Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Жеке кабинет

Таушық ауылы әкімінің 2016 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы ақпараты


  
  Таушық ауылы бойынша халық саны жылдан жылға өсіп
көбеюде. Бүгінгі статистикалық есеп бойынша ауылдағы тұрғындар саны 2835 - ке  жетті.  2015 жылы 22 некеге отыру рәсімі
тіркеліп, 113 сәби дүниеге келсе,2016 жылы 23 некеге отыру, 92 сәби дүниеге
келді. «Алтын» алқа иегері 49 және «Күміс» алқа иегері 56.
  Мемлекеттік
қызмет көрсету:
   -мемлекеттік қызметтің 5 түрі
көрсетіледі:балабақша кезегіне тіркеу; ауыл шаруашылығы жануарларын
бірдейлендірудің есебін жүргізу; ветеринарлық 
анықтамаларды беру; жеке қосалқы шаруашылық туралы анықтамалар беру; нысаналы
мақсаты өзгерген жер теліміне шешім шығару.
  2016 жылдың қорытындысы бойынша 209 бала
балабақша кезегіне тіркеліп, 4990 бас мал бірдейлендіріліп, 57 бас малға  ветеринарлық анықтама берілді.
Білім беру саласы. Ауылда орта білім беретін бір
мектеп-Шахта орта мектебі 2015 –
2016 оқу жылын 672 оқушымен бастады. 
 
Мектепте 33 сынып комплексі бар, барлығы 57 мұғалім дәріс береді. Мектеп
кадрлармен толық қамтылған.2016 жылы 27 мұғалім біліктілігін арттырды.
 
Ыстық тамақпен 151 оқушы қамтылған.
  Жыл
ішінде «Мектепке жол», «Қамқорлық» акциялары өткізіліп, 77 оқушы мектеп формасымен
қамтамасыз етілді. Мектептін материалдық-техникалық базасын дамыту мақсатында
ұлдар және қыздар технология кабинеттеріне НКОК компаниясының көмегімен
ағымдағы жылдың бірінші шілдесінде 4872400 теңге көлеміндегі қаражатқа екі
технология кабинеті алынды.
 
2015-2016 оқу жылында Шахта орта мектебінде мектеп бітіруші 17 түлек
болды, оның 12-сі ҰБТ-ға барды, қалған 5-еуі мектептен мемлекеттік емтихан
тапсырды. ҰБТ сынағына қатысқан 12 оқушының орта ұпайы 86,6 % болды.  
  «Айгүл» балабақшасында қазіргі таңда 100
бүлдіршін тәрбиеленуде. 43 қызметкер жұмыс жасайды.  Балабақша кезегінде 209 арыз тіркелген. Маусым
айында 45 бала балабақшаға қабылданды. 
  Денсаулық саласы бойынша ауылдық емханада 3 жоғары
білімдідәрігер, 8 мейірбике қызмет
көрсетеді. 
  2016
жылдың 12 айы бойынша барлығы 104 жүкті әйел есепке алынып, 92 жүкті әйел
босанып, 92- сәби өмірге келді. Ана өлімі 
болған жоқ. Жаңа туған балалар тегін ана мен бала қобдишаларымен, сүт
тағамымен қамтамасыз етіліп отырады. Жыл бойы әр – түрлі аурулармен
диспансерлік есепте тұрған науқастарға тегін дәрі – дәрмектер таратылып отырды.
  Әр
ай сайын мекеменің УАЗ автокөлігімен мал ауылдар араланып, онда тұратын
малшы  отбасыларына дәрі – дәрмектер
таратылып, екпе жұмыстары жүргізіліп отырылды. 545-тен аса  адам күндізгі емханада жатып, тегін ем алып
шықты.
  Биыл
емханаға жаңа УАЗ жедел-жәрдем автокөлігі, жаңа ЭКГ аппараты, жаңа
анализатормен, энергия көзін үздіксіз қамтамасыз ету үшін жаңа генератор
алынды.  
  Әлеуметтік сала.  
 
Жұмыспен қамту бағдарламасы аясында: «Бозашы Оперейтинг ЛТД» компаниясының
1 жылдық жұмысында - 2 адам; әлеуметтік жұмыс орындарында 23 адам; жастар
іс-тәжірибесінде - 17 адам, 6-айлық ақылы қоғамдық жұмыста 9 адам,  ЖШС «Каспий» комуналдық қызметіне 19 адам- барлығы
70 адам жұмыспен қамтылды.
  «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы аясында жаяу
жүргіншілерге арналған 1 шақырым жол салынып, абаттандырылды және «Айгүл»
балабақшасына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Соның нәтижесінде 6  адам жұмысқа тартылды.  «Жұмыспен қамту-2020»
қамту-2020» бағдарламасы аясында ауыл тұрғыны Боранкулова Маржан автокөлік
жуатын, автокөлік жөндейтін шеберхана, шайхана, автобөлшектер сататын дүкен
құрылысын салу үшін 3 миллион теңге, Әбдиев Наурыз автошеберхана құрылысын салу
үшін 3 миллион теңге  көлемінде несие
алды.  
  Жер қатынастары бойынша.  Таушық ауылында 2007 жылдан бері  жеке тұрғын үй салу үшін 528 өтініш тіркелді.Тұрғын
үй салуға жер телімін беру кезегін азайту мақсатында 465 тұрғын үйге
ықшамдалған  бас жоспар жасақталды.
Қосымша 500 тұрғын үйге ықшамдалған бас жоспар бекітілді. Бүгінгі таңда тұрғын
үйге жер беру мәселесі тоқтап тұр. Себебі, жер телімдеріне электр энергиясы
толық тартылғанмен, газ желісі толықтай  тартылған жоқ.  
   Кәсіпкерлік саласы бойынша
саласы бойынша ауылда  «Өркен» тігін шеберханасы және 17 –сауда нүктесі қызмет көрсетеді.
Биыл ашылған «Ақберен» және «Дидар» сауда орындары халық сұранысына ие.
«Кездесу» жерінде орналасқан 
«Казмунайгаз» АҚ  газдың тұрақты
бағасын- 27 теңгеден сатып келеді. Баға тұрақтылығын ұстау мақсатында тағам
және газ  бағаларына күн сайын мониторинг
жүргізіліп отырады. Азық – түлік бағасы тұрғындарға қол жетімді бағамен
сатылуда.
  Ауыл
орталығында кәсіпкерлік мақсатта ашылған 
жиһаз цехы, жүн өндіру цехы, шаштараз 
халық игілігі үшін жұмысын жасауда.
   Ауыл ішіндегі бұралқы 135 бас иттер жыл
ішінде ауланып, атылды.
   Мәдениет үйі
үйі жылдық жоспарға сәйкес  23
 шара өткізді.  Жыл ішінде 8 наурыз – Халықаралық әйелдер
күніне арналған «Арулар асыл жандар», ауыл тұрғындарына арналған Наурыз
мерекесінде «Сырлы жеңге, сұлу қыз» байқаулары көрермендер көңілінен шықты. 1-қазан  Қарттар күніне
күніне орай  ауыл қарттарына
мерекелік шаралар өткізе отырып, қарттардың қатысуымен спорттық шара
(тоғызқұмалақ) өткізілді,соңы мерекелік концертке ұласып, дастархан жайылды.
Қазақстан Республикасының 25 жылдығына орай 
«Халық бірлігі- Тәуелсіздік
негізі» атты дөңгелек үстел және де
«Тәуелсіздік- елімнің ерлік жолы» атты концерт өткізілді. Маңғыстау ауданының
орталығы Таушық ауылынан Шетпе селосына көшкеніне 50 жыл толу мерей той аясында
мәдени шара өткізілді.
  «Ұлы дала елі- 25 жылдың негізі» іс-шара жоспары аясында
кемеңгер жазушы Әбіш Кекілбаевты еске алуға арналған мәдени шара 6 желтоқсан
күні Таушық ауылында өзі білім алған Шахта орта мектебінде өткізілді. Шараға
Әбіш ағаның көзін көрген ауыл ардагерлері, ағайын-тумаластары, ардагер-ұстаздар
және оқушылар қатысты.
  Ауылдық  кітапханада 11000  дәне кітап қоры бар, оқырман саны- 504.Кітапханада оқырмандар саны жылдан-
жылға арта түсуде. Кітап мерекесіне арналған «Мен болашақ оқырманмын» атты
мектеп оқушыларымен оқырмандар сайысы да өз дәрежесінде өтті.
    Ауылшаруашылық
саласы бойынша ауылда «Таушық ауыл шаруашылығы» ЖШС қызмет атқарады.
   Құрамында 175 – тен астам жұмысшы қызмет
жасайды.
 
Шұбат өңдеу цехында 5 - қызметкер жұмыс 
жасайды.  Кәзіргі уақытта шұбат
цехынан шұбаттар арнайы құтыға құйылып сатылады.  
   Наубайханада 1 – сортты ұннан пісірілген
нанның бағасы тұрақты 70 теңгеден сатылып келеді.
  «Таушық
ауыл шаруашылығы» ЖШС балансында тұрған ардагерлер үйі ауылдық әкімшілік балансына
берілді.
  Бір
апталық семинар ұйымдастырылып, ауыл тұрғындарына түйе және жылқы шаруашылығы
саласы бойынша сертификаттар табыс етілді.
  Бірдейлендіру жұмыстары бойынша 700 бас
мал бірдейлендіріліп, электрондық базаға 100 пайыз енгізілді. Ауылдағы барлық
шаруа қожалықтары мен жекелеген тұрғындарға жылқы малын электронды түрде
бірдейлендіру әдісі(чип) жөнінде түсінік жұмыстары жүргізілді. Мал өлекселерін
залалсыздандыру үшін полигон жерінен орын бөлінді. Сол орынға апарып, өртеп
жіберу керек. Бұл жөнінде ветеринария қызметкерлері түсінік жұмыстарын
жүргізуде.
  Салық базасы бойынша жер, мүлік, көлік
салықтары уақытында жиналды. Тіркелген кәсіпкерлердің уақытылы патент алуын,
шаруа қожалықтарының салықтарын уақытылы жиналуы қадағаланып отырылады. Қадағалап
отыру үшін әкімшіліктен арнайы маман бөлінді.
  Пошта саласы бойынша газет- журналдар
уақытында келіп,  зейнетақылар, төлемдер
мезгілінде таратылады. Барлық төлем түрлерін төлеу  «Казпочта» АҚ бөлімшесі арқылы жүзеге
асырылып келеді. Терминал жұмыс жасап тұр. Халық қолындағы карточкамен
қолма-қол ақша алуды жүзеге асырып келеді. 2016 жылға баспасөзге жазылу бойынша
жоспар 100 пайыз  орындалды.
  Ұлы
Отан соғысының тыл және еңбек ардагерлерінің 64-іне демеушілік көмекпен
жергілікті газеттерге тегін жаздырылды.
  Байланыс  жүйесі 
бойынша  ауыл байланысы цифрлі эфирлік
байланысқа көшірілді. Ауыл  бойынша 500-
нүктелік АТС орнатылған. «Қазақтелеком» және «КазТрансКом» мекемесі арқылы
интернетке қосылу мәселесі шешілді. Жеке үйлер, бюджеттік мекемелер,
кәсіпкерлер интернетпен  жұмыс жасауға
толық мүмкіндік алды. Ауылда ұялы байланыс үздіксіз жұмыс жасауда. КазСат-3
желісіне тұрғындар 100 пайыз қосылды.
  Электр жүйесі бойынша
жүйесі бойынша Тұрғындарға электр энергиясын таратуда жыл ішінде ешқандай
үзіліс болған жоқ. Кейбір трансформаторларға жөндеу жұмыстары жүргізіліп,
ескірген электр бағаналары жаңартылды.  Нұрбаулы,
Қ.Жұбайұлы, Т.Қағазов, С.Әбдірахманов, А.Тілеуұлы, Т.Балтабасұлы, Ардагерлер
көшелері түнгі жарықпен қамтамасыз етілген. Түнгі көше жарықтары толықтай
электр энергиясын үнемдейтін жарық шамдарына ауыстырылды.
  «Түпқараған су жүйесі» МКК қарасты
Таушық су бөлімшесінде 7 адам жұмыс жасайды. «Ақбұлақ» бағдарламасы аясында ауыл 100 пайыз орталықтандырылған  су құбырына қосылды. Қазіргі таңда ауыз судың
1 текше метрі халыққа 30 теңгемен беріліп отыр. Халық ауыз суды үздіксіз
пайдаланып келеді.
  Санитарлық тазалық бойынша. Ауылда
тазалық мәселесі ұдайы қадағаланып, әрбір көше, асфальт жол бойына белгіленген
тұрақты адамдар өз учаскелері бойынша тазалық жұмыстарын атқарып келеді.
Қордаланған  қоқыс ауылдан 6 шақырым
жердегі  қатты қалдықтарды сақтайтын
жерге өндірістік мекемелерден шақырылған техникалардың көмегімен төгіледі.
Көктемгі 2 айлық сенбілікке мекеме қызметкерлері, ауыл жастары бір ауыздан ат
салысып, 100 тоннадан астам қоқыс шығарылды.  «Таза
аймақ» акциясы аясында  Нұрбаулы Тұмсық шағын ауданында тау қуысында
бұрыннан төгіліп, қордаланған қоқыстарды «ҚаражанбасМұнай» АҚ  техника алдыру арқылы тазартылды. Жер
қойнауын пайдаланатын  «Карьер тау» ЖШС
техникалар алдыру арқылы Қ.Жұбайұлы көшесіне 270 метр қатқыл табанды жол
салынды. Ардагерлер көшесіндегі су жиналатын жерді тегістеу мақсатында 25
машина топырақ төгіліп, тегістелді. 


  Көгалдандыру бойынша берілген 5 жер
орынды күтіп-баптау үшін 2 жұмысшы жұмысқа тартылды. Ұлы Жеңістің 71 жылдық
мерекесіне орай 2016 жылы орталық саябақтағы аллеяның жан-жағына гүл шоқтары
отырғызылды. Ауыл ішіндегі 3 балалар алаңы заман талабына сай жасақталған.
   Денсаулық кепілі – спорт.  
  Спорт
кешенінде ауыл жастарын  салауатты өмір
салтын қалыптастыру мақсатында кіші футбол, волейбол, кикбоксинг,қазақша күрес,
үстел теннисі  үйірмелер жұмыс жасауда.
Аптаның бес күнінде кешкі сағат 18:00-ден 21:30-ға  дейін ауыл жастары спортпен шұғылданады. Жастарды
спортқа баулып, Халықаралық турнирлерден үнемі жеңіспен оралуда.Атап айтсақ:
кикбоксинг үйірмесінің тұрақты жаттығушысы Сағатов Жалғас Қабиұлы Ирландия
мемлекеті,Дублин қаласында кикбоксингтен өткен әлем чемпионатында II дәрежелі
орынды иеленіп,күміс алқаға ие болды.Сонымен қатар Ресей Федерациясының
Санкт-Петербург қаласында  кикбоксингтен
ересектер және жасөспірімдер арасында «19- Кубок Петра»  халықаралық турнирінде II орынды 2 спортшы
Мұхтархан Доғдырбайұлы мен Берекет Құлқашов еншілеп қайтты. Осындай республика
көлемінде өткен ірі жарыстарда спортшыларымыз үнемі жүлделі орындармен оралуда.
  2016
жылдың желтоқсан айының 16-18 күндері аралығында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің
25 жылдық мерей той аясында жас жеткіншектер арасында кикбоксингтен Маңғыстау
облыстық біріншілігі өтті.
  Ауылда
имандылық жұмыстары да жақсы жолға қойылған . Қасиетті Рамазан айында Таушық тұрғындарының ат салысуымен  «Ержан-Хазірет» мешітінде
мешітінде ауыз ашар беріліп, жағдайы төмен отбасыларға пітір садақалар
берілді. Қасиетті Қадір түнінде мешіт имамы,ауыл ақсақақалдары ауыл жастарын
имандылыққа тәрбиелеу мақсатында көптеген өнегелі уағыздар айтылып, жастарды
адамгершілікке шақырды.
 
Пайғамбарымыз Мұхаммед с.с туылған күні – Мәуліт мерекесі қарсаңында «Ержан-Хазірет» мешітінің ұйымдастырумен
спорттық шаралар өткізіліп,аз қамтылған отбасыларға қаржылай және азық-түлікпен
көмек көрсетіп, ауыл тұрғындарына мерекелік дастархан жайылды.
Әскери
есеп.
  Есепті
кезеңде  50 азаматқа әскер қатарына
шақыруы таратылды. Оның  2-еуі әскери
қызметін өтеуге аттанды.
  Қоғамдық тәртіп үнемі басты назарда.
Ауылдық учаскелік инспекторлардың 
мектеппен тығыз байланыста болып, жасөспірімдер арасында қылмыс болдырмау
мақсатында өткізілген шаралары өз нәтижесін беруде. Жыл бойына жасөспірімдер
арасында құқық бұзушылық тіркелген жоқ.Ересектер арасында болған 3 бұзақылық,
1  ұрлық сияқты ақпараттар Түпқараған
аудандық ішкі істер бөлімінің тергеу тобына жолданды.
  Форт-Шевченко қаласының 170- жылдық
мерейтойына Таушық ауылы тұрғындары бір ауыздан атсалысып, қала ішіне
абаттандыру жұмыстарын жүргізді.
 
Есепті
кезеңде Таушық ауылының тұрғыны, Н.Пирогов атындағы медальдың иегері,Ұлы Отан
Соғысы кезінде мейірбике болған,марқұм Тышқанбаева Мөріш Асқарқызына
Мөріш Асқарқызына Таушық ауылы, 1 кварталдан көше атағы берілді.
  Таушық
ауылының тұрғыны, ардагер-ұстаз М.Сегізбаевқа «Түпқараған ауданының Құрметті азаматы»
азаматы» атағы тапсырылды. «Үздік еңбек адамы»

еңбек адамы» номинациясын ауыл тұрғыны С.Мұқанов жеңіп алды.
         


Ақпараттық ресурстар
Қазақстан Республикасының Үкiметi www.government.kz
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі www.primeminister.kz
Қазақстан Республикасының Парламенті www.parlam.kz
ШЖҚ МКК«Түпқараған аудандық орталық аурухана» http://tupkaragan-crb.kz/kz
Ақшұқыр мектеп-лицейі http://akshukurml.kz/
Түпқараған аудандық мәслихатының ресми интернет- ресурсы http://tupkaragan.openproject.kz/
Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық соты http://mng.sud.kz/rus/sub/tupkaragan
"Түпқараған аудандық жастар ресурстық орталығы" КММ http://tupkaragan-zhastar.skom.kz/index.php/kz/