Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Жеке кабинет

Қызылөзен ауылы әкімінің 2016 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және іс-қимыл жоспарының орындалысы туралы


  Қызылөзен ауылы бойынша ауыл әкімі аппараты, мәдениет үйі, орта мектеп,  балабақша, медициналық пункт, «Қазпочта» бөлімшесі,  «Қазтелерадио» бөлімшесі,  «Қазтелеком» байланыс бөлімшесі, электр энергиясын тарату бөлімі, 2 дүкен  халыққа қызмет көрсетеді. Халықтың жеке шаруасының тіршілік көзі болып табылатын «Қарағантүбек» ЖШС ауылшаруашылық мекемесі жұмыс жасайды.

Ауылда 1020 тұрғын және 168 тұрғын үй  бар. 25 «Алтын» алқа иегері  және 12 Күміс алқа иегерлері, 18 асыраушысынан айрылған жанұя,  3 тыл ардагері және 61 зейнеткер  тұрады. Сырттан көшіп келуші болмаса да, ауыл  халқы жылдан-жылға  өсіп  келеді, жыл ішінде 9 жас шаңырақ көтеріп некеге отырды.

Ауыл әкімі аппаратында мемлекеттік қызмет көрсетудің 3 түрі көрсетіледі.  «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі жастағы балаларды кезекке қою» бойынша жыл бойына 16 өтініш түсіп, 16-сы  қанағаттандырылды.

  Сонымен қатар, «Ауылшаруашылығы жануарларын бірдейлендіру» жөнінде 207 өтініш  және «Жеке қосалқы шаруашылығының барыне жоқтығы туралы анықтама беру» қызметі бойынша 3 өтініш түсіп өтініштер қанағаттандырылды.

Ауыл әкімінде 23 жеке қабылдау өткізіліп, тиісті қорытындылар шығарылып, қанағаттандырылды.

Білім беру сапасы

  «З.О.Баймырзаев атындағы орта мектеп» мемлекеттік мекемесінде барлығы  28 мұғалім қызмет атқарады. Жоғары санатты-7,бірінші санатты-6,екінші санатты-10, санатсыз-5 мұғалім. Оқушылар саны-167, даярлық сыныбына-15 оқушы қабылданды.

2015-2016 оқу жылы бойынша мектептің үлгерім көрсеткіші-99%, оқу сапасы-45%. 

  Биылғы жылы мектептің материалдық-техникалық базасын нығайтуға 2 074000 теңге қаражат бөлініп, игерілді. Өзін-өзі тану пәні кабинеті жаңаша

 жабдықталды, жаңа форматты оқытуға қажетті құрал-жабдықтар алуға жұмсалды. 

 Мектепте математика және бастауыш сыныптары бойынша маман жетіспеушілігі бар. 4 зейнеткер мұғалім қызмет атқарады.

Мектепте ыстық тамақпен 1 сыныптың 16 оқушысы мен аз қамтылған 18 оқушы қамтамасыз етілген, мектеп оқушылары1 ауысымда оқиды.

  «Мектепке жол» акциясы кезінде мұғалімдер мен қызметкерлерді, жеке кәсіпкерлерді ұйымдастыру нәтижесінде мектебіміздің 37 оқушысына көмек  көрсетілді. Оның ішінде 10 оқушыға 91,0 мың теңге көлемінде қаржылай көмек берілді.  

  2015-2016 оқу жылындағы ҰБТ қорытындысы бойынша бітіруші түлектер түгел қатысты. Жалпы 82 орта ұпай көрсеткіш көрсетті. «Серпін» бағдарламасы бойынша екі оқушы грантқа, 1 оқушымемлекеттік  грантқа ие болды.

Жазғы сауықтыру лагерімен қамтылуға тиіс  барлық бала саны-173, оның ішінде қамтылғаны-96.Биыл жазғы демалыс кезінде мектеп жанындағы «Ақжелкен» демалыс алаңы 2 кезең бойынша жұмыс жасады.

Әр кезеңде  барлығы 60 бала демалды. Сондай-ақ, республикалық лагерге-17 оқушы облыс көлеміндегі лагерге-3 оқушы  және ата-ана демеушілігімен 15 оқушы, шетелге 1 оқушы демалысқа жіберілді.

  «Хазірет» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен екі кезеңде 72 бала қамтылды, оның 36 көрші ауылдардан қатысты.

Мектепке дейінгі білім беру

  2015 жылы ауылымызда 50 орындық «Толағай» балабақшасы ашылып, пайдалануға берілді. Онда 2 топта  37 бүлдіршін тәрбиеленуде.Жалпы тәрбиешілер саны 11. Балабақша мамандармен толық қамтылған.

Ауыл бойынша 0-6 жас аралығында 158 бала, 3-6 аралығында 89 бала бар. Бүгінгі күнге 3 жасқа жетпеген 5 бала кезекте тұр. 3-5 жас аралығындағы балаларды қамту 100%.

Денсаулық саласы

  Медициналық пунктте 2,5 ставкамен 3 медициналық қызметкер жұмыс істейді. Автокөлікпен қамтамасыз етілген, айына 1 рет малды ауылдарды аралап тұрады, екпе жұмыстарын жүргізеді.72 жедел жәрдем, 727 патронаж/бала қарау/, қабылдау-2406, барлығы -3205 қызмет көрсетілді. 27 бала дүниеге келді.

  2016 жылы өтпелі жылға жүктілікпен есепте тұрған әйелдер саны-20. Жыл ішінде ана мен бала өлімі болған жоқ.

  Әлеуметтік сала

 Қызылөзен ауылы бойынша 1 әлеуметтік қызметкер жұмыс істейді. Әлеуметтік қызметкер-арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін және арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау мен айқындауды жүзеге асыратын, белгіленген талаптарға сәйкес келетін қажетті біліктілігі бар қызметкер.

Белсенді халық саны-557. Жалпы халықтың 46 пайызы. Оның  98-і

өндірісте, 214-і бюджеттік мекемелерде, 69 жұмыссыздар есебінде, кәсіпкелер саны 81, 25-і бала күтімінде  және 70 әртүрлі жұмыстарда жасайды. Жыл ішінде  тіркелген 69  жұмыссыздардың 55-і тұрақты жұмысқа  орналасты.

Аудандық жұмыспен қамту орталығы ай сайын тіркелген жұмыссыздар

тізімін жіберіп отырады. Әлеуметтік қызметкер тіркелген жұмыссыздарды 10 күн сайын есепке алып, тиісті жұмысқа жүргені туралы мәліметтерді орталыққа жіберіп отырады. Жыл ішінде жұмыссыздыққа тіркеуге келмеген 8 адам жұмыссыздар есебінен шығарылды.

Жұмыссыздықты азайту мақсатында «Бозашы Оператинг ЛТД»

мекемесі арқылы бір  жылдық келісім шартпен -6 адам, «Каспий  коммуналдық  қызметі»  мекемесі  арқылы тазалық жұмыстарына -6 адам,  жастар практикасы есебінен -3 жас, «Хазірет» жастар қоғамдық қоры арқылы -1адам.

Жұмыспен қамту -2020 бағдарламасы  бойынша  көгалдандыру 

жұмысына  -3 адам , ақылы қоғамдық  жұмыстарға 7-адам жұмысқа тартылды. 

Тіркелген – кәсіпкерлер саны 81, оның 32 мал шаруашылығымен,

24-і егін шаруашылығымен, әртүрлі  бағытта  кәсібін  ашқандар саны -25.   

Ауылда «Жаңай» дүкені ашылып 1 адамды және «Хазірет» жастар

қоғамдық қорының тұрмыстық кешені орталығы ашылып, 4 адамды жұмыспен қамтыды.  Ауылда басқа кәсіпорын, өндірістік мекеме жоқ. 1 адам кәсіпкерлік ашуға несие алып, кәсібін бастауда.

Қызылөзен ауылы бойынша мүмкіндігі шектеулі тұрғындар 33 ересек,

бала саны-5. Олардың ішінде, 1 топта- 9, 2  топта- 20, 3  топта- 4. Арнаулы орта білім беретін оқу орнында1 студент оқиды. Жалпы жұмысқа жарамсыз мүгедектер саны-8.

Ауыл бойынша өз еңбегімен табыс табушы мүгедектер саны-2, кәсіпкерлікпен айналысып, өз кәсібін нәсіп етіп отырған мүгедек саны-1. Жұмыс жасайтын мүгедектер саны-14, жұмыссыз-2, зейнеткерлер саны-5.

Үйде жатқан мүгедектер тізімінде 2 тұрғын тіркелген. Оның біреуі мектеп жасындағы бала. Үйден оқитын мектеп жасындағы балаға арнайы белгіленген мұғалім және психолог маман бар. Бір бала Ақтау қаласында есту қабілеті нашар балаларға арналған 5 күндік арнайы оқу интернатында оқиды.

Ауыл бойынша биылғы жылы Ақтау қаласындағы «Шағала» емдеу-сауықтыру орталығында 2 мүгедек емделіп қайтты. Мүгедектер жыл бойы өздеріне керекті жабдықтармен қамтамасыз етіліп отырады. 

  «Хазірет» жастар қоғамдық қорының директоры К.Медеуованың демеушілігімен ауыл бойынша 8 мүгедек аудандық, облыстық газеттерге тегін жазылды. 2 ересек және 3 бала мүгедегі уақытылы арнайы жөргектермен қамтылып отыр.  Сонымен бірге, көруі нашар Қ.Бисеновке жылына 1 рет сағат, плейер, магитофонмен қамтылып отыр.

Әлеуметтік көмекке зәру жандар қоғам өмірінен еш тыс қалып көрген емес. Ауылішілік, аудандық, облыс деңгейіндегі сайыс, іс-шараларға белсенді түрде қатысып тұрады.

Ауылымызда құрылған «Хазірет» жастар қоғамдық қорыныңұйымдастыруымен 2 топ мүгедегі Жалғасбаев Амангелді  ағаш шебері мамандығы  бойынша Ақтау қаласында оқып келді.

  Сол сияқты мүгедектер, қант диабеті, қан қысымы т.б аурулармен есепте тұрған азаматтар өздеріне тиесілі дәрі-дәрмектерін медпункттен уақытылы алып отыр.

  Ақылы қоғамдық жұмыспен 8 адам, бір жылдық келісім шартпен 6 адам, «Каспий коммуналдық қызметі» мекемесі арқылы 6 адам  қамтылды.

  Жастар практикасы бойынша 6 жас, «Жасыл желек» жастарды жазғы жұмыспен қамтуда 3 жас, «Хазірет» жастар қоғамдық қоры арқылы-1 жас жұмыспен қамтылды.

  Биылғы жылы ауыл бойынша Түлекберген Ақмарал «Өрлеу» бағдарламасы бойынша КНӘК-ке қатысып, 6 ай 36,314 теңгеден, барлығы 217 884 теңге көлемінде қаржылай көмек алып, жағдайларын түзеді және өзі де, жолдасы да жұмысқа орналастырылды.

  Жер қатынастары:Ауыл бойынша бас жоспар жасалынуда. Тұрғын үй кезегінде 2 адам, үй салуға жер учаскесін алуға 113 адам кезекте.

Кәсіпкерлік саласы

  Ауыл шаруашылығы жері аумағында 85 шаруа қожалығы тіркеліп, оның 38 шаруа қожалығы жұмыс жасап тұр. 31 мал шаруашылығымен айналысып отыр. Көкөніс өсірумен 15 кәсіпкер, 120 га жердің 98,5 га жеріне бақша дақылдарын, 16,5 га жеріне көкөкніс дақылдарын егіп, жемісін аудан, облыс тұрғындарына сатып, жәрмеңкелер ұйымдастырды.

Егін салумен айналысатын кәсіпкерлер ашық топырақта егілген бақша дақылдары үшін 1 млн 820 мың теңге, тамшылата суару әдісімен егілген дақылдар үшін 3 млн 600 мың теңге субсидиямен көмек алды.

  Ауылда 2 дүкен жұмыс жасайды. Баға тұрақтылығын ұстау бағытында тағам бағаларына апта сайын мониторинг жүргізіліп отырады.

Мәдениет саласы

   Қызылөзен  Мәдениет үйі жылдық жоспар негізінде жұмыстарын атқарып келеді. Халыққа мәдени қызмет көрсетуде заман талабына сай құрал жабдықтармен қамтылған.  «Қызылөзен Мәдениет үйі» 2016 жылға 42 іс-шара өткізіп, 436 көркемөнерпаз қатысып, 3800 көрерменді қамтыды. Аудандық мұражай қызметкерлерімен бірігіп «Абысын тату болса» атты сайыс, Қарттар күніне «Қариясы бар үй-қазына» атты әжелер сайысы өткізілді. Жастармен салауатты өмір салтын насихаттауда «Ауыл кеші көңілді», «Спорт мықты денсаулық» атты шаралар, аудан көлемігнде  «Ауыл мәдениеті-мемлекеттік маңызды іс» атты семинар-кеңес өткізілді. Жасөспірімдермен «Ислам діні-имандылық негізі» атты, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Тұғыры биік-Тәуелсіз Қазақстан» атты мерекелік шара болып өтті.

  «Халықтық» «Ғажайып әлем» қуыршақ театры ауыл, аудан көлемінде өз қойылымдарын қойды. Репертуарында 15 қойылым бар. Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай театр ұжымы  Алғыс хаттармен  марапатталды.

  Осы уақытта Қызылөзен мәдениет үйі бойынша 9 клубтық құрылым жұмыс жасайды. 7 үйірме, 3 ұжымға қатысушылар саны 117 адам.

«Түп-төркінін төрге оздырған» облыстық фестивальге шұбат және қолөнер номинациясы бойынша  Таласбаева Ақсырға және Аққұлова Жұмакүл қатынасып жүлделі 2 орынды иеленді.

  Облыстық «Сырлы әлем»  мүмкіндігі шектеулі жандар арасындағы байқаудан қолөнер номинациясы бойынша Жанғожаева Жамалхан 2 орын, иеленді.Облыстық «Есірткісіз есті әлем» атты байқауында драма ұжымы 3 орын иеленді. Облыстық «Ақкетік Арт Вест» байқауында домбырашылар ұжымы бас жүлдені жеңіп алды. Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай өткізілген аудандық «Жігіт сұлтаны» байқауында Күбірбаев Айдос жүлделі 1 орын иеленді.

Спорт саласы

  Ауыл әкімшілігінде спорт нұсқаушысы жұмыс жасайды. Ауыл жастарын спортқа тартып, аудандық, облыстық жарыстарға қатысып отырады.

Наурыз мерекесіне орай өткізілген ұлттық спорт түрлері жарысында арқан тартудан 2 орын, «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесі» аясында мекемелер мен кәсіпорындар қызметкерлері арасында аудандық волейбол жарысында 3 орын, «23 маусым-мемлекеттік мекеме қызметкерлері күніне» арналған шағын футбол жарысында 2 орынға ие болды. Сонымен қатар,2 ардагер спортшымыз аудан құрама командасы сапында облыстық ардагерлер спартакиадасына қатысып келді.

  Аулымыздың 4 волейболшысы аудан құрамында облыстық волейбол жарысына қатысты.

Сонымен қатар, ауыл жастары 30 тамыз Конституция күніне арналған аудандық футболға қатысты. ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл мерекесі аясында,Форт-Шевченко қаласының 170 жылдығынаарналған ауылішілік волейбол, үстел теннисі, Тұңғыш Президент күніне баскетбол, Тәуеслсіздік мерекесі күніне орай Ұлттық спорт түрлері, волейбол, қазақша күрес жарыстары өткізілді.

Коммуналдық сала

  Ауыл түгел газ отынын пайдаланып отыр. Газ құбырының қауіпсіздігін, жеткізілуін «ҚазТрансГазАймақ» мекемесі қамтамасыз етеді. Тиісті бөлімше құрылымымен халыққа қызмет көрсетуде. Ауылға дейін 6,7 км, ауылішілік 8,7 км газ құбыры тартылған. Тоқтап қалу ақаулығы болған жоқ.

  «Ақбұлақ» бағдарламасына сәйкес ауыл халқы 2011 жылы салынған су тұщыту қондырғысы арқылы ауыз сумен үздіксіз қамтамасыз етіліп келеді.  «Түпқараған су жүйесі» мекемесі тұрғындарға айына 650-700 тонна суды тасып, жеткізуде көлікпен қамтып, техникалық жабдықтау жұмыстарын жүргізеді.

  Ауыл талшықты оптикалық байланыста 128 нүктелік АТС жұмыс жасайды.

  Жеке үйлер, бюджеттік мекемелер, кәсіпкерлер интернетпен жұмыс жасауға толық мүмкіндік алды. Қазір 112 интернет нүктесі қосылған, оның 95 нүктесі пайдалануда. Ауылбойынша 3910 м телефон желісі тартылған.

  Ауыл бойынша электр энергиясымен қамту жақсы жолға қойылған. Ауыл бойынша көшелер түнгі жарықпен қкамтылған. Коммуналдық қызметтерге төлемақылар пошта арқылы төленіп отырады, тұрғындар арасында берешек жоқ. Ауыл бойынша бюджеттік мекемелер қысқы маусымда ақаусыз жұмыс жасап келеді.

  Ауылда Ұлттық телеарнамен 168 үйдің 155 үйіне орнатылған. Бос тұрған үй саны-13. Ұлттық телеарна тарату бойынша 100%.

  Ауыл бойынша тазалық жұмыстарын «Каспий коммуналдық қызметі» ЖШС жүргізіп келді. Ауыл тазалығы  жақсы деңгейде.

Ауыл шаруашылық саласы

  Ауылдың негізгі шаруашылық мекемесі «Қарағантүбек» ЖШС-і болып табылады. Асыл тұқымды қаракөл, Еділбай қойы мен Адай жылқысын өсірумен айналысып отыр. Кәсіпорында жергілікті 28 адам жұмыс жасайды. Қарамағында кеңсе үйі, автогараж, мал сою пункті, 3 қойма, жемшөп цехы, жеміс-жидек сақтайтын нысандары бар. Қазіргі таңда 1570 қой, 77 жылқы бар.

  Көктем, жаз айларында қорадағы малдарды түгел «селекциялық» талдаудан өткізіп, жарамсыздары түгел етке тапсырылып, 84 млн. теңгедей қаражат тапты.

  Мал басын бірдейлендіруден өткізіп, қоғам малына түгел «микрочип» салынды.

  Қысқа 27 тонна құрамы аралас жем, «Ақшоқы» шөп базасында 3500 түк шөп бар.

  Төл алу науқанын 100% көрсеткішпен аяқтады. Болашақта мал басын өсіру көзделуде. Қазіргі уақытта жеке инвестор келуіне байланысты серіктестік жұмысын жаңаша ұйымдастыруда.

  Ауыл бойынша 2 рет иттерді ату жұмысы жүргізіліп, 46 ит атылды.

  Жеке шаруа қожалық иегерлерінің малы мен тұрғындардың мал санағы жылына 2 рет (қаңтар, шілде) айларында жүргізілді.

Мал түрлері

Ауыл бойынша

Шаруа қожалықтары

Барлығы

Салыстырмалы түрде

2017 жыл

2016 жыл

Ірі мүйізді қара мал

186

168

354

322

9% өсім

Қой

2080

3914

5994

5698

5% өсім

Ешкі

876

1922

2798

2267

23% өсім

Жылқы

663

958

1621

1424

14% өсім

Түйе

181

174

355

495

39% өсім

Құс

306

57

249

200

24% өсім

Барлығы

11371

10 406

Қоғамдық тәртіп

  Ауыл бойынша учаскелік полиция жұмыс жасайды. Жеке кабинеті, көлікпен, телефонмен қамтамасыз етілген. Қылмыстың алдын алу мақсатында мектеп оқушылары және ауыл жастарымен сауықтыру жұмыстарын, кездесулерін өткізіп тұрады. Ауыл бойынша полиция есебіне қойылған және жасалған қылмыс болған жоқ. Ұсақ тәртіпсіздіктермен 76 әкімшілік құқық бұзушылық тіркеліп, 60 құқық бұзушыларға айыппұл салынды. Жағдай тұрақты.

  Өткен жылы ауылдан 3 жас әскер қатарына алынды.

  Өткен жылғы есеп беру кездесуінде ұсыныс болған жоқ.


Ақпараттық ресурстар
Қазақстан Республикасының Үкiметi www.government.kz
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі www.primeminister.kz
Қазақстан Республикасының Парламенті www.parlam.kz
ШЖҚ МКК«Түпқараған аудандық орталық аурухана» http://tupkaragan-crb.kz/kz
Ақшұқыр мектеп-лицейі http://akshukurml.kz/
Түпқараған аудандық мәслихатының ресми интернет- ресурсы http://tupkaragan.openproject.kz/
Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық соты http://mng.sud.kz/rus/sub/tupkaragan
"Түпқараған аудандық жастар ресурстық орталығы" КММ http://tupkaragan-zhastar.skom.kz/index.php/kz/