетінің 2014 жылғы 18 ақпанында жарияланған) және 2014 жылғы 27 қазандағы №281 «Түпқараған ауданында қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» 2013 жылғы 13 мамырдағы № 112 қаулысына өзгеріс енгізу туралы (нормативттік құқықтық акттілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 27 қарашада №2535 болып енгізілген, «Ақкетік арайы» газетінің 2014 жылғы 29 желтоқсанында жарияланған) қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

  3. Осы әкімдік қаулысының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т.Алтынғалиевке жүктелсін.

  4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он  күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Аудан әкімі   Т. Асауов

«КЕЛІСІЛДІ»

Т. Алтынғалиев

Г. Демеуова

А.Исатаева

А. Утесбаева

Түпқараған аудандық жұмыспен

қамту, әлеуметтік бағдарламалар

және азаматтық хал актілерін

тіркеу бөлімінің басшысы

  Г. Ш. Беришбаева

«_____»  «___________»  2016 жыл


Ақпараттық ресурстар
Қазақстан Республикасының Үкiметi www.government.kz
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі www.primeminister.kz
Қазақстан Республикасының Парламенті www.parlam.kz
ШЖҚ МКК«Түпқараған аудандық орталық аурухана» http://tupkaragan-crb.kz/kz
Ақшұқыр мектеп-лицейі http://akshukurml.kz/
Түпқараған аудандық мәслихатының ресми интернет- ресурсы http://tupkaragan.openproject.kz/
Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық соты http://mng.sud.kz/rus/sub/tupkaragan
"Түпқараған аудандық жастар ресурстық орталығы" КММ http://tupkaragan-zhastar.skom.kz/index.php/kz/