Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Жеке кабинет

Таушық ауылы әкімінің 2017 жылғы12 ай қорытындысы бойынша әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы есебі


Таушық ауылы әкімінің 2017 жылғы12 ай қорытындысы бойынша әлеуметтік-экономикалық

даму қорытындылары туралы ақпараты

  Таушық ауылы бойынша халық саны жылдан -жылға өсіп көбеюде. Бүгінгі статистикалық есеп бойынша ауылдағы тұрғындар саны 2016 жылы-2835 болса, 2017 жылдың қорытындысы бойынша 2909 – ға, 2016 жылы үй саны 437 болса, 2017 жылдың қорытындысы бойынша үй саны-455-ке  жетті. Белсенді халық саны-1396. 2016 жылы 23некеге отыру рәсімі тіркеліп, 92сәби дүниеге келсе,2017 жылы 24 некеге отырурәсімі тіркеліп,95 сәби дүниеге келді. «Алтын» алқа иегері 53 және «Күміс» алқа иегері 56. Жеке кәсіпкерлік нысандар саны-15. Әлеуметтік нысандар саны-7.

  Инфрақұрылымды дамыту бойынша тұрғындарға электр энергиясын таратуда жыл ішінде ешқандай үзіліс болған жоқ. Кейбір трансформаторларға жөндеу жұмыстары жүргізіліп, ескірген электр бағаналары жаңартылды.Қарақұдыққа дейінгі жерге тоқ көзінің көтерілуіне орай қосымша жарық шамдары орнатылды.Нұрбаулы, Қ.Жұбайұлы, Т.Қағазов, С.Әбдірахманов, А.Тілеуұлы, Т.Балтабасұлы,Ардагерлер көшелері, жаңа квартал үйлері түнгі жарықпен қамтамасыз етілді. Түнгі көше жарықтары толықтай электр энергиясын үнемдейтін жарық шамдарына ауыстырылды.

  «Түпқараған су жүйесі» МКК қарасты Таушық су бөлімшесінде 7 адам жұмыс жасайды.Ақбұлақ бағдарламасы аясында ауыл 100 пайыз орталықтандырылған  су құбырына қосылды.Қазіргі таңда ауыз судың 1 текше метрі халыққа 30 теңгемен беріліп отыр.Халық ауыз суды үздіксіз пайдаланып келеді.

Таушық ауылы ауыз сумен 100 пайыз қамтылды.Болашақта 465 учаскеге су құбырын тарту үшін ЖСҚ-сы дайындалып, мемлекеттік сараптамадан өткізілді. Жоба құны 353 млн 272 мың теңге.

Таушық ауылындағы 465 учаскенің 401 учаскесіне газ тарту үшін бастапқы қаражаты бөлініп, ЖСҚ дайындалуда. Мердігер «Жастар Плюс» ЖШС.

Ауыл ішінің бүлінген, бұзылған асфальт жолдарына жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жаңадан құйма асфальт жолдарымен жамалды.  Жол белгілері жаңартылды.

Кездесу жеріне дейінгі ортадағы көпір жаңадан салынып, асфальт жолдары жаңартылды.

Жер қойнауын пайдаланатын  Карьер таулардан техникалар алдыру арқылы Ардагерлер көшесіне  120 метр қатқыл табанды жол салынды. Ардагерлер көшесіндегі су жиналатын жерді тегістеу мақсатында 25 машина топырақ төгіліп,тегістелді.

Санитарлық тазалық бойынша ауылда тазалық мәселесі ұдайы қадағаланып, әрбір көше, асфальт жол бойына белгіленген тұрақты адамдар өз учаскелері бойынша тазалық жұмыстарын атқарып келеді.Қатты қалдықтарды сақтайтын орын салу үшін 6 га жер телімі берілді. Қазіргі таңда ЖСҚ дайындалып, мемлекеттік сараптамадан өткізілді. Жоба құны 199 млн.Қордаланған  қоқыс ауылдан 6 шақырым жердегі  қатты қалдықтарды сақтайтын жерге өндірістік мекемелерден шақырылған техникалардың көмегімен төгіледі. Көктемгі 2 айлық сенбілікке мекеме қызметкерлері, ауыл жастары бір ауыздан ат салысып, 100 тоннадан астам қоқыс шығарылды. 

«Тазааймақ» акциясы аясында  Нұрбаулы Тұмсық шағын ауданында тау қуысында бұрыннан төгіліп, қордаланған қоқыстарды «Қаражанбас Мұнай» АҚ  техника алдыру арқылы тазартылды.

«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында көгалдандыру бойынша берілген 7 жер орынды күтіп-баптау үшін 2 жұмысшы жұмысқа тартылды. Ұлы Жеңістің 72 жылдық мерекесіне орай 2017 жылы орталық саябақтағы аллеяның жан-жағына гүл шоқтары отырғызылды.

Ауыл ішіндегі 3 балалар алаңы заман талабына сай жасақталған. Сырлап жаңарту жұмыстары жүргізіліп, үнемі тазартылып отырады.

2017 жылы 1 желтоқсан-Тұңғыш Президент күніне орай ашық спорт алаңы ашылды.Спорт алаңының аумағы 0,0924 гектар жерді алып жатыр. Қуаттылығы бір мезгілде 24 адамды қамтиды. Жобаның құны 14 млн 873 мың теңге. Демеуші НКОК компаниясы.

  Ауыл тұрғыны Нұрағанов Қайырғалидың тұрғын үйінің көгалдандырылған аумағы  «Үздік аула» номинациясын ұтып алды.

2015 жылы мектеп бітіргендеріне 20 жыл болған түлектер саябақ шетіне жаздық сахна салып берсе, 2016 жылы мектеп бітіргендеріне 20 жыл болған түлектер ауылға кіре беріске демалатын орын салып, абаттандыру жұмыстарын жүргізді.«Туған жер» бағдарламасы аясында 2017 жылы мектеп бітіргендеріне 20 жыл болған түлектер жаңа квартал жақтан 0,16 гектар жер теліміне 110 түп ағаш отырғызды.

Жер қатынастары бойынша. Таушық ауылында 2007 жылдан бері  жеке тұрғын үй салу үшін 539 өтініш тіркелді.Тұрғын үй салуға жер телімін беру кезегін азайту мақсатында 465 тұрғын үйге ықшамдалған  бас жоспаржасақталды. Қосымша 500 тұрғын үйге ықшамдалған бас жоспар бекітілді. Бүгінгі таңда 2007-2008 жылғы арыз берген азаматтарға тұрғын үй салу үшін жер теліміне 9 шешім шығарылды.

  Ауылшаруашылық саласы бойынша  Таушық ауылында724 бас ірі қара малы, 9621 бас қой, 5730 бас ешкі, 3303 бас жылқы, 2601 бас түйе, 191 бас құс тіркелген. «Айгүл» балабақшасының аумағына жылыжай орнатылды.Таушық ауылының кіре берісінде орналасқан «Төрорпа»  жеріне жеке кәсіпкер Адыров Мейірман егін шаруашылығын жүргізу үшін алынған 2,0 гектар жер теліміне мамыр айында 425 түп жеміс ағашын отырғызды. Жеміс ағаштарымен бірге асқабақ, қауын, қарбыз, қызанақ, қияр өсіріліп, 1 тонна 500 килодай өнім алынды.

Ауылда «Таушық ауыл шаруашылығы» ЖШС қызмет атқарады.

Құрамында 175 – тен астам жұмысшы қызмет жасайды.

  Шұбат өңдеу цехында 5 - қызметкер жұмыс  жасайды.  Кәзіргі уақытта шұбат цехынан шұбаттар арнайы құтыға құйылып сатылады.

Наубайханада 1 – сортты ұннан пісірілген нанның бағасы тұрақты 70 теңгеден сатылып келеді.

«Таушық ауыл шаруашылығы» ЖШС балансында тұрған «Ардагерлер үйі»  ауылдық әкімшілік балансына берілді.

  Бір апталық семинар ұйымдастырылып, ауыл тұрғындарына түйе және жылқы шаруашылығы саласы бойынша сертификаттар табыс етілді.

  Бірдейлендіру жұмыстары бойынша 4007 бас мал бірдейлендіріліп, компьютерлік базаға 100 пайыз енгізілді. Ауылдағы барлық шаруа қожалықтары мен жекелеген тұрғындарға жылқы малын электронды түрде бірдейлендіру әдісі(чип) жөнінде түсінік жұмыстары жүргізіліп, мал иелерінің қызығушылығын тудыруда. Мал өлекселерін залалсыздандыру үшін полигон жерінен орын бөлінді. Арнайы орынға апарып, өртеліп  отырылады.Бұл жөнінде ветеринария қызметкерлері түсінік жұмыстарын жүргізіп, жұмыс жасауда.

Байланыс  жүйесі  бойынша ауыл байланысы цифрлі эфирлік байланысқа көшірілді. Ауылда  500- нүктелік АТС орнатылған. Бірақ ауыл бойынша 250 нүктеде телефон бар.«Қазақтелеком» және «КазТрансКом» мекемесі арқылы интернетке қосылу мәселесі шешіліп отырады. Жеке үйлер, бюджеттік мекемелер, кәсіпкерлер интернетпен  жұмыс жасауға толық мүмкіндік алды. Ауылда ұялы байланыс  жұмыс жасайды.

Салық базасы бойынша жер, мүлік, көлік, жеке табыс  салықтары уақытында жиналды. Тіркелген кәсіпкерлердің уақытылы патент алуын, шаруа қожалықтарының салықтарын уақытылы жиналуы арнайы маман арқылы қадағаланып отырылады.

Пошта саласы бойынша газет журналдар уақытында келіп,  зейнетақылар, төлемдер мезгілінде таратылады. Барлық төлем түрлерін төлеу  Казпочта арқылы жүзеге асырылып келеді. Терминал жұмыс жасап тұр. Біріккен банкомат қондырылып, халыққа барлық банк бойынша қызмет көрсетілуде. Халық қолындағы карточкамен қолма-қол ақша алуды жүзеге асырып келеді.2017 жылға баспасөзге жазылу бойынша мекеме басшыларының қатысуымен арнайы жиналыс өткізіліп, берілген басылым жоспары  мекемелерге бөлініп берілді. Баспасөз ауыл бойынша 90 пайыз  орындалды.

  Ұлы Отан соғысының тыл және еңбек ардагерлерінің 83-іне демеушілік көмекпен жергілікті газеттерге тегін жаздырылды.

Білім беру саласы. Ауылда орта білім беретін бір мектеп-Шахта орта мектебі 2016 – 2017 оқу жылын 617 оқушымен бастады. 

  Мектепте 36 сынып комплексі бар, барлығы 69 мұғалім дәріс береді.Мектеп кадрлармен толық қамтылған.2017 жылы 27 мұғалім біліктілігін арттырды.

  Ыстық тамақпен 139 оқушы қамтылған.

  Жыл ішінде «Мектепке жол», «Қамқорлық» акциялары өткізіліп,25 оқушы мектеп формасымен қамтамасыз етілді.  2016-2017 оқу жылында Шахта орта мектебінде мектеп бітіруші 21 түлек болды, оның 19-ы ҰБТ-ға барды, қалған 3-і мектептен мемлекеттік емтихан тапсырды. ҰБТ сынағына қатысқан 19 оқушының орта ұпайы 71,1 болды.

«Туған жер» бағдарламасы аясында «Ақжолқұрылыс» ЖШС-нің демеушілігімен мектепке арналған әжетхана құрылысы басталды.

  «Айгүл» бала бақшасында қазіргі таңда 100 бүлдіршін тәрбиеленуде. 43 қызметкер жұмыс жасайды. Маусым айында 45 бала балабақшаға қабылданды.Балабақшамен қамту 95 пайызды құрады.

  2017 жылы «Табиғатпен үндес балабақша» номинациясын аудан бойынша бас жүлдені, облыс бойынша 4 орынды иеленді.«Айгүл» балабақшасына БҰҰ Даму бағдарламасының және ауылдық әкімшіліктің қолдау көмегімен «Хазірет» жастар қоғамдық қоры арқылы  көкөніс өсіретін жылыжай салынды. Жылыжай аумағы 0,032 гектар. Жылыжайдың жалпы құны-8 445 264 теңге.Жылыжай электр энергиясымен, су желісімен қамтамасыз етілген. Отырғызылған 25 түп жүгері, 20 түп қауын, 15 түп қарбыз,20 түп құлпынай, 3 қатарда укроп, 40 түп қара бұрыш, 120 түп қызанақ, 6 түп асқабақ, 10 түп қырыққабаттар өз өнімдерін беруде.

  1 желтоқсан-Тұңғыш Президент күні мерекесіне орай «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Атамекен» кіші бағдарламасы шеңберіндегі  «Әлеуметтік бастамалар картасы» базалық жобасы аясында кәсіпкер А.Қосуақовтың демеушілік көмегімен «Күншуақ» балабақшасы ашылды. Балабақша 100 орынға арналған.

Денсаулық саласы  бойынша ауылдық емханада 2 жоғары білімді дәрігер, 9 мейірбике, 2-кіші медицина қызметкері қызмет көрсетеді.  2016 жылдың 12 айы бойынша барлығы 104 жүкті әйел есепке алынып, 92 жүкті әйел босанып, 92- сәби өмірге келсе, 2017 жылдың қорытындысы бойынша 120 жүкті әйел есепке алынып, 79 жүкті әйел босанып, 80- сәби өмірге келді.Ана өлімі  болған жоқ. Бала өлімі-1. Себебі, нәрестенің күніне жетпей туылуы. Жаңа туған балалар тегін ана мен бала қобдишаларымен, сүт тағамымен қамтамасыз етіліп отырады. Жыл бойы әр – түрлі аурулармен диспансерлік есепте тұрған науқастарға тегін дәрі – дәрмектер таратылып отырды.

2016 жылы 1  өкпе ауруы тіркелсе, 2017 жылы да 1 өкпе ауруы тіркелді. Ауылдың 3 тұрғынына жүрекке ашық ота жасалып, отбасына оралды.

  Қызметкерлеріміз білімін жетілдірудің арқасында биохимиялық анализді өз емханамыздан анықтап беруге мүмкіндік алды.

Әр ай сайын мекеменің УАЗ автокөлігімен мал ауылдар араланып, онда тұратын малшы  отбасыларына дәрі – дәрмектер таратылып, екпе жұмыстары жүргізіліп отырылды.406-дан аса  адам күндізгі емханада жатып тегін ем алып шықты.Биыл от жағу қазандығына жаңа бойлер пеші мен горелкасы, электр тогын бөлетін жаңа генератор сатып алынды.

  Жеке кәсіпкер Бақтыгерей Төлешовтың «Шығыс Тибет медицинасымен емдеу» клиникасы халыққа қызмет көрсетуде. Т.Балтабасұлы көшесінен жеке аптекасы ашылды. Дәрі-дәрмектер халыққа қол жетімді бағамен сатылуда.Ардагерлер, мүгедектерге, мүжәлсіз отбасыларға тегін емделуге демеушілік көмек көрсетіліп тұрады.

  Таушық ауылында әлеуметтік қорғалатын топтарға сәйкес 2017жылдың қорытындысы бойынша атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылар тіркелмеді. Біржолғы материалдық көмекті 5 отбасы алды.

Әлеуметтік саладағы жаңа реформалар бойынша 2018 жылдан бастап зейнетақы заңнамасына енетін өзгерістер туралы жиналыс өткізіліп келеді. Алғашқы қадамдар бойынша 1961 жылғы әйелдер тізімі жасақталып, 117 отбасына сараптама жасалды.

Кәсіпкерлік саласы бойынша ауылда  24 сауда нүктесі қызмет көрсетеді.60 адам жұмыспен қамтылған. 2017 жылы ашылған шаруа қожалықтары тіркелмеді.2017 жылы 3 кәсіпкер, 1 заңды тұлға  39 млн 862 мың теңге көлемінде шағын несие алды.Атап айтсақ: ЖК «Төлешов»-6 млн;

ЖК «А.Тоғжанов» -6 млн; ЖК «Е.Күншығаров»-15 млн; «Таушық ауыл шаруашылығы» ЖШС-12 млн 862 мың теңге.

«ҚазМұнайГаз өнімдері» АҚ-ның Таушық филиалында газ құю бекетінде газ бағасы 2017 жылдың сәуір айында 35 теңгеден,  маусым айында 40 теңгеден,қазан айында 45 теңгеден сатылып келеді. Баға тұрақтылығын ұстау мақсатында тағам және газ  бағаларына күн сайын мониторинг жүргізіліп отырады. Азық – түлік бағасы тұрғындарға қол жетімді бағамен сатылуда.

  Ауыл орталығында кәсіпкерлік мақсатта ашылған  жиһаз цехы, жүн өндіру цехы, шаштараз  халық игілігі үшін өз жұмыстарын жасауда.

 

  «Өрлеу» бағдарламасы бойынша 2016 жылы да, 2017 жылы да қатысуға ниет білдірушілер тіркелмеді.

1.  «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша әлеуметтік жұмыс орны арқылы 2016 жылы 23 адам қамтылса, 2017 жылы «Күншуақ» балабақшасына 32 адам;Су жүйесіне 6 адам; «Өркен» тігін шеберханасына 3 адам; Шығыс медицинасымен емдеу клиникасына 3 адам - барлығы 44адам жұмыспен қамтылды.

2.  «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша наурыз айында 2 маман көтерме жәрдемақыларын қаржылай алды.

3.  «Жастар іс тәжірибесі» бағдарламасы бойынша 11 адам жұмыспен қамтылды.

4.  «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша 15 бала жұмыспен қамтылды. Жолымберген Бәйдібек «Үздік жасақ мүшесі» номинациясы бойынша марапатталды.

  Қорғаншылық және қамқорлықтағы балалары тіркелген отбасы  саны-2. Тиісті мемлекеттік жәрдемақыларын алып отырады. Тұрғын үй кезегіне тіркелмеген.

Ішкі саясат, мәдениет және  спорт . Мәдениет үйінде 11 штат бірлігімен 10 адам жұмыс жасайды.Жылдық жоспарға сәйкес 35 шара өткізілді. 

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы аясында «Туған жер» бағдарламасына орайТаушық ауылынан шыққан жеке кәсіпкерлер форумы 29 қараша күні, Таушық ауылының тумасы,Маңғыстау күйлерін нотаға түсіріп таратушы, Қазақстан Республикасы еңбек сіңірген артисі,Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының «Құрметті профессоры», «Құрмет» орденінің иегері, дәулескер күйші Айдарбаева Роза Тайманқызының шығармашылығына арналған «Күй құдіреті» атты кездесу-кеші 13 желтоқсан күні өткізілді.

  Ауылдық  кітапханада11567 дәне кітап қоры бар, оқырман саны- 636.Кітапханада оқырмандар саны жылдан- жылға арта түсуде.Кітап мерекесіне арналған «Мен оқырманмын» атты ашық есік күні спорт кешенінде өз дәрежесінде өтті.

Спорт кешенінде ауыл жастарын  салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында кіші футбол, волейбол, кикбоксинг,қазақша күрес, үстел теннисі  үйірмелер жұмыс жасауда. Жастарды спортқа баулып, Халықаралық турнирлерден үнемі жеңіспен оралуда.Атап айтсақ: кикбоксинг үйірмесінің тұрақты жаттығушысы Сағатов Жалғас Қабиұлы,Құлқашев  Берекет Нұрғизатұлы Грузия мемлекеті, Батуми қаласында кикбоксингтен «Қара теңіз кубогы» атты өткен әлем чемпионатында Iдәрежелі орынды иеленді.Сонымен қатар Ресей Федерациясының Дамбай қаласында  кикбоксингтен ересектер және жасөспірімдер арасында «Халықаралық Фестиваль»  халықаралық турнирінде I орынды Берекет Құлқашов еншілеп қайтты.2017 жылдың қараша айында Орал қаласында кикбоксингтен жастар арасында Қазақстан Республикасының Чемпионаты  К1 бөлімінде 75 кг салмақпен II орынды Доғдырбайұлы Мұхтархан иеленді.Осындай республика көлемінде өткен ірі жарыстарда спортшыларымыз үнемі жүлделі орындармен оралуда.

  2017 жылдың 29қараша мен 3 желтоқсан аралығында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 26 жылдық мерейтой аясында жас жеткіншектер арасында кикбоксингтен Әлем чемпионы ХДСШ Азамат Наурызбаевтың жүлдесіне арналған VI ашық турнирі Ақтөбе қаласында өткізілді.1 орынды 36 кг салмақпен Мәжіліс Мейрамбек, 2 орынды 30 кг салмақпен Алгелді Рамазан иеленді.

Ардагерлер үйі ауыл ардагерлеріне қызмет жасайды.Ауыл үлкендері ардагерлер үйіне келіп, газет-журнал оқып, шахмат-шашка ойнап,бос уақыттарын тиімді өткізеді. Ауыл проблемаларын шешуге, әртүрлі шаралардың өтуіне ат салысып құзырлы мекемелермен билік органдарына ұсыныстармен шығып, ауылдастарының ортақ мүддесіне қызмет істеп келеді.

Қасиетті Рамазан айында Таушық тұрғындарының ат салысуымен  «Ержан-Хазірет»мешітінде ауыз ашар беріліп, жағдайы төмен отбасыларға пітір садақалар берілді. Қасиетті Қадір түнінде мешіт имамы,ауыл ақсақақалдары ауыл жастарын имандылыққа тәрбиелеу мақсатында көптеген өнегелі уағыздар айтылып, жастарды адамгершілікке шақырды.

  Пайғамбарымыз Мұхаммед с.с туылған күні – Мәуліт мерекесі қарсаңында «Ержан-Хазірет» мешітінің ұйымдастырумен спорттық шаралар өткізіліп,аз қамтылған отбасыларға қаржылай және азық-түлікпен көмек көрсетіп, ауыл тұрғындарына мерекелік дастархан жайылды.

Қоғамдық қауіпсіздік үнемі басты назарда. Ауылдық учаскелік инспекторлардың  мектеппен тығыз байланыста болып, жасөспірімдер арасында қылмыс болдырмау мақсатында өткізілген шаралары өз нәтижесін беруде. Жыл бойына жасөспірімдер арасында құқық бұзушылық тіркелген жоқ.Ересектер арасында болған 3 бұзақылық, 3  ұрлық сияқты ақпараттар Түпқараған аудандық ішкі істер бөлімінің тергеу тобына жолданды.

Әскери есеп бойынша 60 азаматқа әскер қатарына  шақыру таратылды.Әскерге шақырушыларды дәрігерлік сараптамадан өткізу үшін тасымалдауға  жеке автокөлік бөлінген.

  Мемлекеттік қызмет көрсету ауылда мемлекеттік қызметтің 2 түрі көрсетіледі:балабақша кезегіне тіркеу; нысаналы мақсаты өзгерген жер теліміне шешім шығару.

  2016 жылы 90 бала балабақша кезегіне тіркелсе, 2017жылдың қорытындысы бойынша 183 бала балабақша кезегіне тіркеліп, 5 шешім нысаналы мақсатты өзгертуге шығарылды.


Ақпараттық ресурстар
Қазақстан Республикасының Үкiметi www.government.kz
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі www.primeminister.kz
Қазақстан Республикасының Парламенті www.parlam.kz
ШЖҚ МКК«Түпқараған аудандық орталық аурухана» http://tupkaragan-crb.kz/kz
Ақшұқыр мектеп-лицейі http://akshukurml.kz/
Түпқараған аудандық мәслихатының ресми интернет- ресурсы http://tupkaragan.openproject.kz/
Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық соты http://mng.sud.kz/rus/sub/tupkaragan
"Түпқараған аудандық жастар ресурстық орталығы" КММ http://tupkaragan-zhastar.skom.kz/index.php/kz/