Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Жеке кабинет

Баутин ауылы әкімінің 2016 жылғы әлеуметтік – экономикалық даму қорытындылары және іс- қимыл жоспарының орындалысы туралы есебі


  Ауыл әкімінің аппараты 2016 жылғы жұмысын Елбасының «Қазақстан - 2050» стратегиялық  бағдарламасы, облыстық және аудандық әкімдіктердің іс-қимыл жоспарын және тапсырмаларын басшылыққа ала отырып жүзеге асырады.

  Әлеуметтік құрылым.

  Баутин ауылындағы соңғы санақ қорытындысымен 814 тұрғын үйде 4414 (төрт мың төрт жүз он төрт) тұрғын тұрады. Оның ішінде 58 (елу сегіз) «Алтын алқа» иегері және 47 (қырық жеті) «Күміс алқа» иегерлері, 29 тыл ардагері және 70 жастан асқан қарттар саны - 96, 4 – жалғызбасты зейнеткер тұрады. Ауыл бойынша мүгедектер саны –116 , оның І топта-6, ІІ топта -78, ІІІ топта –32 , даму мүмкіндігі шектеулі балалар саны -30.

  Жыл басынан бері 32 жас шаңырақ бой көтеріп, 133 бала дүниеге келді.

  Ауылда Маңғыстау облысы Түпқараған  гуманитарлық -техникалық колледжі, М.Горький мектеп-лицейі, Ж.Мыңбаев мектеп-гимназиясы, «Ақбота», «Ер Төстік» балабақшалары, ауылдық дәрігерлік пункт және Аташ елді мекенінде орталық кітапхана халыққа қызмет көрсетуде. Ауылда  46 бизнес объектілері бар.  Олар: 3 (үш) – шаштараз, 2 (екі) – мейрамхана, 1 (бір) – кафе, 30 (отыз) – азық-түлік дүкені, 3 (үш) автокөлік жуу орталығы, 6 (алты) қонақ үй, 1 (бір) – наубайхана .

  Ауыл әкімі аппаратында  мемлекеттік қызмет көрсетудің 3 бағытыбойынша  тұрғындарға қызмет көрсетіліп отыр.Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін кезекке қою - 134 арыз қабылданып, 34-і қанағаттандырылды. Малға ветеринариялық паспорт берілген тұрғындар саны  - 48,  білім алушылар мен тәрбиеленушілер жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне тегін тасымалдауды қамтамасыз ету бойынша 950 оқушы тасымалданады, жеке қосалқы шаруашылығының жайы туралы  анықтама 7 тұрғынға берілді.

  Ауыл әкімі әр аптаның сейсенбі, бейсенбі күндері қабылдау жүргізеді. Жыл ішінде жеке тұрғындардан 107 арыз түсіп, 37-і қанағаттандырылып -70-сі түсіндірілді.

  Білім беру саласы. Биылғы оқу жылын А.М.Горький атындағы  мектеп-лицейі 629 оқушымен бастап, 112 бала мектеп алды даярлық тобына қабылданса, Ж.Мыңбаев атындағы мектеп - гимназиясы 549 оқушымен бастап, 54 бала мектеп алды даярлық тобына қабылдады. Бастауыш сыныптардағы аз қамтылған, көп балалы отбасылардан және т.б. топтағы оқушылардан барлығы екі мектеп бойынша 260 оқушы ыстық тамақпен қамтылып отыр.

 Мектеп оқушыларын тегін тасымалдау және көліктік қызмет көрсету қызметі бойынша барлығы - 986 бала  тегін тасымалмен қамтамасыз етілген. Балалардың тегін тасымал қызметіне 36753,0  мың теңге  жергілікті  бюджеттен  қаралды.

  2015-2016 оқу жылында Жалау Мыңбаев атындағы мектеп-гимназиясы жанынан «Шағала» атты жазғы тынығу алаңы және М.Горький мектеп-лицейінде «Жұлдыз» атты жазғы тынығу алаңы ұйымдастырылды. Аталған тынығу алаңдарында I және II  кезең бойынша барлығы 360  оқушы тынығумен қамтылды. Республика және облыс көлеміндегі лагеріне Ж.Мыңбаев мектеп-гимназиясынан 53, А.М.Горькиймектеп-лицейінен 20 оқушы тегін демалуға жіберілді.

   «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша 2015-2016 оқу жылында  Ж.Мыңбаев мектеп гимназиясына 1 маман, М.Горький мектеп лицейіне – 2 маман жұмысқа орналасқан болса, биылғы 2016-2017 оқу жылында  Ж.Мыңбаев мектеп гимназиясына 4 маман жұмысқа қабылданды.

Мектепке дейінгі білім беру мекемелері Баутин ауылында 140 балаға арналған «Ақбота» балабақшасы және Аташ елді мекенінде республикалық «Балапан» бағдарламасы бойынша ашылған «Ертөстік» балабақшасы жұмыс жасап тұр.

«Ақбота» балабақшасында жалпы 50 маман қызмет атқарады, оның ішінде 14  тәрбиеші балалармен жұмыс жасайды. «Ертөстік» балабақшасы бойынша жалпы 57 маман қызмет атқарады, оның ішінде 12 тәрбиеші балалармен жұмыс жасайды.

Ауыл бойынша 92% балалар балабақшамен қамтылған болса, оның ішінде 3-6 жас аралығындағы балалар 100% балабақшамен қамтылған, қазіргі таңада 3-6 жас аралығында кезекте тұрған балалар жоқ.

   «Ертөстік» балабақшасына  бюджеттен 46938,0 мың теңге қарастырылды, аталған қаражаттар толығымен игерілді. «Ақбота» балабақшасына жергілікті бюджеттен қаралған қаражат 53449,0 мың тенге, осы қаражат толығымен игерілді. 

   Денсаулық саласы.  Ауыл бойынша тұрғындарға  Баутин ауылдық дәрігерлік амбулатория  қызмет көрсетеді. Аталған ұйымда -  3 дәрігер, 7 мейірбике жұмыс істейді. Екпе жұмыстары уақытылы жүргізіледі. 2016 жылы 133 бала дүниеге келді, жүктілікпен 60әйел есепке тіркелді. Туберкулез ауруымен ауыратын тіркеуде тұрған 3 (үш) азамат уақытында тегін емін қабылдап, дәрігердің жіті бақылауында тұр.

  Әлеуметтік сала.  Баутин ауылы, Аташ елді мекені бойынша 16  отбасының 50 баласына 18 жасқа дейінгі балаларға жәрдемақы, 3 отбасына атаулы көмек тағайындалды. Әлеуметтік қызметкерлер тарапынан жалғызілікті зейнеткерлердің күнделікті хал-жағдайлары сұралынып көмек көрсетіліп келеді.

 Ақылы қоғамдық жұмыспен ауылдан 22 адам,  «Жастар практикасымен» - 4, әлеуметтік жұмыс орнымен – 6 адам, тұрақты жұмыс орнымен – 9 адам жұмыспен қамтамасыз етілді. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде 28 адам жұмыссыздықпен тіркеуде тұр, түйіндемелері әр-түрлі мекемелерге жолданды.

  Кәсіпкерлік саласы. Ауылымызда 30 азық-түлік дүкен жұмыс жасайды. Баға тұрақтылығын қамтамасыз ету бағытында тағам бағаларына әр аптаның сәрсенбі күндері мониторинг жүргізіліп отырады. Азық– түлік бағасы тұрғындарға қолжетімді бағамен сатылуда. Сонымен қатар ауыл тұрғындары үшін 2015 жылы 3 /үш/ жеке кәсіпкерлердің сауда дүкендерінен, атап айтқанда  «Інжу», «Сән-салтанат», «Іңкәр» дүкендерінің ішінен төлемдердің барлық түрін жүргізуге арналған терминалдар қойылса, биыл олардың саны 5-еуге  жеткен, яғни «Базар», «Айжан» дүкендерінің ішіне де қойылып, бүгінгі күні жұмыс жасап тұр.

  Ауыл шаруашылығы саласы бойынша -  21 шаруа қожалығы тіркеліп, оның 18-і шаруа қожалығымен, мал өсірумен шұғылдануда. Жеке шаруа қожалық иелерінің малы мен тұрғындардың мал санағы жылына 2 (екі) рет (қаңтар, шілде  айларында)  жүргізіледі. Ауылдық әкімшілікте 42 жеке қосалқы шаруашылықтар бойынша шаруашылық кітабындағы деректер компьютерге құйылып, базаға енгізілді. Ұсақ  малдарға бірдейлендіру жұмысы аяқталып, 100 пайыз дерекқорға тіркелді. Қазақстан Республикасы ұлттық экономика министрлігі Статистика Комитетінің Баутин ауылының бағдарламалық кешенді дамуы бойынша электрондық шаруашылық кітабына толықтай көшірілді.  Ірі қара малдардың сырғаланғаны күнделікті дерекқорға енгізіліп отыр. Ауыл бойынша малдың саны: 3579- қой, 872-ешкі, 381- жылқы, 39-түйе, 139- сиыр.

   Елді мекендерді абаттандыру, көгалдандыру бағытында Баутин ауылы Аташ елді мекені бойынша бюджеттен ағымдағы жылға жылдың басында 6463,0 мың теңге бөлінді. Бұл қызмет түрі бойынша да ауылымыздағы Аташ елді мекеніндегі Тау, Өскінбаев, Жангельдин және Баутин ауылындағы Дубский көшелерінде орналасқан тал бұталардың күтіліп ұсталуы, суару, астын қопару, ақтау, сырлау жұмыстары сәуір айы мен қазан айының аралығын қамтып, жұмыспен қамту орталығынан 4 жұмысшы жұмыспен қамтамасыз етіліп, жұмыс толығымен сапалы атқарылды.

   Жол картасы-2020 бағдарламасы бойынша бюджеттен бөлінген 13498,0 мың.теңгеге Ақбота балабақшасын ағымдағы жөндеу және шатырын жөндеу жұмыстары жүргізілді.Аталған жұмыс уақыты маусым-тамыз айларында атқарылды, бұл жұмысқа аудандық жұмыспен қамту орталығынан 4 жұмысшы жұмыспен қамтылды.

Жер қатынастары. Жер мәселесі бойынша түскен өтініштер саны:

Заңды тұлға бойынша – 20. Оның 14 –і қанағаттандырылып, 6 – түсіндірілді.

Жеке тұлға бойынша -65. Оның 16 –ы қанағаттандырылып, 49 –ы түсіндірілді.

Шығарылған шешімдер саны-75. Оның ішінде: тұрғын үй аумағын кеңейтуге-26, әлеуметтік көркейту саласы бойынша-12, өзге мақсаттарға – 37 шешім.

    Коммуналдық сала. Қазіргі таңда ауылда 824 үй газ отынымен және электр энергиясымен қамтылған. Газ құбыры қауіпсіздігін, жеткізілуін «ҚазТрансАймақ» АҚ-ы, электр жүйесімен «МРЭК» АҚ-ы қамтамасыз етіп отыр. Тұрғындарға ауыз суды «Түпқараған су жүйесі» мекемесі тасымал арқылы жеткізуде. Сонымен қатар осы жылы Баутин ауылының  барлық көшелерінде орталықтандырылған су құбыры іске қосылып ауыл үйлері толықтай және әлеуметтік нысандар біртіндеп құбырға қосылуда. Аташ елді мекенін толықтай сумен қамтуға жобалық сметалық құжаты жасақталуда.

  - Ауылда 805  үй телефон байланысына, ал 384 үй ғаламторға қосылған. Ауылда ұялы телефон байланысының барлық түрі үздіксіз жұмыс жасап тұр. Сонымен қатар 712 отбасы «Отау ТВ» сандық жерсеріктік телеарнасына қосылған. Ауыл тұрғындарын 95 % -ға сандық жерсеріктік телеарнаға толығымен қамтамасыз ету мақсатында Баутин ауылы, Аташ елді мекенінің 11 жағдайсыз отбасы  тегін «Отау ТВ»  телеарнасына қосылды.

  -2016 жылдың 06 тамыз  - 04 қараша айларының аралығында«Таза аймақ», «Каспий-2016», «Таза жағалау» акциясы барысында Баутин ауылы, Аташ елді мекендерінің аймақтарын санитарлық тазарту және көгалдандыру жұмыстары бойынша сенбіліктер ұйымдастырылды. Сенбілікке ауыл көлемінде орналасқан шетелдік және жергілікті компаниялар қатысып, бекітілген көшелерге тазалық жұмыстарын жүргізді.  Санитарлық тазалауға, жинақтауға сенбілікке 231 адам қатыстырылып, оның ішінде арнаулы 22 техника жұмылдырылды. Сенбілік нәтижесінде 115 тонна қатты қалдықтар тасып шығарылды.

  Баутин ауылы және Аташ елді мекендері бойынша санитарлық және тазалық жұмыстарын уақытылы жүргізілуде. Бұл қызмет түрі бойынша ауылымыздың санитариясы үшін барлығы – 14710,0 мың теңге қаржы жұмсалды. Тұрғындардан келіп түскен арыздар негізінде Баутин ауылы,  Аташ елді мекендері  бойынша 115 ит атылып, ветеринарлық-санитарлық талаптарға сәйкес өртелінді.

Мәдениет  және спорт саласы.

  -Аташ елді мекеніндегі орталық кітапхана бөлімшесі тұрғындарға қызмет көрсетеді. Барлық кітап қоры - 15209 (дәне), тұрақты оқырмандар саны 700 адам.

  Ауылымыздағы спорттық нысандар саны – 9. Оның  3 –і спорт зал, 6 –ы спорт алаңы. Мектептер мен колледждегі  дене шынықтыру мамандарының саны  - 9. Ауыл бойынша 937 жас спортпен шұғылданады.

  Спорт саласы бойынша да жетістіктеріміз аз емес. Атап айтсақ 30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституция күніне арналған аудандық шағын футбол жарысында ауыл командасы  ІІІ орынды иеленді.

Форт-Шевченко қаласының 170 жылдық мерейтойына орай мүмкіндігі шектеулі  жандар арасында шахмат және дойбыдан аудандық жарыста Сатарбаев Амангелді  І орын иеленді.

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мерекесіне орай қазақша күрес жарысына -40 жасөспірім қатысып, 5 жасөспірім – І орынды, 5 жасөспірім -2 орынды. 10 жасөспірім – 3 орынды иеленді.

Бұл  көрсеткіш ауылымыздың жастарының спортқа деген құлшынысының бір дәлелі.

  Қоғамдық- саяси шаралар  жұмыстары  Ауылымызда жыл басынан бері атаулы мерекелер де өз дәрежесінде ұйымдастырылып келеді. «14 наурыз - Амал мерекесі»  «СағаАташ» ЖШС-ң демеушілігімен «Ақерке Жайық» мейрамханасына 60 ардагер шақырылып мерекелік шара ұйымдастырылды.ҰОС 71 жылдығына орай «Сем Арко» ЖШС,  мекемелерінің демеушілігімен  31 тыл  ардагерлеріне сыйлықтар табыс етілді.

 «1 маусым -  Балаларды қорғау күніне» орай «Вест Дала-Маңғыстау» ЖШС-інің демеушілігімен «Балғын балалар - біздің болашағымыз» атты мерекелік бағдарлама ұйымдастырылып, оған бала жастан мүгедек – 28 бала,  жағдайсыз отбасыларылар мен жетім балалардан 40 бала шақырылып,  барлығы 68 балаға концерттік бағдарлама қойылып, соңынан мерекелік сыйлықтар таратылды.

«16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні» мерекесіне арналып «Тәуелсіздік - тұғырым» атты салтанатты жиын ұйымдастырылды. Жиынға ауылдың әлеуметтік экономикалық дамуына үлес қосып жүрген жеке кәсіпкерлер, мердігер мекемелер, денсаулық, білім, спорт саласының мамандары, ардагерлерден барлығы 12 адамға ауыл әкімінің алғыс хаттары берілді.

  27 желтоқсан күні «Қош келдің Жаңа жыл» атты ауыл әкімінің шырша тойына «Каспиан Оффшорконстракшн» ЖШС,  «Вест Дала» ЖШС,  «СағаАташ» ЖШС, «Ескерткіш Қызмет Қазақстан» ЖШС, «Достық» қонақ үйі мекемелерінің көмегімен 58 жағдайсыз отбасы балалары, 24 бала жастан мүгедек балалар, барлығы 82 бала шақырылып мерекелік шара ұйымдастырылды.

Ауылымыздың 3(үш)  тыл ардагері мен зейнеткерлері маусым айында «Шағала» сауықтыру орталығына барып тегін демалып қайтты.

  -Ауыл көлемінде орналасқан шетелдік компаниялар «Каспиан Оффшор констракшн» ЖШС, «СағаАташ» ЖШС, жеке кәсіпкер Т.Қарғабаевтың демеушілігімен Баутин ауылы, Аташ елді мекендері бойынша 58 тыл ардагерлері «Егемен Қазақстан»  газетіне  тегін жазылды.

  «Қайырымдылық керуені» атты акциясы аясында Баутин ауылы , Аташ елді мекеніндегі 39  аз қамтылған, жағдайсыз отбасыларға «Каспиан Оффшор констракшн» ЖШС-і, «СағаАташ» ЖШС-і, «Достық» қонақ үйі, «Енка» акционерлік қоғамы «Van Oord» компаниясының демеушілігімен азық-түлік топтамасымен қамтылды.

  Әскери бөліммен байланыс. Әскери міндеттілердің, жасөспірімдердің мерзімдік шақырылуы уақытылы ұйымдастырылады. Отан алдындағы борышын өтеуге көктемгі мерзімге 31 бала шақырылып, оның 12-сі Отан алдындағы борышын өтеуде.

  2016 жылдың ІІ жарты жылдығына әскери міндеттілерге 33 балаға шақыру қағаздары толықтай таратылып, күзде оның 5-еуі Отан алдындағы борышын өтеуге аттанды.

    Қоғамдық тәртіп. 2 (екі) учаскелік полиция ауыл тыныштығын сақтап, тұрғындармен тығыз байланысып, жұмыс жүргізуде. Ағымдағы жылда Баутин ауылынан  және Аташ елді мекенінен  еріксіз емделуге  жолданған адам жоқ. Аудандық ішкі істер бөлімінде түрлі себептермен 2 жасөспірім, 3 жағдайсыз отбасы тіркеуде тұр және бұл отбасыларымен жұмыс жасалуда.  


Ақпараттық ресурстар
Қазақстан Республикасының Үкiметi www.government.kz
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі www.primeminister.kz
Қазақстан Республикасының Парламенті www.parlam.kz
ШЖҚ МКК«Түпқараған аудандық орталық аурухана» http://tupkaragan-crb.kz/kz
Ақшұқыр мектеп-лицейі http://akshukurml.kz/
Түпқараған аудандық мәслихатының ресми интернет- ресурсы http://tupkaragan.openproject.kz/
Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық соты http://mng.sud.kz/rus/sub/tupkaragan
"Түпқараған аудандық жастар ресурстық орталығы" КММ http://tupkaragan-zhastar.skom.kz/index.php/kz/