Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Жеке кабинет

Сайын Шапағатов селолық округі әкімінің 2016 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы ақпараты


  Сайын Шапағатов округі әкімшілігінің аппарат құрамы: мемлекеттік қызметкерлер – 2( екі) және техникалық қызметкерлер саны 10  (он) адамды құрайды. Мекеме балансында 1 автокөлік бар. 

Әлеуметтік құрылым бойынша: Статистикалық халық саны - 4005 , өткен жылмен салыстырғанда шамамен 450 адамға артып отыр, тұрғын үй саны – 315 үйге артып, 1539 үйді құрайды. Ардагерлер саны – 42 адам, алтын алқа – 11, күміс алқа иегері саны – 22 адамды құрайды.

  Мемлекеттік қызмет көрсету: Село әкімдігі 3 бағытта мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді. 2016 жылы балабақша кезегіне тіркеу қызметі бойынша – 118 өтініш түсіп, балабақша кезегіне тіркелді. 2016 жылы кезектегі 132бала балабақшаға жаңадан қабылданды.  Қосалқы шаруашылығы болуы туралы анықтама беру қызметі бойынша – 12 өтініш түскен, оның барлығы қанағаттандырылған,  ветеринарлық анықтама беру қызметі бойынша – 9 өтініш түскен, оның барлығы қанағаттандырылған.

Есепті жыл ішінде ауыл әкімінің азаматтарды жеке мәселесі бойынша қабылдауында  338 адам  қабылданып, оның ішінде 245-і ауызша өтінішпен, қалған  133-і  жазбаша өтініш білдіріп, оның 94-ы толықтай қанағаттандырылды, қалған 29-іне түсінік берілді.

  Білім беру саласы бойынша ауылымызда  №1 Жалпы орта  білім беретін мектеп лицейі және «Айналайын» балабақшасы қызмет көрсетеді.

  Бүгінгі таңда мектебімізде 1273 оқушы оқиды.  Сынып саны 63 және 1 арнаулы  сынып бар. 110 мұғалім білім береді. Мектептің материалдық-техникалық базалары  талапқа сай қамтылған, интернет жүйесіне қосылған. Оқулықтар да жеткілікті, әр келген жаңа оқушы да оқулықпен қамтамасыз етіліп отыр. 103 аз қамтылған бала, 152 бірінші сыныптықтар тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілген.

Ауылымыз бойынша аз қамтылған мектеп жасындағы балаларға қайырымдылық акциялары жыл сайын өткізіліп келеді, атап айтқанда 2016 жылы «Мектепке жол», «Жолашар» қайырымдылық акциялары аясында ауқымды шаралар жүйелі түрде өтіп, әлеуметтік жағдайы төмен оқушыларды кәсіпкерлер,  демеуші мекемелер оқу жылының  басында оқу құралдарымен қамтамасыз етті.  Жергілікті бюджеттен 728 мың 500тенге бөлініп, мектептен 97 оқушыға қысқы сырт киімдер алынып берілді.

Мектеп жанындағы «Балдәурен» шағын орталығындағы 75 тәрбиеленушінің заман талабына сай оқып тәрбиеленуіне барлық жағдай жасалған. Шағын орталық тәрбиешілерімен, музыкантпен, хореографпен басқа да педагогтармен толық қамтылған.

2016 жылдың ҰБТ көрсеткіші 84%  құрады, 9 түлек мемлекеттік грантқа ие болды.

Оқушылар тасымалы үшін  жергілікті бюджеттен 18млн 204 мың тенге  қаражат бөлініп,  «Шамуратов» жеке кәсіпкермен  келісім шартқа қол қойылды. Қазіргі таңда 5 автобус бөлініп  720 оқушы тасымалдануда .

  Мектепке дейінгі білім беру мекемелеріміздің  - саны  2, оның ішінде  «Балапан» бағдарламасы аясында ашылған «Айналайын» балабақшасы және мектеп-лицейі жанындағы «Балдаурен» шағын орталығы жұмыс жасайды. Материалдық- техникалық базасы жасақталған, тәрбиеші мамандары толық.

№ 1жалпы білім беретін мектеп-лицейі жанындағы «Балдәурен» шағын орталығы  75 орынға арналған 3 топ жұмыс жасауда.

   Мемлекеттік «Балапан» бағдарламасы аясында 2012 жылы ашылған «Айналайын» балабақшасында 3-6 жас аралығындағы 6 топтан құралған, 140 бала тәрбиеленуде. Тәрбиеленушілердің оқып тәрбиеленуіне жағдай жасалынған. Жаңа технология ретінде «Үш тұғырлы тіл» бағдарламасы енгізілген. Балабақшада  29 педагог еңбек етеді.  

Аудандық, облыстық, республикалық байқауларға белсене қатысып, жүлделі орындармен марапатталды.

Ауылымызда «Серпін» аула клубы ашылды. Үйірмеде домбыра, шахмат, би, ән-терме, тоғызқұмалақ, қол өнер барлығы 6 үйірме жұмыс жасайды.

  Ауылымызда және кітапхана жұмыс жасап тұр, ондағы кітап қоры 11768 мың дана. 

  Денсаулық сақтау саласы бойынша  Сайын Шапағатов ауылдық округі дәрігерлік амбулаториясы тұрғындарға медициналық тұрғыда қызмет көрсетеді. Амбулаторияда 3 жоғары білімді дәрігер, 7 – орта буынды мейірбике, 1 акушер-мейірбике, 1 фельдшер- лаборант қызмет етеді. Сайын дәрігерлік амбулаториясына 4035 адам тіркелген, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар саны - 1879, 1 жасқа дейінгі бала саны – 176. Ана мен бала өлімі тіркелген жоқ. Химизатор (туберкулез ауруымен тіркелген науқастарға дәрі дәрмек беретін) медбике және балалар массажисті жұмыс жасайды. Күндізгі стационарда ем алғандар саны – 127. Жыл бойынша 8335 қабылдау жүргізілген. Диспансерлік есепте 189 ересек адам және 147 бала есепте тұр. Барлығы тегін дәрі дәрмекпен қамтамасыз етілген.  

  Әлеуметтік сала бойынша Сайын Шапағатов селолық округі бойынша  2016 жылдың ішінде барлығы 260 адам әртүрлі  деңгейдегі зейнетақы мен жәрдемақылармен қамтылған, 1,2,3 топ мүгедектері – 52 адам, бала жастан мүгедектер - 16 адам, асыраушысынан айырылғандар – 18 адам, зағиптар - 2 адамды  құрайды.

2016 жылы 1тыл ардагері Ақтау қаласы «Шағала»  шипажайына, 2 – мүгедек зейнеткерге Көкшетау қаласы «Жасыл Бура» шипажайына жолдамалар берілді.

Атаулы әлеуметтік көмекке және балалар жәрдемақысына  2016 жыл бойынша 6 отбасы өтініш білдірді, оның 3-еуі қамтылды. Бір жолғы материалдық көмекке 16 отбасы арыз берді, оның ішінде 7 арыз қанағаттандырылды. 24 асыраушысы жоқ отбасы бар. Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орай 3 ардагер медальмен мараппаталды. Ауылымыздың батыр аналарының  қатары  1алтын, 4 күміс алқамен толықты.

«Жұмыспен қамту -2020» бағдарламалары аясында  Сайын Шапағатов селолық округінен 2016 жылдың ішінде жұмыссыздыққа 54  адам тіркеліп, қазіргі таңда соның  42-сі «Каспий коммуналдық қызмет арқылы, көше тазалығы жұмысына орналасты, ақылы қоғам арқылы 2 адам жұмысқа тартылды. Қалғандары  селолық округке қарасты мекемелерге мамандықтары бойынша әртүрлі жұмысқа орналасты.   

2016 жылыЖұмыспен қамту орталығының жолдауымен 3 түлек №1 мектеп-лицейіне жұмысқа қабылданды. 2 жас түлек селолық амбулаторияға жұмысқа орналастырылды.  Ақылы қоғамдық жұмысына 6 адам, жергілікті әкім аппаратына 1 адам жұмысқа орналастырылды. «Жасыл ел жасақтары» бағдарламасы бойынша жазғы демалыс мерзімінде 12 студент және әлеуметтік жағдайы төмен отбасыдан 6 оқушы 2 ай мерзімге жұмысқа тартылды.

Жер қатынастары саласы бойынша жыл ішінде жеке тұрғын үй құрылысын салуға жер телімін сұраған 469 өтініш  тіркелген, қазіргі уақытта жеке тұрғын үй құрылысын салуға жер кезегінде 11 мыңға жуық адам тұр. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, қажетті инженерлік инфрақұрылыммен жер алқаптары дайын болуына қарай өтініштер кезектілікпен қанағаттандырылатын болады.  Сайын Шапағатов селолық округінің  бас жоспары жасақталып, 2013 жылдың 25 ақпанында Аудандық мәслихаттың №9/66 санды шешімімен бекітілді. Бекітілген бас жоспардағы  жер телімінен кәсіпкерлік мақсатта 1,2 га, жер аумағын кеңейтуге – 0,87 га, өндірістік базаларға  6,5 га жер телімдері берілген. Шығарылған шешімдер саны -200 дана.

Кәсіпкерлік саласы бойынша селолық округімізде 27 кәсіпкерлік нысан бар,  село әкімдігіне тіркелген жеке кәсіпкерлер саны – 63, кәсіпкерлік саласындағы жұмысшылар саны – 78.  2 -жұмыссыз азамат дәнекерлеу мамандығы,  2 -жұмыссыз азамат электромонтер бойынша оқып,  сертификаттарын алды. Ауылымызда 2016 жылы жаңадан 11 кәсіпкерлік нысан ашылды. Оның ішінде 5 нысан қызмет көрсету (газ құю бекеті, 3-шаштараз, 1-көлік жуу орталығы), 6 нысан сауда саттық саласы. Негізгі азық-түлікке баға тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында 2 наубайхана меморандумға отырды. Жыл бойы негізгі азық- түлік түрлерінің бағасына мониторинг жүргізілді, баға қалыпты. 2 кәсіпкер аудандық жәрмеңкеге, 1 кәсіпкер тігінші облыстық көрмеге қатысты. 2- кәсіпкер 8-наурыз Халық аралық әйелдер күніне, Түпқараған ауданы әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Тәуелсіздігіміздің 25-жылдығына орай ұйымдастырылған жәрмеңкеге ауылымыздан 3-кәсіпкер қатысып  «Сапалы ет өнімі» номинациясын ,  «Үздік кондитер» номинациясын, «Үздік сүт өнімдері»  номинациясының жеңімпаздары атанып, ауылымыздың көркейуіне өз үлестерін қосты.

Кәсіпкерлікті қолдау мақсатында «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» Акционерлік қоғамының, «Ұлттық кәсіпкерлер палатасының» және «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының» кеңесшілері мен мамандарынан құралған Мобильді кәсіпкерлікті қолдау орталығы ауылымызға 2016 жылдың наурыз және қыркүйек айларында келіп, «бір терезе» қағидасы бойынша бизнесті мемлекеттік қолдау құралдары бойынша ақпараттық консультациялық және түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Ауыл шаруашылығы саласы ауылда 6 шаруа қожалығы тіркелген. Шаруа қожалықтарында мал басының саны жыл санап өсіп келеді. Жеке сектормен қоса алғанда барлық мал саны: ірі-қара – 148 мал басы, ұсақ мал – 1759 мал басын  құрайды. 

Ұсақ және ірі қара малдарға бірдейлендіру жұмысы жоспарға сай аяқталып, электрондық базаға барлығы 2763 мал басы енгізілді.

    Ауыл шаруашылығын дамыту мақсатында  жеңілдетілген пайызбен 1 кәсіпкер несие алып, ірі қара және жылқы өсіруде.  Жеке қосалқы шаруашылықтар бойынша шаруашылық кітабындағы деректер негізінде электрондық база жасақталды. Ауылшаруашылық тауарлары: сүт өнімдері бойынша 2 кәсіпкер 250 литр шұбат, сонымен қатар сүттен жасалатын өнімдерді жәрмеңкеге шығарды.

  Инженерлік инфрақұрылым және коммуналдық сала бойынша.Селолық округ халыққа қажетті негізгі инженерлік инфрақұрылым құрылыстары бойынша, соның ішінде электр жүйелерімен V кварталына,  газбен толықтай IV кварталына құрылыс жұмыстары жүргізіліп  қамтамасыз етілді. Тоқ, газ, су салалары бойынша «Комуналдық қызмет» МКК мекемесі, «МРЭК» АҚ-ғы мен «Қазтрансгазаймақ» АҚ  халыққа қызмет көрсетуде.Қазіргі таңда  С.Шапағатов селолық округі бойынша 1339 тұрғын үй тоқ көзімен қамтылған.  Былтырғы жылдың қорытындысы бойынша  тасымалданған тоқ көзі 16 млн 200 мың кВт-ты құрайды, 2015 жылмен салыстырғанда 7 млн 52 мың кВт-қа көбірек тасымалданған. 2016-2017 жылдар аралығындағы  жылыту науқанына дайындық  барысында 18 КТП-ға  (сырлау, әрлеу, шаңнан тазарту) жұмыстары жүргізілді.  Дайындық барысында 8 дана -160А, 3 дана -400А және 1 дана-630А автомат, 230 литрге жуық трансформатор майы ауыстырылып, 600 метр жер асты кабель жүйесімен 3 000 метрден астам әуе желісі жаңартылды. С.Шапағатов селосының 4 кварталында көшелерді жарықтандыру шамдарын жағу үшін және тұрғындарды сапалы электр қуатымен қамтамасыз ету мақсатында  «РП –Сайын- Аэропорт» нысанының 3,5 км 10кВ әуе желісімен 1 дана тоқ тарату қондырғысы іске қосылды. Сонымен қатар ауылымызда қолданыстағы РП-10кВ тоқ тарату қондырғысына 2-резервті әуе желісінің құрылысы аяқталды. С.Шапағатов селолық округінің бас жоспарына сәйкес жаңадан көшірілген 6 квартал тұрғындарына арналып тағы да 1 дана РП-10 кВ тоқ тарату қондырғысы қойылды.  Ауыл  көшелерін  жарықтандыру үшін 76 млн 864  мың тенге бөлініп, «Коммуналдық қызмет» МКК арқылы қызмет көрсетілді.

Почта саласы бойынша  Газет - журналдар уақтында келіп, зейнетақылар, төлемдер мезгілінде таратылады. төлем түрлерін төлеу «Қазпочта» АҚ бөлімшесі арқылы жүзеге асырылады.

  2016 жылы «КазСат-3» жерсеріктестік байланысына ауысу бойынша жұмыстар жасалынып, ауылымыз бойынша «Отау ТВ»  қолданушылар саны 1067 абонентке жетті. Санитарлық тазалық бойынша.  Селода тазалық мәселесі ұдайы қадағаланып , әрбір көше , асфальт жол бойына белгіленген тұрақты адамдар өз учаскелері бойынша тазалық жұмыстарын атқарып келеді. Тазалықпен айналысатын «Каспий коммуналдық қызмет» ЖШС-гі  арқылы жүзеге асырылады. Бәсекелестік орталығынан ауыл тұрғындары мен осы аталған мекемемен келісім шарт негізінде жеке  тұрғындардың қоқыстары уақтылы шығарылуда .

Ауылымызда  жаңадан мешіт бой көтеріп, ақпан айының аяғында ашылады деп жоспарлануда. Сонымен қатар абаттандыру жұмыстары бойынша Республикалық және жергілікті бюджеттерден 15млн 700 мың тенге бөлініп, ауылымыздың Ж.Шахшабасов, Н.Есетов,  Б.Мейров, Б.Қарайшық, Ж.Жақауов көшелері бойымен көлемі 3000 м2 болатын  жаяулар жүргінші жолы жасалынды.  Ауылымызда 4  балалар ойнайтын алаң салынып, оған 35млн 559 мың тенге бөлінді. Көшелерді  көгалдандыру және абаттандыру жұмыстары бойынша 885 мың 555 тенге бөлініп, орталық саябаққа 40 тал  отырғызылып, күтіп бапталды. 

    Спорт және денешынықтыру саласы  Ауылда1  ашық футбол алаңы бар.  Ауыл жастары түрлі деңгейдегі спорттық шараларға қатысып, жүлделі орындарға ие болып жүр. 1- маусым Балалар күнінен орай спорттық шараға 17 оқушы қатыстырылды. «Астана күні» мерекесіне орай «Ауыл әкімінің кубогы-2016» атты селоішілік кіші футболдан жарыс өткізіліп, жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды. Спортшылардың жаттығулары үшін селодағы мектептің спорт залы кешкі мезгілдерде пайдалануға беріледі.

  Әскери есеп

2016 жылы 70 әскери міндеттілер әскерге шақырылды, оның ішінде 11азамат  әскери борышын өтеп жатыр.

   Қоғамдық тәртіп пен  қылмыс.  Сайын Шапағатов селолық округі  аумағында осы жылы 17 қылмыстық оқиға және 208 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелген. Түпқараған ауданының ішкі істері бөлімінің бұйрығымен «Аймақ» жедел профилактикалық және басқа да шаралар  өткізілді. Ауылымызда жағдай тұрақты.


Ақпараттық ресурстар
Қазақстан Республикасының Үкiметi www.government.kz
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі www.primeminister.kz
Қазақстан Республикасының Парламенті www.parlam.kz
ШЖҚ МКК«Түпқараған аудандық орталық аурухана» http://tupkaragan-crb.kz/kz
Ақшұқыр мектеп-лицейі http://akshukurml.kz/
Түпқараған аудандық мәслихатының ресми интернет- ресурсы http://tupkaragan.openproject.kz/
Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық соты http://mng.sud.kz/rus/sub/tupkaragan
"Түпқараған аудандық жастар ресурстық орталығы" КММ http://tupkaragan-zhastar.skom.kz/index.php/kz/