Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Жеке кабинет

Түпқараған аудандық мәслихатының 2017 жылғы 17 наурыздағы № 10/88 «Форт-Шевченко қаласы бойынша жерді аймақтарға бөлу жобасын (схемасын), жер учаскелері үшін төлемақының және жер салығының базалық мөлшерлемелеріне түзету коэффициенттерін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы


Жоба

Түпқараған аудандық мәслихатының

2017 жылғы 17 наурыздағы № 10/88

«Форт-Шевченко қаласы бойынша

жерді аймақтарға бөлу жобасын

(схемасын), жер учаскелері үшін

төлемақының және жер салығының

базалық мөлшерлемелеріне түзету

коэффициенттерін бекіту туралы»

шешіміне өзгерістер енгізу туралы

  Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 10 бабының 3 тармағына сәйкес және Маңғыстау облысының әділет департаментінің 2018 жылғы 18 қаңтардағы № 10-15-242 ұсынысының негізінде, Түпқараған аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Түпқараған аудандық мәслихатының 2017 жылғы 17 наурыздағы № 10/88 «Форт-Шевченко қаласы бойынша жерді аймақтарға бөлу жобасын (схемасын), жер учаскелері үшін төлемақының және жер салығының базалық мөлшерлемелеріне түзету коэффициенттерін бекіту туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3336 болып тіркелген, 2017 жылғы 27 сәуірде «Әділет» ақпараттық - құқықтық жүйесінде жарияланған) келесідей өзгерістер енгізілсін:

  кіріспесі келесідей мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:

  «Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 8 және 11 баптарына, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің (Салық кодексі) 510 бабына сәйкес, Түпқараған аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:».

  2. «Түпқараған аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы А.Ізбен) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

  3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Сессия  төрағасы Аудандық мәслихат хатшысы

    А. Досанова

Ақпараттық ресурстар
Қазақстан Республикасының Үкiметi www.government.kz
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі www.primeminister.kz
Қазақстан Республикасының Парламенті www.parlam.kz
ШЖҚ МКК«Түпқараған аудандық орталық аурухана» http://tupkaragan-crb.kz/kz
Ақшұқыр мектеп-лицейі http://akshukurml.kz/
Түпқараған аудандық мәслихатының ресми интернет- ресурсы http://tupkaragan.openproject.kz/
Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық соты http://mng.sud.kz/rus/sub/tupkaragan
"Түпқараған аудандық жастар ресурстық орталығы" КММ http://tupkaragan-zhastar.skom.kz/index.php/kz/