Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Жеке кабинет

Түпқараған ауданы бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша 2017 жылғы есебі


Түпқараған ауданы бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша ақпарат 2017 жыл.

Түпқараған ауданы жергілікті атқарушы органдары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысымен бекітілген 2017 жылғы 12 қазан № 177 өзгерістерімен және толықтыруларымен мемлекеттік қызметтер реестріне сәйкес мемлекеттік қызметтердің 92 түрі аудан әкімдігіне қарасты қала, ауыл және ауылдық округ әкімі аппараттарында және 7 дербес бөлімдерде көрсетіледі.

2017 жылдың 12 айында барлығы-23 000, 6 276- халыққа қызмет көрсету орталығы  арқылы, 16 354  тікелей мемлекеттік мекемелерде және 370 -і электронды түрде көрсетілген.

Жалпы халықтың ең көп алатын қызметтерінің біріне төмендегі, яғни халықтың өзекті мәселерін қамтитын қызметтер:

Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру – 3 054;

Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою-1 423;

Ауыл шаруашылығы жануарларын ветеринариялық паспорт бере отырып бірдейлендіруді жүргізу- 2 642;

·  2017 жыл бойынша Түпқараған ауданы ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің тапсырысымен , мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша, аудан тұрғындарының мемлекеттік қызметтерді пайдалануда олардың қызмет сапасына, қолжетімділігіне және мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібіне қаншалықты қанағаттатанынын анықтау мақсатында  «Түпқараған жастары» қоғамдық қоры инетернет-телефон арқылы сауалнамалар және фокус-топтық зерттеулерін маусым-қыркүйек айларында өткізді. Жоба бюджеті 500 000 т (бес жүз мың теңге).

·  2017 жылдың 12 айы бойынша аудан әкімі аппаратының № 02, 06.01.2017 ж. бұйрығымен бекітілген, Түпқараған ауданы бойынша мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыруға арналған бақылау іс-шарлар жоспарына сәйкес , сондай-ақ ішкі бақылау жүйесінің тиімділігін арттыру шеңберінде тоқсанында аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы мен ауылшаруашылығы және ветеринария бөлімі және Баутин ауылы мен Таушық ауылы әкімдіктері аппараттарына, Қызылөзен ауылы әкімі аппараты мен тұрғын үй коммуналды шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына және уақтылығына бақылау іс шаралары жүргізілді.

·  2017 жылдың 12 айы бойынша 3 мерзім бұзушылық тіркеліп отыр, олар аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар (1)  және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі және ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінде (2). Аталған мәселе бойынша жауапты тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

·  2017 жылдың 12 айы бойынша мемлекеттiк қызмет көрсету мәселесi бойынша шағымдар тіркелмеген.

  Түпқараған ауданы әкімі аппараты мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мәселері, соның ішінде Электрондық үкіметтің» веб-порталы ақпараттық жүйесімен электронды түрде көрсету мемлекеттік көрсетілетін қызметтер түрін насихаттау бойынша түсіндіру бағытында жүйелі түрде  жұмыстар жүргізілуде. Жыл басынан бері аталған мәселе бойынша әртүрлі тақырыпта жиналыстар, семинар-кеңестер ұйымдастырылды.Соның ішінде тоқталып кететін болсақ:

  23.10.2017 жылы Түпқараған ауданы, Форт-Шевченко қаласы әкімі аппараты және «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» Түпқараған ауданы бойынша филиалының ұйымдастыруымен Форт-Шевченко қаласы тұрғындарына адамның өзі баруын қажетсінбейтін электронды форматқа көшу  халық үшін өте қолайлы әрі тиімді болып келетінін жеткізу, насихаттау мақсатында кездесу ұйымдастырылды. Яғни, халыққа үйде немесе жұмыс орнында отырып-ақ, қажетті құжаттарын жинақтаса, мемлекеттік органдардың есігін ашпай-ақ қажетті қызметтерін алып , өз уақыттарын және қаражаттарын үнемдейтіндігі жөнінде кездесу барысында түсінік жұмыстары жүргіліді.

  Ағымдағы жылдың 31-ші қазан күні Түпқараған ауданы, Форт-Шевченко қаласы, Форт-Шевченко мектеп-лицейінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің  бастамасымен және Түпқараған ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен аудан бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің жәрмеңкесі өткізілді.

  Жәрмеңкеде Түпқараған ауданы бойынша мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік органдар және «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы», жер қатынастары, сәулет, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, білім, жұмыспен қамту, ауыл шаруашылығы, құжаттандыру, тіркеу және  аудандық әділет, мемлекеттік кірістер салалары бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтері,оның ішінде электронды қызметтер таныстырылды.

  Іс-шара барысында тиісті мемлекеттік орган өкілдеріне аталған салалар бойынша мемлекеттік қызметті алу үшін және өзге де өзекті мәселелер бойынша аудан тұрғындары келіп, тиісті жауаптарын алды.

·  Мемлекеттік қызмет көрсетуді электрондық форматқа көшіру бүгінгі күннің маңызды мәселелерінің бірі екенін ескере отырып «Электрондық үкіметтің» веб-порталы ақпараттық жүйесімен электронды түрде көрсету мемлекеттік көрсетілетін қызметтер түрін электронды түрде алуға болатындығын елді мекен тұрғындары арасында түсінік жұмыстарын жүргізу жұмыстары күн тәртібінен түспей отырған мәселе.  Сонымен қатар ауыл және ауылдық округтердегі әкім аппараттарында қызмет алушыларға қолайлы жағдай жасау мақсатында арнайы бір компьютер мен нұсқаушы маман бөлінді.

 


Ақпараттық ресурстар
Қазақстан Республикасының Үкiметi www.government.kz
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі www.primeminister.kz
Қазақстан Республикасының Парламенті www.parlam.kz
ШЖҚ МКК«Түпқараған аудандық орталық аурухана» http://tupkaragan-crb.kz/kz
Ақшұқыр мектеп-лицейі http://akshukurml.kz/
Түпқараған аудандық мәслихатының ресми интернет- ресурсы http://tupkaragan.openproject.kz/
Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық соты http://mng.sud.kz/rus/sub/tupkaragan
"Түпқараған аудандық жастар ресурстық орталығы" КММ http://tupkaragan-zhastar.skom.kz/index.php/kz/