Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Жеке кабинет

Ақшұқыр ауылы әкімінің 2016 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және іс-қимыл жоспарының орындалысы туралы


Ақшұқыр ауылы әкімінің аппараты 2016 жылғы жұмысын Елбасының «Қазақстан-2050» стратегиялық бағдарламасы, мемлекеттік бағдарламалар, облыстық және аудандық әкімдіктердің  іс-қимыл жоспарын және тапсырмаларын басшылыққа ала отырып атқарды.

Аппарат құрамы: мемлекеттік қызметкерлер саны - 4 және техникалық қызметкерлер саны -15 адамды құрайды. Мекеме балансында 1 автокөлік бар.   

Әлеуметтік құрылым: селода  12 әлеуметтік нысан бар, статистикалық халық саны -8130 адам, өткен жылмен салыстырғанда 135 адамға артып отыр, үй саны – 44 үйге артып, 1224 үйді құрайды. Ардагерлер - 47, алтын алқа – 116, күміс алқа иегері саны – 76 адамды құрайды.

Мемлекеттік қызмет көрсету: Ауыл әкімдігі 3 бағытта мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді. 2016 жылы балабақша кезегіне тіркеу қызметі бойынша – 329 өтініш түскен, оның ішінде қанағаттандырылғаны – 128, қалған 201 –өтінішке түсінік берілді, қосалқы шаруашылығы болуы туралы анықтама беру қызметі бойынша – 93 өтініш түскен, оның барлығы қанағаттандырылған,  ветеринарлық анықтама беру қызметі бойынша–57 өтініш түскен, оның барлығы қанағаттандырылған. 

Есепті жыл ішінде ауыл әкімінің жеке қабылдауында 187 адам болған, оның ішінде 42-і ауызша, қалған  145 азамат жазбаша өтініш білдіріп, оның 98-і толықтай қанағаттандырылды, қалған 47-іне жазбаша түсінік берілді.

Білім беру саласы:  Ауылда 2 білім беру нысаны бар: М. Әбдіхалықов орта мектебі мен Ақшұқыр мектеп –лицейі. Аталған  орта мектептерінде барлығы - 115 сынып бойынша 2275 оқушы қазіргі таңда оқиды, 209 мұғалім білім береді.Материалдық-техникалық базалары толықтай талапқа сай қамтылған, интернетке қосылған.Мамандары толық, 468 бала  тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілген.«Мектепке жол» акциясы бойынша500 мың теңге көлемінде 120 оқушыға көмек көрсетілді,«Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша  14 маман жұмысқа қабылданып, көтермелеу қаражаттарын алды.  

ҰБТ қорытындысымен аудан бойынша жоғарғы көрсеткіш көрсетіп, Ақшұқыр мектеп-лицейі 1-ші орында, М.Әбдіхалықов мектеп-гимназиясы 2-орында болды.

М. Әбдіхалықов мектеп-гимназиясы облыстық «Құқық  бұзушылыққа жол жоқ!» байқауының  бас  жүлде иегері, Облыстық Кәсіптік бағдар бойынша  «Үздік мектеп» байқауының  І орын иегері,  аудандық ҰБТ-2016  қорытындысы бойынша  І орын иегері. Маңғыстау облыстық білім басқармасының «Алғыс хатымен» марапатталды. Кембридж Университетінің  профессоры Лиз Уинтер, Назарбаев Университетінің өкілдері мектеп–гимназияда болып «Қазақстандық оқушылардың әл-ауқаты және білім алуға әсер ету факторлары тақырыбында  зерттеу жобасын өткізді. Мектеп директоры  О.Р  Абдирахманов аудандық «Үздік директор-2016» байқауының І орын иегері, Польша, Варшава Мемлекеттік Университетінен «Янь Амос Каменский» атындағы  медаль иегері болды, биология пәнінің мұғалімі Бекова Күлән «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталса, Есенкөбекова Гүлсағия «Тәуелсіздіктің 25 жылдығы» медалімен  марапатталды.

Биылғы ҰБТ-2016 қорытындысы бойынша  сапа  90 пайыз, үлгерім 100 пайыз, 14 оқушы- 100 ұпайдан жоғары бал жинады. 17 оқушы Грант иегері атанды.

Ақшұқыр мектеп лицейі: Биыл Юнеско құрамына мүше болып кірді. Мектеп лицейінде ҰБТ қорытындысы бойынша орта ұпай 99,6,  үлгерім 100 пайыз, 18 оқушы 100ден жоғары балл жинады, 4 оқушы Алтын белгі иегері, 5 оқушы Үздік аттестат иегері, 26 оқушы грант иегері.

Кадирова Әлия – Республикалық «Үздік педагог-2016» конкурсының жеңімпазы, Урбисинов Нурлан - республикалық «Үздік дене шынықтыру» мұғалімдерінің жеңімпазы, облыстық тілші мұғалімдер олимпиадасының жеңімпаздары: Ақниязова Рыскул -1 орын, Мүсіров Гимран – ІІІ орын, Мусина Айнұр – облыстық сынып жетекшілер форумының  - І орын иегерлері.

Оқушылар тасымалы үшін  18 млн. теңге қаражат қаралып, жеңімпаз «Букаев» ЖК-нің 10 автобусымен Ақшұқыр мектеп-лицейіне 1000 оқушы тасымалданады.

 Мектепке дейінгі білім беру мекемелері – барлығы- 8, оның ішінде 2 мемлекеттік балабақша және 6 шағын орталық бар. «Балапан» бағдарламасы аясында 1 балабақша және 6 шағын орталық жұмыс жасайды. Осы жылдың ішінде «Балапан» бағдарламасы аясында әрқайсысы 50 орындық  3 (үш) мектепке дейінгі білім беру ұйымы (шағын орталық) ашылып, барлығы 150 бала балабақшамен қамтамасыз етілді.

Материалдық-техникалық базасы жасақталған, мамандармен толық қамтамасыз етілген.

Ауыл әкімдігінің балабақша кезегінде барлығы 0-6 жас аралығында - 577 бала кезекте тұрған, осының ішінен 2016 жылы 3-6 жас аралығындағы 335 бала (58 пайыз) балабақшамен қамтамасыз етілген.

2016 жылы желтоқсан айында «Жауқазын» балабақшасы мемлекеттік аттестаттаудан «жақсы» деген бағамен өтті. Балабақша педагогтері жыл сайын біліктіліктерін арттырып отырады, 2016 жылы 6 педагог түрлі бағытта сертификаттар алды.

Денсаулық саласы:

Ақшұқыр дәрігерлік амбулаториясы тұрғындарға медициналық тұрғыда қызмет көрсетеді. Амбулатория төрт салада қабылдау көрсетеді: жалпы практикалық дәрігер, гинеколог, стоматолог, фтизиатр, балалар неврологі, 10 төсектік күндізгі стационар бар. Ақшұқыр дәрігерлік амбулаториясына 10236 адам тіркелген, оның ішінде балалар саны- 3816, жасөспірімдер саны- -290, күндізгі стационарда ем алғандар саны – 770, үйде жатып емделгендер саны – 45. Дүниеге келген бала саны – 386. Ана мен бала өлімі тіркелген жоқ.

Жеделжәрдем бөлімшесіне 7597 шақыру түсіп, күні-түні шұғыл медициналық көмек көрсетеді. 

Әлеуметтік сала:

Ақшұқыр ауылы бойынша  2016 жылдың ішінде барлығы 720 адам әртүрлі  деңгейдегі зейнетақы мен жәрдемақыларын алады, 1,2,3 топ мүгедектері – 194 адам, мүмкіндігі шектеулі балалар саны - 57 адам, асыраушысынан айырылғандар – 45 адам, зағиптар- 21 адамды  құрайды.

Атаулы әлеуметтік көмекке және балалар жәрдемақысына  2016 жыл бойынша 15 отбасы өтініш білдірді. Бір жолғы материалдық көмекке 41 отбасы арыз берді, оның ішінде 29 арыз қанағаттандырылып, 12 арыз қанағаттандырудан бас тартылды. Тіркеуде  тұрған жағдайсыз отбасылардың саны – 20.

«Өрлеу»  жобасы  аясында,  жасалған  келісім – шарт  негізінде  5(бес)  мүжәлсіз  отбасына  әлеуметтік  көмек  көрсетіліп, әр отбасына (барлығы 1 168 653т.) қаржылай көмек көрсетілді.

Жұмыспен қамту -2020 бағдарламалары аясында

Ақшұқыр  ауылы  бойынша  қазіргі таңда жұмыспен  қамту  орталығында  жұмыссыз 11 адам  тіркеуде.  Жұмыссыз азаматтар қатарынан  Ақшұқыр ауылын абаттандыру құрылыс жұмыстарына 26 адам,  «Каспий коммуналдық қызметі» мекемесіне  ауыл тазалығы жұмыстарына  32 адам, Ақшұқыр  «Коммуналдық қызметі» МКК-на 24 адам жолданып,  «Бозашы Оперейтинг ЛТД» компаниясы арқылы нысаналы топпен 4 адам жұмыспен қамтылды.

Ақшұқыр мектеп лицейіне, жұмыссыздар есебінен 6 адам жұмысқа орналасты.

  Ақылы қоғамдық жұмысына 6 адам жұмысқа тартылып, 2016ж. кәсіби мамандық алған 3 түлек: «Ақшұқыр дәрігерлік амбулаториясына» - 1 жас түлек, «Ақшұқыр мектеп лицейіне» - 1 жас түлек, «Ақшұқыр ауыл әкімі аппараты» ММ-сіне – 1жас түлек  жастар тәжірибесінен өткізілді.

  Ауылымыздағы кәсіпкерлеріміз өз істерін кеңейтіп, жұмыссыздар қатарын азайтуға атсалысуда. Оның ішінде «Байболат» ШҚ –на 13 адам,  «Азамат» ШҚ-на 3 адам жұмысқа орналасты.

  Жұмыссыз азаматтар қатарынан  «Жүк тиегіш оператор»  мамандығына 8 адам оқытылып, кәсіби-мамандық игерді. 

Негізгі азық-түлікке баға тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында 1 наубайхана меморандумға отырды. Жыл бойы негізгі азық- түлік түрлерінің бағасына мониторинг жүргізілді, баға қалыпты.

Жер қатынастары:

Жыл ішінде жеке тұрғын үй құрылысын салуға жер телімін сұраған 226 өтініш беріліп, тіркелген, қазіргі уақытта жеке тұрғын үй құрылысын салуға жер кезегінде 7401 адам тұр. Ақшұқыр ауылының  бас жоспары жасақталып, 25.02.2013 жылы Аудандық мәслихаттың №9/66 санды шешімімен бекітілді. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, қажетті инженерлік инфрақұрылымның дайын болуына қарай өтініштер қанағаттандырылатын болады. 

Шығарылған шешімдер саны- 346.

Кәсіпкерлік саласы:

Ауылда 79 кәсіпкерлік нысан бар, ауыл әкімдігіне тіркелген жеке кәсіпкерлер саны – 67, кәсіпкерлік саласындағы жұмысшылар саны – 127 адам. Кәсібін ашқысы келетін жұмыссыздар санатынан 25 адам «Бизнес-кеңесші» оқу семинарына оқытылды.

Мәдениет саласы, ішкі саясат жұмыстары:

  Ауыл бойынша діни ахуал тұрақты. Орталықтан ауыл тұрғындары мен кәсіпкерлердің қолдауымен  мешіт бой көтеріп келеді.

  Ауылда 1 мәдениет үйі қызмет етеді. Мәдениет үйінде  273 қатысушысы бар 14 клубтық құрылым  және 40 қатысушысы бар 1 халықтық ұжым  жұмыс жасайды. Есепті кезеңде  мәдениет үйінде 61 шара өткізіліп, 10871 көрермен қамтылды. Материалдық-техникалық базасы НКОК компаниясының демеушілігімен -6 008 987 ( 6 млн 8 мың 987теңге ,)  мың теңгенің  музыкалық аппаратурасымен жабықталды.

  Спорт саласы.

2016 жылдың  қаңтар айынан бастап жыл соңына дейін  ҚР Тәуелсіздігінің

25 жылдығына орай мектеп оқушылары және ересектер арасында волейбол, футбол, шахмат, жеңіл атлетика, жағажай волейболы, тоғызқұмалақ, қазақша күрес жарысы өткізілді. Наурыз мерекесіне және Ұлы Отан соғысының 71 жылдығы қарсаңында  ауыл ақсақалдары арасында шахмат жарысы өткізілді. Аудандық волейбол, футбол жарысында ауыл командасы I орында тұр.  Шілде айында шағын футболдан «Ақшұқыр ауылы әкімінің кубогі - 2016»  облыстық  деңгейде өткізілді. Жарыс Ақшұқыр мектеп-лицейінің спорт алаңында өткізілді. Жарыс жеңімпаздары Ақшұқыр ауылы әкімінің тағайындаған сыйлықтармен марапатталды.  Ақшұқыр ауылының волейбол, футбол командалары аудандық, облыстық жарыстарға қатысып, жүлделі орындарды иеленуде. Волейболдан Ақшұқыр командасы «Аудан әкімінің кубогі - 2016» облыстық жарысында  III орын иеленді. Қазақша күрестен 11 бала  I разряд, 2 бала спорт шеберіне үміткер болды. Ауыл ішінде 3 футбол алаңы ауыл жастарына пайдалануға берілген, сондай-ақ 2 мектептің спорт залы жастардың бос уақытында спортпен шұғылдануына пайдалануға беріледі.

  Коммуналдық сала.

«Коммуналдық қызмет» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны Ақшұқыр ауылы бойынша 1725 тұрғын үй тоқ көзімен қамтамасыз етеді. Жыл басынан бастап  тоқ көзіне қосылуға 145 дана жеке тұрғын үйден арыз қабылданды, қазіргі таңда арыздар толықтай қанағаттандырылып, тоқ көзіне қосылды.  Жыл басында бекітілген ағымдағы жөндеу жұмыстары бойынша 20 дана трансформаторға  (ППР) тазалау, майын ауыстыру жұмыстары толықтай жүргізілді. Сонымен қатар, 4 дана 160А автоматты ажыратқыш, 2 дана 250А автоматты ажыратқыш және 1 дана 400А автоматты ажыратқыш ауыстырылды. Шамамен 250 литрге жуык трансформатор майы ауыстырылды. АДҚ бөлімінің жұмысын жақсарту мақсатында және де қызметкерлерді уақытымен апаттық ажырату орны алған аймаққа жеткізу мақсатында 2 дана УАЗ автокөлігі алынып, тәулігіне 24 сағат қызмет көрсетуде. Күрделі жөндеу жұмыстары бойынша Ақшұқыр ауылында орналасқан  Айдаров, Сарсенов көшелері бойынша 0,4кВ  әуе желісінің қайта құрылымдау жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда жалпы көлемінің 85% жұмысы жасалынды. Кәсіпорынға АГП автокөлігі алынып, пайдалануға берілді.

Сумен қамту  бойынша Ақшұқыр селосына тасылған су көлемі шамамен 140790 м3. Халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында 10 дана ауыз су тасымал автолкөлігі қызмет көрсетуде. 6 данасы кәсіпорын тарапынан, қалған 4 данасы жалдамалы автокөлік.  Ақшұқыр ауылы бойынша 4 нысан қызмет көрсетеді және 10 қызметкер жұмыс жасайды.  Ағымдағы жөндеу жұмыстарына сәйкес «ДСУ» су жіберу нысанына қосымша қуаттылығы 7,5 кВ су сорғыш (насос) құрылғысы орнатылу көзделуде. Қолданыстағы су айдау құрылғысын қуаттылығы 3кВ құрайтын заманауи су айдау құрылғысы  (центробежный насос) ауыстырыу жұмыстары жүргізілуде. Аталған жұмыстар толықтай орындалып, іске қосылғаннан кейін су жіберу нысанындағы автокөлік кезегі екі есеге қысқарады. Ақшұқыр селосында «Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша «Альянс ЛТД» мердігер мекемесі ауылішілік су құбырының құрылысын жүргізуде. Қазіргі таңдажоспарланған 84 км және қосымша жоспар бойынша қамтылмай қалған тұрғын үйлерге су құбырын жеткізу үшін тағы да 25км су құбыры жүргізілді. Үй-үйлерге бөліп тарату үшін құдықтармен (колодец) ø 32 су құбырлары жүргізілуде. Өтпелі нысан болуына байланысты алдымыздағы жылы жоспардағы тұрғын үйлердің әрқайсысына жеке –жеке су есептегіш құрылғысы мен краниктер қойылуы көзделуде.

Газбен қамтамасыз ету саласы бойынша «Қазтрансгаз Аймақ» АҚ-ның Түпқараған бөлімшесі қызмет атқарады.  2016 жылы тұрғындар 6млн 400мың м.куб газ пайдаланды.  Тұрғын үйлерге газ жүйесін тартуға 230 үйге тапсырыс беріліп, оның 197 тұрғын үй газ жүйесімен қамтамасыз етілді. Диспетчерлік қызмет бойынша  487 тапсырыс қабылданып, оның 378-і қанағаттандырылды. Сонымен қатар, аудан әкімінің тапсырмасы бойынша, жеке үйлерге газ жеткізу бойынша шұғыл шаралар алынды және мәселені түбегейлі шешу мақсатында қосылмаған учаскелер мен тұрғын үй тізімдері шығарылып, аудан әкімдігіне ЖСҚ жасақтау үшін тапсырылды.

Жыл ішінде «Отау ТВ» ұлттық телеарналарға қосылу жұмыстары белсенді қолға алынып, тіркеуде тұрған үйлер толығымен қамтылды.

Ауыл шаруашылығы саласы:

Ауылда «Жайлау» ЖШС-і орналасқан және 22 шаруа қожалығы тіркелген. Жеке сектормен қоса алғанда барлық мал саны:  ірі-қара – 2459 мал басы, ұсақ мал – 5095 мал басын  құрайды. «Жайлау» ЖШС-інде 2200 бас қой, 42 бас жылқы бар.

2016 жыл ішінде 1459 бас ұсақ малға, 479 бас ірі қара малына бірдейлендіру жұмысы жүргізіліп, базаға енгізілді.

     Сонымен қатар, ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралар жоспарына сәйкес, 4620 ұсақ малға және 1760 бас ірі қара малдарына оба ауруына, бруцеллез ауруына, Сібір жарасына қарсы вакцинациялар егілді.

    Жеке қосалқы шаруашылықтар бойынша шаруашылық кітабындағы деректер негізінде электрондық база жасақталды.

  Ауыл шаруашылығын дамыту мақсатында,  жеңілдетілген пайызбен 7 кәсіпкер 3 млн теңгеден несие алып, ірі қара малын өсіру бойынша кәсіппен айналысады.

  Ауылшаруашылық тауарлары: сүт өнімдері бойынша 3 кәсіпкер 150 литр шұбат, сонымен қатар сүттен жасалатын өнімдерді жәрмеңкеге шығарды.

  Өткен жылы  селодан  1 кәсіпкерге  жылыжайға  жер телімі  беріліп, 3 жылыжай өнімдерін халыққа қол жетімді бағамен  сатуға шығарды.

  Әскери есеп.

2016 жылы дәрігерлік сараптамадан өтуге шақырылған  азаматтар  саны -218. Оның ішінде студенттер -43, үйленгендер – 24, оқушылар-2, мүгедектер-4, әскерге кеткені – 22.

16 жастағы әскери есепке жаңадан отырған жасөспірімдер саны – 67.

Қоғамдық тәртіп пен  қылмыс.

Ауыл бойынша қылмысқа және құқықбұзушылыққа  бейім 37 тұлға профилактикалық есепте тұр. Оның ішінде: мерзімінен бұрын босағандар -6, әкімшілік қадағалауда тұрғандары – 2, формальды әкімшілік қадағалауда – 5, бұрың сотталған азаматтар -8, шартты түрде сотталғандар -16 тұлға.

Ақшұқыр ауылының  аумағында 1029 әкімшілік хаттама толтырылған және 30 қылмыстық оқиға тіркелген, атап айтқанда: ұрлық -28, алаяқтық -2. Осылардың 20-сы ашылып, 10-на қатысты  криминалдық полиция қызметкерлерімен бірлесіп іздестіру жұмыстары жүргізілуде. Діни экстремизм, террорлық әрекеттердің жолын кесу, алдын алу шаралары бойынша жедел профилактикалық және басқа да жоспарлы шаралар  өткізілді. Қазіргі жағдай тұрақты.


Ақпараттық ресурстар
Қазақстан Республикасының Үкiметi www.government.kz
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі www.primeminister.kz
Қазақстан Республикасының Парламенті www.parlam.kz
ШЖҚ МКК«Түпқараған аудандық орталық аурухана» http://tupkaragan-crb.kz/kz
Ақшұқыр мектеп-лицейі http://akshukurml.kz/
Түпқараған аудандық мәслихатының ресми интернет- ресурсы http://tupkaragan.openproject.kz/
Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық соты http://mng.sud.kz/rus/sub/tupkaragan
"Түпқараған аудандық жастар ресурстық орталығы" КММ http://tupkaragan-zhastar.skom.kz/index.php/kz/