Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Жеке кабинет

Сайын Шапағатов ауылдық округі әкімінің 2018 жылы атқарғы жұмыстарының ЕСЕБІ


Сайын Шапағатов ауылдық округі әкімінің

2018 жылы атқарғы жұмыстарының

ЕСЕБІ

Статистикалық мәліметтерге сәйкес ауылымыздағы халық саны – 5045 адамды құрап отыр. Тұрғын үй саны, өткен жылмен салыстырғанда 103 үйге артып, 1708 үйді құрады. Белсенді халық саны – 1103 адамды құрайды.

Әлеуметтік сала бойынша

Сайын Шапағатов ауылдық округі бойынша зейнеткерлер  саны – 220 адам, тыл ардагері - 3, ауған соғысы ардагері - 1, алтын алқа иегері – 16, күміс алқа иегері саны – 20адамды құрайды.

1, 2, 3 топ мүгедектері – 132 адам, бала жастан мүгедектер – 26 адам, асыраушысынан айырылғандар – 25 адам. 9 мүгедек зейнеткерге Көкшетау қаласы «Алмаз» шипажайына жолдамалар берілді. Атаулы әлеуметтік көмекке және балалар жәрдемақысына 2018 жылы 54 адам ұсыныс білдірді, оның 26 қамтылды. Бір жолғы материалдық көмекке 10 отбасы арыз берді, 7 арыз қанағаттандырылды.

Ауылымыздың батыр аналарының қатары 1 алтын, 2 күміс алқалы аналармен толықты.

Сайын Шапағатов ауылдық округінен жыл басынан бері жұмыссыздыққа 32 адам тіркелді. Бүгінгі таңда 211 адам түрлі салада жұмысқа орналастырылды, атап айтсақ жастар практикасы мен әкімшілік салаға 13 жұмысшы, ақылы қоғамдық жұмысқа 2 адам, «КСОІ» ЖШС – 8 адам, Сүт зауытына – 17 адам, «Айналайын» б/бақшасына –14адам, «Керемет» б/бақшасына – 16 адам, Ғ.Айдаров атындағы ЖОББМЛ –15адам, Сайын Шапағатов мектеп-гимназиясына – 115 адам, тазалық «Tulsarservis» ЖШС – 11 адам жұмысқа  қабылданды.

Мамандығын арттыруға түрлі салада қысқа мерзімді (курстар) оқулар ұйымдастырылып, жұмыссыз жүрген 14адам арнайы курсты аяқтады.

Жасыл ел - жастар еңбек жасағының маусымды жұмысына жағдайсыз отбасынан 5 бала жұмысқа тартылды.

Денсаулық сақтау саласы бойынша

Ауылдық амбулаторияда 3 жоғары білімді дәрігер, 7 мейірбике, акушер-мейірбике, фельдшер-лаборант, химизатор, медбике және балалар массажисті қызмет етеді. Дәрігерлік амбулаторияда 5720 адам тіркелген, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар саны - 2513,  1 жасқадейінгі бала саны – 164, жүкті әйелдер саны – 111. Күндізгі стационарда жыл басынан бері ем алғандар саны – 160 адам. Диспансерлік есепте 275 ересек адам және 156 бала тіркелген.

Барлығы тиісті тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілген.

Жүру жағдайы нашар, төсек тартқан науқастарға үйде емдеу шаралары ұйымдастырылған. Ана мен бала өлімі тіркелген жоқ. 2018 ж.– 244 бала туылған.

Туберкулезбен жаңадан анықталғандар саны 2018 жылға – 1 адам.

Сонымен қатар, міндетті әлеуметтік сақтандыру бағдарламасы бойынша тіркеу және түсіндіру жұмыстары жүргізіліп тұрғындардың 90%тіркеуге алынды.

Шағын және орта кәсіпкерлік

Ауылдық округімізде 81 кәсіпкерлік нысан, оның ішінде:1 сүт зауыты, 3 кафе, 3 наубайхана, 5 шағын маркет, 39 азық-түлік дүкені, 5 киім дүкені, 4 дәріхана,7 шаштараз және әсемдік салондары, 1 пластик цехы, 4 құрылыс материалдары дүкені, 5 газ құю бекеті, 3 оқу орталығы, 1 көлік жуу орталығы бар. Кәсіпкерлік саласындағы жұмысшылар саны – 189 адамды құрайды.

Ауылдағы 5 газ құю стансасы бөлініске сай газдарын алып, белгіленген бағада өткізуде. Жалпы газ мәселесі үнемі бақылауда.

Ауыл кәсіпкерлерін қолдап, дамыту мақсатында «Нұр Капитал» жобасына құны 131,0 млн.теңге тұратын 5 жоба ұсынылды. Оның ішінде:

1 жоба –«WDOS AGARGAN» ЖШС  2 дана  «Hundai» мұздатқыш көлігін сатып алуға жобасын ұсынып 30 млн.теңге қаражат көлемінде несие алды.

2 жоба – ЖК «Намазгали Темірлан» теңіз жағалауынан аквапарк салуға 20 млн.теңге құрайтын жобасын ұсынып, қазіргі таңда қаражат бөлінуі күтілуде.

3 жоба – ЖК «Оразумбетов Амангелді» ІҮ кварталдан 50 орындық бала бақша құрылысын салуға 30 млн.теңге жобасын  ұсынып отыр.

4 жоба – ЖК «Лесбаева Раушан» 50 орындық бала бақша  құрылысын салуға 30 млн.теңге жобасын ұсынып отыр.

5 жоба – ЖК «Толаев Рахат» Калипан жерінен жоба құны 22 млн.теңге құрайтын жылыжай шаруашылығын дамытуға құрал-жабдықтар сатып алуға жобасын ұсынып отыр. 5 жұмыс орны ашылады.

Сонымен қатар, жеке инвестиция тарту арқылы ЖК «Сәрсеков Сұлтан» 13,5 га жерге жоба құны 29,07 млн.теңге құрайтын құс фабрикасын салып қаз, үйрек, тауықтың таза етін, жүнін дайындауға және құстың жемін дайындайтын цех салуға бизнес жобасын бастап, іске асыруда.

«Алёка» ЖШС теңіз жағасынан 5 га жерге демалыс базасын  салуға жоба құны 30 млн.теңге құрайтын бизнес жобасын «Атамекен» КҚО ұсынып 18 млн.теңге  несие алып (оның үстіндегі 12 млн.теңге серіктестіктің өз қаражаты) жұмысы басталды.

«Бизнес бастау» бағдарламасы арқылы 6 адам 22 млн. теңгеге микрокредит алды.

Ауыл шаруашылығы саласы

Ауылда 12 шаруа қожалығы тіркелген, оның ішінде 8-і жұмыс жасап жатыр.

Шаруа қожалықтарындағы мал басының саны жыл санап өсіп келеді. Жеке сектормен қоса алғанда барлық мал саны: 3408.

Атауы

2017 жыл

2018жыл

Түйе

234

266

Жылқы

629

669

Сиыр

190

197

Қой

1842

1473

Ешкі

873

803

Құс

614

394

Ұсақ және ірі қара малдарға бірдейлендіру жұмысы жоспарға сай аяқталып, электрондық базаға барлығы 2925 мал басы енгізілді.

Санитарлық тазалық жұмыстары да үнемі бақылауда. Ауыл ішіндегі тұрмыстық қалдықтарда тазартылып отыр. Қазір тұрғын үйлерде 100 данадай қоқыс жәшіктері бар, әліде тұрғындарға 500 дана қоқыс жәшігі қажет етіледі.

Жыл басынан бері ауылдық әкімдік, мектеп, балабақша, амбулатория мекемелерінің ауласына және орталық парк аумағына 500 түп ағаш отырғызылып, барлығы 4500 м² жер көгалдандырылды.

Ауылдағы әлеуметтік нысандар «Қазақтелеком» АҚ-ның қызметі арқылы интернет және телефон байланысымен қамтылған.

Инфрақұрылымды дамыту бойынша

Ауыз су. Сайын Шапағатов ауылындағы ауылішілік су құбыры және резервуар құрылысының жұмысы аяқталып пайдалануға берілді. Бас мердігер «Минь-Янг-Актау» ЖШС, жоба құны 1 142 662,0 мың теңге. Құбыр ұзындығы 60 000 метр.

Сондай-ақ VI кварталдағы тұрғын үйлерге ауылішілік су құбырының  құрылысын салуға құны 750 598,0 мың теңгеге, ЖСҚ жасалып, конкурс жеңімпазы анықталып, «Транскомстрой» ЖШС құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

«Сайын Шапағатов ауылдық округінің 6 орам (ескі) тұрғын үйлеріне сумен қамту құрылысы» ЖСҚ жасақтау конкурсы аяқталып, дайындалуда.

Ауылда орталықтандырылған ауыз су жүйесіне 1200 абонент қосылған. Қалған тұрғындар тасымал арқылы қамтамасыз етіледі. Соңғы түгендеу жұмыстарының нәтижелеріне сәйкес, ауыл ішінде теңіз жағалауындағы жерлерді қосқанда 1100 учаскеге ауыз су желісінің қажеттілігі анықталып, сұраныс берілді.

Ауыл 100% ауыз сумен қамтылған, оның 80%-ы құбыр арқылы, 20%-ы тасымалдау арқылы.

Көгілдір отын. Ауылдағы V кварталдың жеке тұрғын үйлерін газдандыру жұмыстары аяқталып, келісім шарттағы уақытынан бұрын пайдалануға берілді.

VI кварталдағы жаңадан салынған жеке тұрғын үйлерге газ құбырын тарту жұмыстарына ЖСҚ жасақталып, 2017 жылдың желтоқсан айында мемлекеттік сараптамадан қорытындысы алынды. Жоба құны 2 565 469,0 мың теңге. Биыл республикалық бюджетке өтінім берілді. Қаражаты 2019 жылдан бастап жұмысын бастауға жоспарда тұр.

«ҚазТрансГазАймақ» АҚ арқылы инвест жобамен С.Тұмышов, Ж.Шахшабасов және Н.Есетов көшелеріндегі жеке тұрғын үйлерге жоба құны 288 163 мың теңгеге газ желісі тартылып, жұмыстар толықтай аяқталды.

Сондай-ақ жоба құны 133 339 мың теңгеге ескі VI кварталдағы 33 үйге 2800 метр газ желісі, IV кварталдағы жол бойындағы 38 жеке тұрғын үйге және теңіз жағалауындағы 60 үйге 3000 метр газ желісі тартылып, жұмыстары аяқталды.

«Сайын Шапағатов ауылдық округінің жаңа тұрғын үйлерін (973 телім)  газбен қамту құрылысы» ЖСҚ жасақтауға жеңімпаз анықталды. «БайтақАрқа» ЖШС (II, IV орам теңіз жағалауы, 36га, Бекенжанов, Елубаев, Мейров, Жакауов көшелері).

Тоқ. «Сайын Шапағатов ауылдық округінің жаңа тұрғын үйлеріне (1310 телім) электр желісін тарту құрылысы» ЖСҚ жасақтауға жеңімпаз анықталды. «БайтақАрқа» ЖШС (II, IV орам теңіз жағалауы, 36га, Бекенжанов, Елубаев, Мейров, Жакауов көшелері).

«Ақшұқыр селосынан Сайын Шапағатов селосына 110/10 кВ қосалқы станцияға қосымша электр желісін тарту құрылысы» мемлекеттік сараптама жүргізуге, сараптама қорытындысын шығару. Мемлекеттік сатып алу порталы арқылы ашық конкурс жарияланды.

Ауыл бойынша 2075 абонент тоқ желісіне қосылып, қоныстанған үйлердің барлығы тоқпен қамтылған.

Жол. 2017 жылы жобалаушы мекеме «Проектный центр» ЖШС арқылы 5,2 км жоғарғы бөлікке, яғни IV-V квартал іштерінен өтетін автокөлік жолдарын асфальттауға (14500,0 мың теңге) және 4,7км төменгі бөлікке, яғни С.Тумышов, Бекенжанов, Шахатов, Жақауов көшелері арқылы өтетін автокөлік жолдарын асфальттауға (14200 мың теңге) сызбасы ұсынылып, ЖСҚ жасақталуда. ЖСҚ жасақтауға 6000,0 мың теңге бөлінді, қажет қаражат көлемі 22700,0 мың теңгеге сұраныс берілді.

Ауылымыздың әлеуметтік дамуын жоғары дәрежеге жеткізу, мәдени көпшілік шараларды өз деңгейінде өткізу үшін, жері белгіленіп, Мәдениет үйінің құрылысының ЖСҚ жасақтауға 400 мың теңге бөлінді. Жасақтаушы «ҚазақЖобалауҚұрылыс» ЖШС. ЖСҚ.

Ауыл спортын дамыту мақсатында, «Дарабоз» ЖШС-нің бастамасымен Мемлекеттік-жекешелік әріптестік бағыты бойынша, «Науалы» шағын маркетінің жанынан ашық футбол алаңы бар әмбебап спорт кешенін салу жұмыстары басталып кетті.

«Ақтау – Сайын Шапағатов – Ақтау» бағытындағы жолаушыларды тасымалдау қызметіндегі автобустардың жүру қозғалыстарына өзгерістер енгізілді. Ақтау қаласынан шығу орны: 28 шағын аудан, «Аман» сауда орталығының жанында орналасқан автостанция. Автобустардың жүру маршруты: 27 шағын аудан – «Олжа» сауда орталығы – Сары базар – Ш.Есенов атындағы университет – Ақ базар – Кеденнен жаңа жолға түсіп Сайын ауылына бағыттайды. Сайын Шапағатов ауылынан таңғы сағат 06:30-8:30 дейін жарты сағат сайын жүріп бастайды және Ақтау қаласынан таңғы сағат 8:00-19:30 сағат сайын қатынап тұр.

Жер қатынастары саласы

Тұрғын үй құрылысын салуға жер телімін сұраған өтініштерімен жер кезегінде 9422 адам тіркеуде тұр. Жер телімдері қолданыстағы заңнамаға сәйкес, қажетті инженерлік инфрақұрылыммен жер алқаптары дайын болуына қарай өтініштер кезектілікпен қанағаттандырылатын болады. 

Білім беру саласы бойынша

«Ғ.Айдаров атындағы №1 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейі»,мектептің жылыту жүйесі күрделі жөндеуден өтті. Мектептің материалдық-техникалық базасы талапқа сай қамтылған, атап айтсақ, 1 информатика кабинеті (15 компьютер), 1 интерактивті тақта, 1 мультимедиа кабинеті (17 компьютер) бар. Толықтай интернет жүйесіне қосылған. Барлық лабораториялық кабинеттер қажетті құрал-жабдықтармен жабдықталған. Мектеп кітапханасында 67004 кітап бар, оның ішінде оқулықтар саны – 59285 дана. Барлық оқушы 100% оқулықпен қамтылды.

Мектепте 120 мұғалім білім береді.

2018-2019 оқу жылында барлығы 1090о қушы, мектеп алды даярлық сыныбында 96 бала оқиды.

Ауылдық округтің V кварталынан 600 орынды мектеп құрылысы аяқталып, Сайын Шапағатов мектеп-гимназиясы 1-қыркүйекте жаңа оқу жылында жұмысын бастады. Сайын Шапағатов мектеп-гимназиясы 2018-2019 оқу жылына барлығы 968 оқушы, мектеп алды даярлық сыныбында 62 бала қабылданды. Мектептің материалдық-техникалық базасы талапқа сай қамтылған.200 орындық акт зал, 96 орындық спорт зал, 130 орындық асханасы бар. Оқушыларды мектепке және кері қарай үйлеріне тегін тасымалдау ұйымдастырылған, 5 автобус тұрақты қызмет етуде.

Ауылда «Айналайын» МКҚК балабақшасы жұмыс жасайды,балабақшада 6 топта 150 бала тәрбиеленуде және 2017 жылдың наурыз айында жеке меншік «Айзере» балабақшасы ашылып 26 жұмыс орны ашылды, мамандықтары бойынша жұмыссыз азаматтар жұмысқа орналастырылды, балабақшада 3 топта 75 бүлдіршін тәрбиеленуде.

2018 жылдың маусым айында жеке меншік «Керемет» бала бақшасы ашылып 30 жұмыс орны  ашылды, балабақшада 3 топта 60 бүлдіршін тәрбиеленуде.

Бүгінгі таңда балабақша кезегінде 309 бала тіркелген, былтырғы жылмен салыстырғанда 93 балаға азайған. Сонымен қатар, балалар мен жасөспірімдердің уақытын тиімді пайдаланулары үшін «Серпін» аула клубы қызмет етеді. Клубта домбыра, шахмат, би, ән-терме, тоғызқұмалақ, қол өнер барлығы 6 үйірме бар.

Ішкі саясат, мәдениет және спорт саласы

Тұрғындар арасында халықтың цифрлық технологияларды қолдану деңгейін жоғарылату мақсатында дөңгелек үстелдер, семинарлар ұйымдастырылып, 850 адамды қамтыған түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Жоспарланған шара саны – 12, орындалғаны – 12. «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында цифрлық технологияларды қолдану мақсатында барлық мекемелер қызметкерлері 100% ЭЦҚ алды. Әкімдік ғимаратында арнайы «Өзі-өзіне қызмет көрсету» бұрышы іске қосылды. «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру үшін аудандық ішкі істер бөлімі, прокуратура, аудандық сотпен болған меморандум аясында, аудандық сот пен ауыл арасында сот отырысына қатысушы тұлғалар аяқтай аудан орталығына бармай-ақ «TrueConf» байланыс жүйесі арқылы 45 сот отырысы өткізілді. Бұл жоба ауыл тұрғындарының уақыт пен жол ақысы шығындарын үнемдеуіне септігін тигізді.

Ауылымызда 1 ашық футбол алаңы бар және спортшылардың жаттығулары үшін мектептердің спорт залдары кешкі мезгілдерде пайдалануға беріледі. Сайын Шапағатов мектеп-гимназиясынан киокушинкай каратэ үйірмесі ашылып, қазірдің өзінде жақсы жетістіктерге жетуде.

Ауыл жастары түрлі республикалық, облыстық, аудандық жарыстардың тұрақты қатысушылары және ылғи алдыңғы орындардан көрінуде.

Ауылда қоғамдық тұрақтылық пен қауіпсіздік қамтамасыз етілген. Барлығы 33 адам арнайы есепке қойылған. Олармен профилактикалық әңгімелесу жүргізіліп тұрады.

Әскери есеп 2018 жылы110 әскери міндеттілер әскерге шақырылып, 11 азамат әскери борышын өтеп жатыр. 2001 жылы туылған 26 азамат есепке қойылды.

Мемлекеттік қызмет көрсету

Ауылдық округ әкімдігі 8 бағытта мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді.

Есепті мерзім ішінде ауыл әкімінің азаматтарды жеке мәселесі бойынша қабылдауында 346 адам қабылданып, оның ішінде 280-і ауызша өтінішпен, қалған 66-ы жазбаша өтініш білдіріп, оның 42-і толықтай қанағаттандырылды, қалған 24-не түсінік берілді.

Сайын Шапағатов ауылдық округі облыс орталығы Ақтау қаласына жақын орналасқан, даму деңгейі жоғары ауылдық округтердің бірден-бірі. Жылдан-жылға бұрын бос тұрған учаскелердің барлығына тұрғын үй құрылыстары жүргізілуде. Осы тұста, тұрғындардың әлеуметтік деңгейін көтеріп, сапалы қызмет көрсету басты міндетіміз.


Ақпараттық ресурстар
Қазақстан Республикасының Үкiметi www.government.kz
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі www.primeminister.kz
Қазақстан Республикасының Парламенті www.parlam.kz
ШЖҚ МКК«Түпқараған аудандық орталық аурухана» http://tupkaragan-crb.kz/kz
Ақшұқыр мектеп-лицейі http://akshukurml.kz/
Түпқараған аудандық мәслихатының ресми интернет- ресурсы http://tupkaragan.openproject.kz/
Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық соты http://mng.sud.kz/rus/sub/tupkaragan
"Түпқараған аудандық жастар ресурстық орталығы" КММ http://tupkaragan-zhastar.skom.kz/index.php/kz/