Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Жеке кабинет

Баутин ауылы әкімінің 2017 жылғы әлеуметтік – экономикалық даму қорытындылары және іс- қимыл жоспарының орындалысы туралы есебі.


Баутин ауылы әкімі аппараты

Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру бағыты бойынша

Баутин ауылы әкімі аппаратының жасаған

қызметі туралы ақпарат.

Дайындаған: Баутин ауылы әкімі – Д.О.Меңдіханов

Қаңтар, 2018 жыл

Баутин ауылы әкімінің 2017 жылғы әлеуметтік – экономикалық даму қорытындылары және іс- қимыл жоспарының орындалысы туралы есебі.

  Ауыл әкімінің аппараты 2017 жылғы жұмысын Елбасының «Қазақстан - 2050» стратегиялық  бағдарламасы, облыстық және аудандық әкімдіктердің іс-қимыл жоспарын және тапсырмаларын басшылыққа ала отырып жүзеге асырады.

Аппарат құрамы:

  Баутин ауылы әкімі аппаратында - 4 мемлекеттік қызметкер, 4 әлеуметтік қызметкер, 6 - өзге қызметкерлер бар.

1.  Елді мекен туралы ақпарат:

  Баутин ауылындағы соңғы санақ қорытындысымен 829 тұрғын үйде 4554 (төрт мың бес жүз елу төрт) тұрғын тұрады. Оның ішінде 55 (елу бес) «Алтын алқа» иегері және 51 (елу бір) «Күміс алқа» иегерлері, 30 тыл ардагері және 70 жастан асқан қарттар саны - 38, 3 – жалғызбасты зейнеткер тұрады. Ауыл бойынша мүгедектер саны –147 , оның І топта-6, ІІ топта -99, ІІІ топта –42 , даму мүмкіндігі шектеулі балалар саны -33.

«Алтын алқа» иегері

«Күміс алқа» иегері

Тыл ардагерлері

Жалғыз бастылар

70 жастан асқан қарттар саны

Мүгедектер саны

Даму мүмкіндігі шектеулі балалар саны

55

51

30

3

38

147

33

 

Белсенді халық саны -2721. Ауылда  52 бизнес объектілері бар.  Олар: 3 (үш) – шаштараз, 2 (екі) – мейрамхана, 1 (бір) – кафе, 34 (отыз) – азық-түлік дүкені, 3 (үш) автокөлік жуу орталығы, 7 (жеті) қонақ үй, 1 (бір) – наубайхана, 1/бір/ монша бар .  Ауылымызда Маңғыстау облысы Түпқараған  гуманитарлық -техникалық колледжі, М.Горький мектеп-лицейі, Ж.Мыңбаев мектеп-гимназиясы, «Ақбота», «Ер Төстік» балабақшалары, ауылдық дәрігерлік пункт және Аташ елді мекенінде орталық кітапхана халыққа қызмет көрсетуде.

2.Халықтың өсу динамикасы:

  2016 жылы  32 жас шаңырақ көтерсе, 2017 жылы жыл басынан бері 57 жас шаңырақ бой көтеріп, 2016 жылы 133 бала дүниеге келсе, биыл 110 бала дүниеге келді.

3.Денсаулық саласы:

  Ауыл бойынша тұрғындарға  Баутин фельдшер-акушерлік пункті қызмет көрсетеді. Аталған ұйымда -  3 дәрігер, 4 мейірбике жұмыс жасайды. Екпе жұмыстары уақытылы жүргізіледі. Жүктілікпен 2016 жылы 60әйел есепке тіркелсе, биыл 41әйел есепке тұрған. 2016 жылы Туберкулез ауруымен ауыратын тіркеуде тұрған 2 (екі) азамат болса , 2017жылы Туберкулез ауруымен ауыратын тіркеуде тұрған 4 (төрт) азамат уақытында тегін емін қабылдап, дәрігердің жіті бақылауында тұр және 2-уі емделіп келіп жұмысқа орналасып, 2-уі емделуде. Көз туберкулезімен 1 бала тіркелді.

-Әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша ауылдағы мекемелер  2017 жылдың шілде айынан бастап аударды.

4. Елді мекенде әлеуметтік қорғалатын топтар  бойынша:

  - ҚР Үкіметінің 24.12.2001 жылғы №1685 және 02.11.2005 жылғы №1029 қаулысы негізінде аз қамтылған отбасыларға атаулы көмек көрсетуге комиссия құрылды. Комиссия мүшелері әр отбасының материалдық және тұрмыстық жағдайын қатаң тексеруден өткізеді. Баутин ауылы, Аташ елді мекені бойынша 15 (он бес) отбасына 83(сексен үш) балаға 18 жасқа дейінгі балаларға жәрдемақысы (ГДП), 1 /бір/ отбасына 7/жеті/ адамға атаулы көмек(АСП), Өрлеу бағдарламасы аясында 3/үш/ отбасы тағайындалды.

5. Кәсіпкерлік саласы:

  -Ауылымызда 34 азық-түлік дүкен жұмыс жасайды. Баға тұрақтылығын қамтамасыз ету бағытында тағам бағаларына әр аптасының сәрсенбі күндері мониторинг жүргізіліп отырады. Азық– түлік бағасы тұрғындарға қолжетімді бағамен сатылуда. Сонымен қатар ауыл тұрғындары үшін 2016 жылы  5/бес/ жеке кәсіпкерлердің сауда дүкендерінің ішінен төлемдердің барлық түрін жүргізуге арналған терминалдар қойылса, биыл олардың саны 6-ға  жеткен.

«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында кәсіпкерлікті қолдау барысында Аташ елді мекенінің 1/бір/ тұрғыны тігінмен айналысу үшін шағын несие алды. 2017жылы 2/екі/ объекті ашылды, атап айтсақ Баутин ауылынан «Оазис» қонақ үйі және монша ашылып, ауыл тұрғындары жұмыспен қамтылды.

6. Ауыл шаруашылығы саласы:

  -Ауыл шаруашылық саласы бойынша -  21 шаруа қожалығы тіркеліп, оның  мал өсірумен шұғылдануда. Жеке шаруа қожалық иелерінің малы мен тұрғындардың мал санағы жылына 2 (екі) рет (қаңтар, шілде  айларында)  жүргізіледі. Ауылдық әкімшілікте 42 жеке қосалқы шаруашылықтар бойынша шаруашылық кітабындағы деректер компьютерге құйылып, базаға енгізілді. Қазақстан Республикасы ұлттық экономика министрлігі Статистика Комитетінің Баутин ауылының бағдарламалық кешенді дамуы бойынша электрондық шаруашылық кітабына толықтай көшірілді.  Ірі қара малдардың сырғаланғаны күнделікті дерекқорға енгізіліп отыр. 2016 жылы ауыл бойынша малдың саны: 3579- қой, 872-ешкі, 381- жылқы, 39-түйе, 139- сиыр болса, 2017 жылы 3553-қой, 1850- ешкі, 518-жылқы, 50-түйе, 162- сиыр.

қ/с

Жылы

Қой

Ешкі

Жылқы

Түйе

Сиыр

1

01.01. 2016ж.

3579

872

381

39

139

2

01.01.2017ж.

3553

1850

518

50

162

7.Ветеринария саласы:

  Тұрғындардан келіп түскен арыздар негізінде Баутин ауылы,  Аташ елді мекендері  бойынша2016 жылы 322 ит атылса, биыл 2017 жылы 285 ит атылып, ветеринарлық-санитарлық талаптарға сәйкес өртелінді және ит ату жұмыстары әліде жүргізілуде.

Ұсақ  малдарға бірдейлендіру жұмысы аяқталып, 100 пайыз дерекқорға тіркелді. Сырғалау, егу жұмыстары уақытында атқарылды.

8.Мемлекеттік бағдарламалар:

  -Қазіргі таңда ауылда 829 үй газ отынымен және электр энергиясымен қамтылған. Газ құбыры қауіпсіздігін, жеткізілуін «ҚазТрансАймақ» АҚ-ы, электр жүйесімен «МРЭК» АҚ-ы қамтамасыз етіп отыр. Тұрғындарға ауыз суды «Түпқараған су жүйесі» мекемесі тасымал арқылы жеткізуде. Сонымен қатар осы жылы Баутин ауылының  барлық көшелерінде орталықтандырылған су құбыры іске қосылып ауыл үйлері толықтай және әлеуметтік нысандар біртіндеп құбырға қосылуда. Аташ елді мекенін толықтай сумен қамтуға жобалық сметалық құжаты жасақталып, біртіндеп құбырға қосылуда.

  - Ауылда 2016 жылы 805  үй телефондандырылған болса биыл олардың саны 825 –ке көбейген. Ал ғаламтор желісіне 2016 жылы 384 үй қосылса, 2017 жылы 484 –ке жетті. Ауылда ұялы телефон байланысының барлық түрі үздіксіз жұмыс жасап тұр.Сонымен қатар «Отау ТВ» сандық жерсеріктік телеарнасына қосылған. Ауыл тұрғындарын 100 % сандық жерсеріктік телеарнаға толығымен қамтамасыз етілген.

«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында:

Баутин ауылын абаттандыру мен көгалдандыру қызметтері бойынша 2017 жылға ешқандай қаражат бөлінген жоқ. Сәуір-қазан айлары аралығында тал бұталарды күтіп ұстау баптау қызметтері жүргізілуі тиіс.  Түпқараған су жүйесі мекемесінен келісім шартқа отыру  арқылы,  ауыз сумен Баутин ауылына қарасты Аташ елді мекенінің Жангелдин,Өскінбаев,Тау көшелерінде орналасқан абаттандыру мен көгалдандыруы бойынша суаруды өз қызметкерлеріміз кезекпен жүргізілді. Сонымен қатар ауылдық елді мекендердің санитариясына да ешқандай қаражат бөлінбеді. Ауыл тазалығымен «Каспи коммуналдық қызметі» мекемесі айналысты.

9. Жер қатынастары саласы, кезек мәселесі бойынша:

Жер мәселесі бойынша түскен өтініштер саны:

Заңды тұлға бойынша – 23. Оның 14 –і қанағаттандырылып, 9 – түсіндірілді.

Жеке тұлға бойынша -62. Оның 24 –і қанағаттандырылып, 38 –і түсіндірілді.

  Шығарылған шешімдер саны-79. Оның ішінде: тұрғын үй аумағын кеңейтуге-39, әлеуметтік көркейту саласы бойынша-33, өзге мақсаттарға – 7 шешім.

Шығарылған шешімдер саны

Шығарылған шешімдер саны

Өзге мақсаттарға құрылыс салуға орналас тыруға

Тұрғын үй аумағын кеңейтуге

Әлеумет тік көркейту саласы бойынша

79

7

39

33

10. Елді мекеннің әлеуметтік ахуалы:

  «Жұмыспен қамту -2020» бағдарламасы аясында 2016 жылы тұрақты жұмыс орнымен – 9 адам жұмысқа орналасса, биыл 175 адам жұмысаен қамтамасыз етілген. Ақылы қоғамдық жұмыспен ауылдан 3 адам, «Жастар практикасымен» - 6 адам. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде 30 адам жұмыссыздықпен тіркеуде тұр.

Аппараттың ұйымдастыруымен,  демеуші мекемелердің көмегімен «Қайырымды ел» , «Қайырымдылық керуені» атты акциялары аясында ауыл бойынша 42/қырық екі/ отбасы азық-түлік топтамасымен қамтамасыз етілді.

11. Білім саласы бойынша:

2016-2017 оқу жылын А.М.Горький мектеп-лицейі 629 оқушымен бастап,  112 бала мектеп алды даярлық тобына қабылданды.  Биылғы оқу жылын А.М.Горький  мектеп -лицейі 697 оқушымен бастап, 104 бала мектеп алды даярлық тобына қабылданды. 12 оқушысы ҰБТ тапсырып 82,5% құрады. Бастауыш сыныптардағы аз қамтылған, көп балалы отбасылардан және т.б. топтағы оқушылардан 16 оқушы және 1сынып оқушыларынан 107, сонда барлығы 123 оқушы ыстық тамақпен қамтылуда. 2016-2017 оқу жылын  Ж.Мыңбаев  мектеп-гимназиясы 549  баламен оқу жылын бастап, 54 бала мектеп алды даярлық тобына қабылданды. 23 оқушы ҰБТ тапсырып  76,6% құрады. Биылғы оққу жылын  Ж.Мыңбаев  мектеп-гимназиясы 551 оқушымен бастап,48 бала мектеп алды даярлық тобына қабылданды . Бастауыш сыныптардағы аз қамтылған, көп балалы  отбасыдан және т.б.  топтағы оқушылардан оқушы 48 және 1сынып оқушыларынан 59, сонда барлығы 107 оқушы ыстық тамақпен қамтылуда.  2016-2017 оқу жылында Мектеп оқушыларын тегін тасымалдау және көліктік қызмет көрсету қызметі бойынша 2017 жылға – 55600,0 мың теңге бөлінген болатын. А.М.Горький  мектеп лицейінен 648 бала, Ж.Мыңбаев мектеп-гимназиясынан 362 бала барлығы - 1010 бала 9/тоғыз/ бірлік автобуспен тегін тасымалмен қамтамасыз етілген.

А.М.Горький мектеп -лицейінде педагогикалық кадр тапшылығы:

1)Орыс тілді бастауыш сынып мұғалімдері.

2)Матиматика пәні мұғалімдері.

3)Өзін-өзітану пәні мұғалімдері.

4)Ер балдардың технология пәні мұғалімі.

Осы мамандарға аудандық білім жеке аудандық жұмыс пен қамту бөлімдеріне бірнеше рет сұраныстар жолданды.

2016-2017 оқу жылында Жалау Мыңбаев атындағы мектеп-гимназиясы жанынан «Шағала» атты жазғы тынығу алаңы және М.Горький мектеп-лицейінде «Жұлдыз» атты жазғы тынығу алаңы ұйымдастырылды. Аталған тынығу алаңдарында I және II  кезең бойынша барлығы 430 (төрт жүз отыз) оқушы тынығумен қамтылды.  Бұл тынығу алаңдарына аз қамтылған, көп балалы, бір жақты, озат, екпінді және қоғамдық жұмысқа белсенді қатысқан оқушылар қамтылды. Республика және облыс көлеміндегі лагеріне Ж.Мыңбаев мектеп-гимназиясынан 113 оқушы, А.М.Горькиймектеп-лицейінен 30 оқушы тегін демалуға жіберілді. Екі мектебімізде 2017 жылы «Самұрық Қазына» демеушілігімен спорт жабдықтарымен қамтылды.

  «Түпқараған гуманитарлық-техникалық колледжіне» 2016-2017оқу жылында 3/үш/ мамандық бойынша білім беруді бастап: күндізгі бөлімде 3(үш) мамандық бойынша атап айтқанда , «Мектепке дейінгі тәрбие және оқу» 25, «Автомобиль көлігіне техникалық көмеке көрсету, жөндеу және пайдалану» 25, «Ғимараттар мен құрылымдарды салу және пайдалану» 25 абитуриент  қабылданды. Сонымен қатар сырттай бөлімде «Мектепке дейінгі тәрбие және оқу» мамандығы бойынша 36 абитуриент қабылдаса,2017-2018  оқу  жылында  да күндізгі бөлімде 3(үш) мамандық бойынша 75 /жетпіс бес/ абитуриент ,  сырттай бөлімде 23/жиырма үш/ абитуриент қабылдап, қазіргі  таңда  144 күндізгі  бөлімде,  65 студент сырттай  бөлімде  оқиды.

Мамандық атауы

2016-2017оқу жылы

2017-2018 оқу жылы

1

«Мектепке дейінгі тәрбие және оқу» мамандығы

25

25

2

«Автомобиль көлігіне техникалық көмеке көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандығы

25

25

3

«Ғимараттар мен құрылымдарды салу және пайдалану» мамандығы

25

25

4

Сырттай бөлімде «Мектепке дейінгі тәрбие және оқу» мамандығы

36

23

Барлығы:

111

98

Қорғаншылық және қамқорлықтағы балалар саны ауыл бойынша – 6/алты/.

Мектепке дейінгі білім беру мекемелері:

  -Баутин ауылында 140 балаға арналған «Ақбота» балабақшасы және Аташ елді мекенінде «Ертөстік» балабақшасы жұмыс жасап тұр.

  -«Ақбота» балабақшасында жалпы 50 маман қызмет атқарады, оның ішінде 14  тәрбиеші балалармен жұмыс жасайды. «Ертөстік» балабақшасы бойынша жалпы 57 маман қызмет атқарады, оның ішінде 12 тәрбиеші балалармен жұмыс жасайды.Балабақшамыз толықтай материалдық техникалық базасымен қамтылған.

Ауыл бойынша 92% балалар балабақшамен қамтылған болса, оның ішінде 3-6 жас аралығындағы балалар 100% балабақшамен қамтылған, қазіргі таңада 3-6 жас аралығында кезекте 2бала .

Баутин ауылы бойынша кезекте тұрған балалар саны.

Аудан,қала атауы

0-6 жас аралығындағы балалар

1-3 жас аралығындағы балалар

3-6 жас аралығындағы балалар

1

Баутин ауылы

66

124

0

Баутин ауылы бойынша 25.12.2017 жылға мектепке дейінгі ұйымдағы балалар саны.

Аудан,қала атауы

МДҰ саны

МДҰ барлық бала саны

Оның ішінде 0-3 жас аралығындағы бала саны

Оның ішінде 3-6 жас аралығындағы бала саны

1

Баутин ауылы

«Ақбота» б/б

140

46

94

2

Аташ елді мекені

«ЕрТөстік» б/б

140

42

98

  «Ертөстік» балабақшасына  бюджеттен 47978,0 мың теңге қарастырылды, аталған қаражаттар толығымен игерілді. «Ақбота» балабақшасына жергілікті бюджеттен қаралған қаражат 50430,0 мың тенге, осы қаражат толығымен игерілді. 

12.Ішкі саясат, мәдениет және спорт саласы бойынша:

  -Аташ елді мекеніндегі орталық кітапхана бөлімшесі тұрғындарға қызмет көрсетеді. Барлық кітап қоры - 15029 дәне, тұрақты оқырмандар саны 712 адам.

  Әр жылдың ақпан айында Ауған  елінде он жылға созылған, халқымызға қасірет  әкелген алапат соғыстың аяқталып Кеңес Әскерінің Ауған жерінен шығарылған күнін даталы күн есебінде ескеріп, сол алапат соғыста жау қолынан ерлікпен қаза тапқан ауылдасымыз, «Қызыл жұлдыз» орденінің иегері  Қалмырза Берішбаевты еске алып,  ауылымызда орналасқан ескерткішіне ауыл ақсақалдарымен жастардың, интернационалист жауынгерлердің қатысуымен гүл шоқтарын қою шарасы өткізіледі.

Ауылымызда жыл басынан бері атаулы мерекелер де өз дәрежесінде ұйымдастырылып келеді. ҰОС 72 жылдығына орай «Енка Иншаат Ве Санаий А.Ш.»атырау филиалының демеушілігімен  58 тыл  ардагерлеріне сыйлықтар табыс етілді.

«16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні» мерекесінеарналып «Тәуелсіздік - тұғырым»атты салтанатты жиын ұйымдастырылды. Жиынға ауылдың әлеуметтік экономикалық дамуына үлес қосып жүрген жеке кәсіпкерлер, мердігер мекемелер, денсаулық, білім, спорт саласының мамандары, ардагерлерден барлығы 16 адамға ауыл әкімінің алғыс хаттарымен сыйлықтар берілді.

  27 желтоқсан күні «Қош келдің Жаңа жыл» атты ауыл әкімінің шырша тойына «Каспиан Оффшорконстракшн» ЖШС, «СағаАташ» ЖШС,  «Достық» қонақ үйі, «Теңізсервис» ЖШС-і мекемелерінің көмегімен 40 жағдайсыз отбасы балалары, 28 бала жастан мүгедек балалар, барлығы 68 бала шақырылып мерекелік шара ұйымдастырылды.

Ауыл әкімінің аппараты «Рухани жаңғыру» аясында аудандық мәдениет үйінде «Ауылым-алтын қазынам» атты ауыл ардагерлері, ұстаздарымен мерекелік шара ұйымдастырылып, алғыс хаттармен сыйлақтар табыс етілді. Ауылдың Мұнайшы, Күржіманұлы көшелерінде билбордтар ілінді. Сонымен қатар жыл бойында барлығы 12/он екі/ билбордтар орнатылды.

  Ауылымыздағыспорттық нысандар саны – 9/тоғыз/. Оның  3 –і спорт зал, 6 –ы спорт алаңы. Мектептер мен колледждегі  дене шынықтыру мамандарының саны  - 9//тоғыз. 2016 жылы ауыл бойынша 937тоғыз жүз отыз жеті/ жас спортпен шұғылданса, биыл олардың саны -1050-ге/бір мың елу/ жеткен.  «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Түпқараған гуманитарлық-техникалық колледжінде достық кездесу кеші ұйымдастырылып, волейбол жарысынан А.Горький мектеп-лицейі 1-орынды, Колледж – 2-орынды, Өмірбаев мектебі 3-орынды иеленді. Бағдарлама аясында облыстық, республикалық бокс жарысы ұйымдастырылып, Ж.Мыңбаев мектеп-гимназиясының оқушысы 1,2-орындарды иеленді.  А.Горький мектеп-лицейінде 2009 жылы құрылған «Тұлпар» әскери-спорттық клубының құрамы жыл сайын көбейіп, аудан, облыс, республика көлемінде ұйымдастырылғын сайыстарға қатысып, жүлделі орындарға иемденіп келді. Сонымен қатар мектеп-лицейіміздің «Тұлпар» клубының мүшелері туризм бағыты бойынша орындалатын 2 жорыққа барып келді. І дәрежелі жаяу жорықта 135 шақырымға шықса, ІІ дәрежелі жаяу жорықта 160 км жаяу жүріп келді. 27 қыркүйек- Халықаралық туризм күні және "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" жобасы аясында, Түпқараған ауданының 25 жылдығына орай ауданда ең алғаш рет Шүйлі жерінде туристік слет өткізілді.

  Слетке Ж.Мыңбаев атындағы мектеп-гимназиясы, Е.Өмірбаев атындағы орта мектебі және М.Горький атындағы мектеп-лицей мұғалімдер командасы, сонымен қатар мектеп-лицейіміздің 144 түлегі қатысты.

  Аталған іс-шараны тамашалауға "Қайсар" әскери патриоттық клубы, Маңғыстау аймақтық жастар қоғамдық бірлестігі және ардагерлер одағы қоғамдық бірлестігінің ұйымдастырушысы Нұрсұлтан Отарбаев қатысты. ЭКСПО 2017 халықаралық көрмесі аясында ұйымдастырылған  қазақша күрес жарысына -40 жасөспірім қатысып, 5 жасөспірім – І орынды, 5 жасөспірім -2 орынды. 10 жасөспірім– 3 орынды иеленді.

  Бұл көрсеткіштер ауылымыздың жастарының спортқа деген құлшынысының бірден-бір дәлелі.

Тарихи-мәдени ескерткіштерді күтіп ұстау мақсатында: -Дубский қызының үйі (Қызыл бұрыш ғимараты); -Бұрынғы тұрғын үй (Баутин ауыл әкімдігінің кеңсесі) ,А.Шамониннің үйі (Баутино теңіз сауда портының ғимараты) 1889ж; А.Е.Баутиннің мүсіні,Төменгі Түпқараған маягі, Ә.Жангельдинге арналған обелисктерді жыл сайын  сенбілік кезінде ақтап, сырлап, тазалық жұмыстары жүргізіліп келеді.

13. Қоғамдық қауіпсіздік бойынша:

-2 (екі) учаскелік полиция ауыл тыныштығын сақтап, тұрғындармен тығыз байланысып, жұмыс жүргізуде. Ағымдағы жылда Баутин ауылынан  және Аташ елді мекенінен  1/бір/ азамат еріксіз емделуге 6 айға жолданып, барып келді. 2/екі/ адам әкімшілік қадағалауда. Бас бостандығын шектеу жазасымен 7/жеті/ азамат , сонымен қатар  аудандық ішкі істер бөлімінде түрлі себептермен 2 жасөспірім тіркеуде тұр және бұл отбасыларымен жұмыс жасалуда.

14.Азаматтарды әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және жүргізу шаралары бойынша:

  Әскери міндеттілердің, жасөспірімдердің мерзімдік шақырылуы уақытылы ұйымдастырылады. 2016 жылы Отан алдындағы борышын өтеуге  36 /отыз алты/ бала шақырылып, оның 8-і Отан алдындағы борышын өтеуге аттанған.

2017 жылы әскери міндеттілерге 46/қырық алты/ балаға шақыру қағаздары толықтай таратылып,  оның 5-і Отан алдындағы борышын өтеуге аттанып, былтыр кеткен 8 /сегіз/ сарбаз келді.

15. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша:

  Мемлекеттік қызмет көрсетудің 3 бағытыбойынша ауылдық әкімшіліктен тұрғындарға қызмет көрсетіліп отыр. Атқарылған мемлекеттік қызмет көрсетудің бағыттары бойынша көрсеткіштер төмендегідей: мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін кезекке қою - 145 арыз қабылданып, 70-і қанағаттандырылды. Білім алушылар мен тәрбиеленушілер жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне тегін тасымалдауды қамтамасыз ету бойынша 1010 оқушы тасымалданады, жеке қосалқы шаруашылығының бары не жоқтығы туралы анықтама 1/бір/ тұрғынға берілді.

  Ауыл әкімі әр аптаның сейсенбі, бейсенбі күндері қабылдау жүргізеді. Жыл ішінде жеке тұрғындардан 85 арыз түсіп, 62-і қанағаттандырылып 23-і түсіндірілді.

Қабылданған өтініштер саны

Қабылданған

өтініштер саны

Оның ішінде

Қанағаттан-дырылғаны

Түсіндірілгені

Заңды тұлға

Жеке тұлға

Заңды тұлға

Жеке тұлға

Заңды тұлға

Жеке тұлға

7

85

5

62

2

23

Меморандумда көрсетілген түйінді нысаналы индекаторларға қол жеткізу бойынша 2017жылға болжанған жоспар бойынша 98% орындалып, 10-тармақта көрсетілген шартты ақшалай көмек бағдарламасына (Өрлеу) тартылған отбасылар саны жоспар бойынша 4отбасында 20адам көрсетілген. Алайда ауыл бойынша аз қамтылған отбасыларға жеке мониторинг жүргізіліп, нәтижесінде іріктеліп алынған отбасылар бағдарламаның заңдылықтарына сәйкес айлық табысы белгілі бір мөлшерден асып кетуіне байланысты, «Өрлеу» бағдарламасына қатыса алмады.

  Ауыл әкімшілігінің ұйымдастыруымен әлеуметтік нысандар, ірі мекемелер, қоғамдық ұйымдармен бірлесіп, тұрғындардың әл-ауқатын көтеріп, тұрмыс-тіршілігінің жақсаруы үшін өз жұмысын  жалғастырып, ауылдың  әлеуметтік- экономикалық даму мақсатындағы жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын табады.


Ақпараттық ресурстар
Қазақстан Республикасының Үкiметi www.government.kz
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі www.primeminister.kz
Қазақстан Республикасының Парламенті www.parlam.kz
ШЖҚ МКК«Түпқараған аудандық орталық аурухана» http://tupkaragan-crb.kz/kz
Ақшұқыр мектеп-лицейі http://akshukurml.kz/
Түпқараған аудандық мәслихатының ресми интернет- ресурсы http://tupkaragan.openproject.kz/
Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық соты http://mng.sud.kz/rus/sub/tupkaragan
"Түпқараған аудандық жастар ресурстық орталығы" КММ http://tupkaragan-zhastar.skom.kz/index.php/kz/