«Түпқараған аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік меншіктегі жер учаскелерін жеке меншікке сауда-саттықта (аукциондарда) сатуға аукцион жариялайды.
Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Жеке кабинет

«Түпқараған аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік меншіктегі жер учаскелерін жеке меншікке сауда-саттықта (аукциондарда) сатуға аукцион жариялайды.


«Түпқараған аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік меншіктегі жер учаскелерін жеке меншікке сауда-саттықта (аукциондарда) сатуға аукцион жариялайды.

Жеке меншікке ұсынылатын жер учаскелерінің тізімі

Жер учаскесінің орналасқан жері

Жер учаскесінің нысаналы мақсаты

Көлемі (га)

Берілетін құқық түрі

Бастапқы баға (теңге)

Жыл сайынғы жер салығы (теңге)

Сауда-саттық объектісінің ең төменгі бағасының 5% немесе 50 айлық есептік көрсеткіш көлеміндегі кеплдік жарна еңге)

1.

Форт-Шевченко қаласы

Кәсіпкерлік нысан құрылысын салу үшін

0,1

Жеке меншік

938000

10860

113450

2.

С.Шапағатов ауылдық округі

Кәсіпкерлік нысан құрылысын салу үшін

1,0

Жеке меншік

20020000

7200

1001000

3.

Таушық ауылы

Кәсіпкерлік нысан құрылысын салу үшін

0,1

Жеке меншік

203000

720

113450

4.

Ақшұқыр ауылы

Кәсіпкерлік нысан құрылысын салу үшін

0,1

Жеке меншік

2262000

720

113450

1.  Аукционға жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалар қатыса алады.

2.  Аукционға ұсынылып отырған жер учаскелерін тиімді және жер заңнамаларының талаптарына сай пайдалану міндеттеледі.

3.  Аукцион ағылшындық әдіспен жүргізіледі.

4.  Аукционға қатысушы ретінде тіркелу үшін:

1)  мәліметтер түріндегі жер учаскесіне меншік құқығын(жалдау) сату жөніндегі аукционға қатысуға өтінім;

2)  сауда-саттыққа қатысушы кепілдік жарнаны «электрондық үкімет» төлем шлюзы арқылы төлеген жағдайды қоспағанда, кепілдік жарна енгізілгенін растайтын төлем құжаты;

3)  өкілдің өкілеттіліктерін растайтын құжат.

 Көшірмелердің дұрыстығын растау үшін салыстырып тексеру үшін түп нұсқалар ұсынылады.

Шетелдіктер немесе шетелдік заңды тұлғалар қазақ және (немесе) орыс тілдерінде нотариалды куәландырылған аудармасы бар шетелдік паспорттың немесе құрылтай құжаттарының нотариалды расталған көшірмелерін ұсынады.

Шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдар және шетелдік заңды тұлғалардың құжаттары, егер сауда-саттыққа шығарылатын объектілер Жер кодексіне сәйкес осы тұлғалардың жеке меншік құқығында немесе жалдау құқығында болу қарастырылған жағдайда, сауда-саттыққа қатысушы ретінде тіркелу үшін қабылданады.

5.  Аукционға қатысу туралы өтінімдер бұқаралық ақпарат құралдарында хабарлама шыққан күннен бастап 2017 жылғы 21 маусым сағат 15:00 ге дейін қабылданады. Мекен-жайы: Түпқараған ауданы, Форт-Шевченко қаласы, Н.Оңғалбайұлы көшесі, №2 ғимараты.

6.  Аукцион 2017 жылғы 22 маусым күні сағат 15:00 де Түпқараған ауданы, Форт-Шевченко қаласы, Н.Оңғалбайұлы көшесі, №2 ғимаратында өткізіледі.

7.  Аукционға қатысты барлық сұрақтарға жауаптар мен кеңесті Түпқараған аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінен алуға болады.

Мекен-жайы: Түпқараған ауданы, Форт-Шевченко қаласы, Оңғалбайұлы көшесі, №2 ғимараты, тел: 8(72938) 2-25-88.

Аукционға қатысу үшін кепілдік жарна сауда-саттық объектісінің бастапқы бағасының бес пайызын құрайды, бірақ елу айлық есептік көрсеткіштен кем болмауы керек. Бұл ретте, кепілдік жарна сауда-саттық объектілерінің әрқайсысы бойынша бөлек енгізіледі.

«Түпқараған аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ депозиттік есебіне  БСК  KKMFKZ2A,  ЖСК  KZ240705034862752001,  БСН  160640008137  салынады.

  АУКЦИОНДЫ ӨТКІЗУ ШАРТЫ:

Сауданың ағылшын тәсілі. Аукционист нысанның бастапқы бағасын және өсіп отыру қадамын хабарлайды, өзгеріс қадамы нысанның ағымдағы бағасының 5-тен 10-ға дейін пайызын құрайды. Сауда қатысушының нөміру көтерілумен бастапқы баға көтеріледі, бірақ хабарландырылған қадамнан артық емес. Аукционист нысан бойынша сауда қатысатындардың нөмірлерін хабарлайды, бағаны бекітеді және оны көтеруге ұсыныс жасайды. Нысан бойынша сауда ең жоғарғы ұсынылған бағаға дейін жүргізіледі. Аукционист нысан үшін ең жоғарғы баға ұсынған қатысушыны хабарлайды. Аукционист нысанның соңғы бағасын үш рет қайталайды және басқа көтерілген нөмірлер болмаған жағдайда балғаның соғылуымен осы нысанның сатылғандығын хабарлайды. Сауда-саттық жеңімпазы анықталғаннан кейін сатушы сауда-саттықөткізу рәсімдерін, сондай-ақ сатып алу-сату шартын жасасу және оның талаптарын орындау жөніндегі  тиісті міндеттерді орындамаған жағдайда, сатушы сауда-саттықта осы объект үшін шамасына қарай екінші баға берген қатысушыға (екінші сатып алушы) объектіні сатып алу құқығын береді;

Нысан бойынша саудалар нысан бойынша саудаға қатысушылардың саны 2-ден кем болмаған жағдайда өтті деп саналады.

ТӨЛЕМНІҢ ТҮРІ МЕН ШАРТЫ:

Аванстықтөлем аукцион барысында бекітілген бағаның 50%пайызы көлемінде енгізіледі, сатып алу-сату шартына қол қойылғаннан кейін бес банктік күн мерзімінен кешіктірілмей төленеді. Кепілдік салым тиесілі аванстық төлем есебінен саналады. Қалған сомма сатып алу-сату шартына қол қойылғаннан бастап 30 күнтізбелік күннен кешіктірілмей енгізілуі керек.

Сатушы кепілдік жарнаны мынадай жағдайларда:

1)  қатысушыларды тіркеу мерзімі аяқталғаннан кейін аукционға қатысудан бас тартса;

2)  аукционның нәтижелері туралы хаттамаға қол қоюдан бас тартса,аукционға қатысу кезінде жер учаскесіне құқығын сатуға жарияланған шартпен, аукционның нәтижелері туралы хаттамаға сәйкес сатып алу-сату шартын жасасудан;

3)  Сатып алу-сату шарты бойынша міндеттемелерді орындаудан бас тартқанда қайтарылмайды.

Басқа жағдайлардың барлығында кепілдік жарналар осы қатысушының деректемелері көрсетілген, кепілдік жарнаны қайтару туралы өтініш берген күннен бастап бес банктік күннен аспайтын мерзімде қайтарылады.

ЖЕР УЧАСКЕЛЕРІН САТУ ШАРТТАРЫ ЖӘНЕ АУЫРТПАЛЫҚТАР(ШЕКТЕУЛЕР) ТІЗІЛІМІ:

Сатып алушы: аукцион өткізілетін күні оның нәтижелері туралы хаттамаға қол қоюға, «Түпқараған аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесімен ауыл, ауылдық округ әкімдігінің тиісті қаулысы қабылданған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде жер учаскесіне сатып алу-сату шартын жасасуға және ол бойынша міндеттерді орындауға, игерілу шарттары туралы шартты жасасуға, жер учаскесін оның нысаналы мақсатына сай пайдалануға, қажет болған жағдайда, мүдделі тұлғаларға жер учаскесін шектеулі пайдалану құқығын(сервитут) беруге, уақытылы жер салығын енгізуге міндетті.

«Түпқараған аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі.


Ақпараттық ресурстар
Қазақстан Республикасының Үкiметi www.government.kz
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі www.primeminister.kz
Қазақстан Республикасының Парламенті www.parlam.kz
ШЖҚ МКК«Түпқараған аудандық орталық аурухана» http://tupkaragan-crb.kz/kz
Ақшұқыр мектеп-лицейі http://akshukurml.kz/
Түпқараған аудандық мәслихатының ресми интернет- ресурсы http://tupkaragan.openproject.kz/
Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық соты http://mng.sud.kz/rus/sub/tupkaragan
"Түпқараған аудандық жастар ресурстық орталығы" КММ http://tupkaragan-zhastar.skom.kz/index.php/kz/