Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Жеке кабинет

Басты мақсат — мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру


Басты мақсат — мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру — мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев биылғы Жолдауында мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыруға ерекше мән берген. Бұл жөнінде маңызды құжатта: «Мемлекеттік қызметтер көрсету үдерісі мейлінше оңтайландырылуға тиіс. Құжаттардың мерзімі мен тізбесін қысқартып,  қайталанатын рәсімдерді жою керек.Бұл орайда адамның өзінің баруын қажетсінбейтін толық электрондық форматқа көшіру керек, деп нақты бағытымызды айқындап берді.

Өйткені, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер адам баласының дүниеге келгенін тіркеуден бастап, жеке куәлік беру, некеге тұруын тіркеу, мектепке дейінгі ұйымдарға балаларын кезекке қою, тіпті дүниеден озғанын тіркеуге дейін, яғни азамат өмірінің барлық саласы мен кезеңдерін қамтиды. Халық күнделікті өмірде мемлекеттік көрсетілетін қызметтермен жиі кездеседі.

Ал, мемлекетттік қызмет көрсетудің түрін адамның өзі баруын қажетсінбейтін электронды форматқа көшіруі ең біріншіден қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі бағыттарының бірі болып табылады.

Халық үшін мұндай форматқа көшу өте қолайлы әрі тиімді болып келеді.

Себебі, үйде немесе жұмыс орнында отырып-ақ, қажетті құжаттарын жинақтаса, мемлекеттік органдардың есігін ашпай-ақ қажетті қызметтерін алып отырса, өз уақыттарын және қаражаттарын үнемдейтіндігі сөзсіз.

Ауылдық елді мекендердегі азаматтардың жергілікті атқарушы органдарға жүгінетін қызметтер түрінің басым көпшілігі әлеуметтік маңызы бар және Жер қатынастары салаларына қатысты қызметтер болып табылады.

Жоғарыда аталған салалардағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің Стандарттарында  қызмет алушылар өтінішті қызмет беруші, Мемлекеттік корпорацияға немесе "электрондық үкімет" веб-порталына баламалы түрде тапсыруға құқылы екендігі көзделген.

Осыған орай, аудан әкімі аппараты қызмет алушыларды мемлекетттік қызмет көрсетудің түрін адамның өзі баруын қажетсінбейтін электронды форматта алуына және электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦП) қолдануға шақырады.

  Сұрақтар бойынша мына телефон арқылы хабарласуға болады: 87293822290


Ақпараттық ресурстар
Қазақстан Республикасының Үкiметi www.government.kz
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі www.primeminister.kz
Қазақстан Республикасының Парламенті www.parlam.kz
ШЖҚ МКК«Түпқараған аудандық орталық аурухана» http://tupkaragan-crb.kz/kz
Ақшұқыр мектеп-лицейі http://akshukurml.kz/
Түпқараған аудандық мәслихатының ресми интернет- ресурсы http://tupkaragan.openproject.kz/
Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық соты http://mng.sud.kz/rus/sub/tupkaragan
"Түпқараған аудандық жастар ресурстық орталығы" КММ http://tupkaragan-zhastar.skom.kz/index.php/kz/