Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Жеке кабинет

Баутин ауылы әкімінің 2018 жылы атқарған жұмыстарының ЕСЕБІ


Баутин ауылы әкімінің 2018 жылы атқарған жұмыстарының

ЕСЕБІ

Баутин ауылындағы соңғы санақ қорытындысы бойынша 4475 халық тұрады. Оның ішінде 54 «Алтын алқа» иегері және 56 «Күміс алқа» иегерлері, 27 тыл ардагері және 70 жастан асқан қарттар саны 92 адам. 3 жалғызбасты зейнеткер, 149- өзге ұлт өкілдері тұрады. Белсенді халық саны- 2354. Тұрғын үй саны 836. Ауылда 53 бизнес объектілері бар.

Ауыл бойынша ауыл әкімі аппараты мекемесі, «Маңғыстау облысы Түпқараған  гуманитарлық -техникалық колледжі», М.Горький мектеп-лицейі, Ж.Мыңбаев мектеп-гимназиясы, «Ақбота», «Ер Төстік» балабақшалары, ауылдық дәрігерлік пункт және Аташ елді мекеніндегі орталық кітапхана, Баутин ауылында Баутин селолық пошта байланыс бөлімшесі тұрғындарға қызмет көрсетеді. Кітапханада барлық кітап қоры - 15586 дәне, тұрақты оқырмандар саны 742 адам.

2.Халықтың өсу динамикасы:

Атауы

2017ж

2018ж

Туылған бала саны

117

122

Қайтыс болған балалар саны

0

0

Шаңырақ көтерген жанұя саны

57

20

Көшіп кетуші

0

5

Көшіп келуші

0

0

2018 жылы жыл басынан бері 20 жас шаңырақ бой көтеріп, 122 бала дүниеге келді.

Денсаулық саласы: Ауыл бойынша тұрғындарға Баутин фельдшер-акушерлік пунктінде 3 дәрігер, 4 мейірбике қызмет көрсетеді. 2018жылы туберкулез ауруымен ауыратын тіркеуде тұрған 4 азамат уақытында тегін емін қабылдап, дәрігердің жіті бақылауында болды. Олардың 2-і емделіп келіп жұмысқа орналасты.

Жұмыспен және әлеуметтік қамту: Баутин ауылы, Аташ елді мекенінде әлеуметтік қорғалатын топтарға сәйкес 2018 жылдың қорытындысы бойынша атаулы әлеуметтік көмек алатын 5отбасы, балалар жәрдемақысын алатын 15 отбасы бар.

Жәрдемақы түрі

2017ж

2018ж

Атаулы әлеуметтік көмек

1

5

Балалар жәрдемақысы

15

0

«Өрлеу» бағдарламасына қатысу

3

0

Балалар жәрдемақысын және атаулы әлеуметтік көмек алатын жанұялардың саны жыл сайын азаюда.

Ауыл бойынша көп балалы жанұя саны -110, зейнеткер саны 416,  ересек мүгедектер саны -152, мүгедек балалар саны 27.

Мүгедектерге әлеуметтік қызметкерлер бөлінген.

Кәсіпкерлік саласы: ауылда 34 азық-түлік дүкен жұмыс жасайды. Ауыл тұрғындары үшін жеке кәсіпкерлердің сауда дүкендерінің ішінен төлемдердің барлық түрін жүргізуге арналған 6 терминалдар қойылған. 2018 жылдың наурыз айында 1 мейрамхана ашылып, тұрғындарға қызмет көрсетуде.

Еуропалық Одақтың қолдауымен қаржылай қолдауымен «Ауылды бірлесе дамыту!» жобасы аясында Баутин ауылының тұрғыны, жеке кәсіпкер А.Абдыгаппарова тігінмен айналысу үшін 1 500, 0 мың теңге көлемінде грант ұтып алды.

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы аясында кәсіпкерлікті қолдау барысында Аташ елді мекенінің 1 тұрғыны тігінмен айналысу үшін шағын несие алды.

Ауыл шаруашылығы және ветеринария саласы: 21 шаруа қожалық тіркеліп, мал өсірумен шұғылдануда. Ауылдық әкімшілікте 42 жеке қосалқы шаруашылықтар бойынша шаруашылық кітабындағы деректер компьютерге құйылып, базаға енгізілді.

қ/с

Жылы

Қой

Ешкі

Жылқы

Түйе

Сиыр

1

2017ж.

3579

1850

518

50

162

2

2018ж.

3889

1716

570

58

194

Ұсақ малдарға бірдейлендіру сырғалау, егу жұмыстары уақытында атқарылып, 100 пайыз дерекқорға тіркелді.

Қазіргі таңда ауылда 836 үй газ отынымен және электр энергиясымен қамтылған. Осы жылы Баутин ауылының  барлық көшелерінде орталықтандырылған су құбыры іске қосылып ауыл үйлері толықтай және әлеуметтік нысандар біртіндеп құбырға қосылуда. Аташ елді мекенін толықтай сумен қамтуға жобалық сметалық құжаты жасақталуда.

Ауылда 2018 жылы 735 үй телефонмен және 533 үй ғаламтор желісіне қосылған. Ауылда ұялы телефон байланысының барлық түрі үздіксіз жұмыс жасап тұр. Ауыл тұрғындарын 100% сандық жерсеріктік телеарнаға қосылуы толығымен қамтамасыз етілген.

Баутин ауылын абаттандыру мен көгалдандыру қызметтері бойынша 2018 жылға 2240,0 мың.теңге қаралған. Баутин ауылын абаттандыру мен көгалдандыру жұмыстары бойынша жеңімпаз Алматы қаласы Соқырлар қоғамы «Дәм» ЖШС-мен келісім-шарт жасақталып, жұмыстар орындалды. мердігер тарапынан атап айтқанда Тау, М.Өскінбаев, Ә.Жангелдин көшелерінде орналасқан тал-теректерді күтіп ұстау және тал-теректердің отырғызу, Жангелдин көшесіне – 114, Өскінбаев көшесіне- 12, Тау көшесіне-132 тал көшеттері отырғызылып жұмыс уақытылы атқарылды.

Баутин ауылы және оған қарасты Аташ елді мекенінің көшелерін жарықтандыру қызмет түріне 2018 жылға қаралған қаражат- 15 000,0 мың теңгені құрады. Жалпы ауыл бойынша 19 көшеде барлығы – 389 дана жарықтандыру бағаналары бар.

Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттеріне түсетін кіріс түсімдері 5 cалық түрінен түседі. Жалпы Баутин ауылы бойынша 244 жеке кәсіпкерлер тіркелген. Олардың ішінде нольдік корсеткіштермен салық есептілігін тапсыратындар және тоқтатылып тұрғандар көп. Бүгінгі таңда жеке табыс салығын төлеуші жеке кәсіпкерлер саны – 77, түскен салық түсім көлемі- 6 617,0 мың. теңгені құрады.

Жер салығын төлеуші заңды тұлғалардан 4 306,2 мың теңге, жеке тұлғалардан 277,1 мың теңге түсті.

82 жеке тұлғалардан түскен көлік салығы 4  20,0 мың. теңгені құрады. Заңды тұлғалар бойынша көлік құралдарынан түскен салықтық түсім- 4 487,7 мың теңге. Қорыта келе, бүгінгі таңға 3 16,0 мың теңгеге артық көлемде түсімдер қамтамасыз етілді.

Сонымен қатар, әкімшілікке қарасты 2 балабақшаның ай сайынғы айлық есептік жоспарларына сай уақытылы қаражаттарын аударылды. М.Горький мектеп-лицейі мен Ж.Мыңбаев атындағы мектеп - гимназиясының оқушылары тегін тасымалмен қамтамасыз етілді.

Жер қатынастары саласы, кезек мәселесі бойынша: Жер мәселесі бойынша заңды тұлғалардан 14 арыз түсіп, 9-ы қанағаттандырылды. Жеке тұлға тұлғалардан 63 арыз түсіп, 30-ы қанағаттандырылды.

Шығарылған шешімдер саны-69. Оның ішінде: тұрғын үй аумағын кеңейтуге-19, әлеуметтік көркейту саласы бойынша-30, өзге мақсаттарға – 18 шешім, нысаналы мақсатын өзгертуге -2 шешім, шығарылды.

Елді мекеннің әлеуметтік ахуалы: «Еңбек бағдарламасы»  аясында 2018 жылы тұрақты жұмыс орнымен 46 адам жұмысқа орналасқан. Ақылы қоғамдық жұмыспен ауылдан 28 адам, «Жастар практикасымен» қамтылғандар саны 15 адам. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде 50 адам жұмыссыздықпен тіркеуде тұр. «Жасыл ел» бағдарламасы аясында маусым, шілде , тамыз айларында 14 адам жұмысқа тартылды.

Аппараттың ұйымдастыруымен,  демеуші мекемелердің көмегімен «Қайырымды ел», «Қайырымдылық керуені» атты акциялары аясында «Достық» қонақ үйінің, «Семарко» ЖШС, «GSR» ЖШС, «СагаАташ» ЖШС, Энка Иншаат Ве Санаий АШ Атырау филиалының және жеке кәсіпкерлердің көмегімен ауыл бойынша 20 отбасыға жылына 3 реттен азық-түлік топтамасымен қамтамасыз етілді.

Білім саласы бойынша: Биылғы оқу жылын А.М.Горький мектеп -лицейі 742 оқушымен бастап, 112 бала мектеп алды даярлық тобына қабылданды. 12 оқушысы ҰБТ тапсырып 72,2% құрады. Ж.Мыңбаев мектеп-гимназиясы 571 оқушымен бастап, 56 бала мектеп алды даярлық тобына қабылданды . Екі мектептің бастауыш сыныптардағы аз қамтылған, көп балалы  отбасылар және т.б.  топтағы оқушылар ыстық тамақпен қамтылуда.

Қорғаншылық және қамқорлықтағы балалар саны ауыл бойынша – 6.

Мектепке дейінгі білім беру мекемелері: Баутин ауылында 140 балаға арналған «Ақбота» балабақшасы және Аташ елді мекенінде «Ертөстік» балабақшасы жұмыс жасап тұр. Ауыл бойынша 92% балалар балабақшамен қамтылған болса, оның ішінде 3-6 жас аралығындағы балалар 100% балабақшамен қамтылған, қазіргі таңада 3-6 жас аралығында кезекте тұрған бала жоқ .

«Ертөстік» балабақшасына  бюджеттен 40753,0 мың теңге қарастырылды, аталған қаражаттар толығымен игерілді. «Ақбота» балабақшасына жергілікті бюджеттен қаралған қаражат 48926,0 мың теңге, осы қаражат толығымен игерілді.

Ішкі саясат, мәдениет және спорт саласы бойынша: Ауылымызда жыл басынан бері атаулы мерекелер де өз дәрежесінде ұйымдастырылып келеді.

7 қаңтар – «Рождество» мерекесінде 10 тыл ардагерлері мен зейнеткерлерге сыйлықтар үлестірілді.

1 Наурыз - Алғыс айту күнінде ауылымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосып, түрлі шараларға демеуші болып жүрген жеке кәсіпкерлер мен шетелдік, отандық мекеме басшыларына салтанатты қабылдау ұйымдастырылып, ауыл әкімінің «Алғыс хатымен»  марапатталды.

14-Наурыз – Амал мерекесінде «ТупкараганАгро» ЖШС-нің демеушілігімен ауылымыздың 80/сексен/ ардагеріне мерекелік шара ұйымдастырылып, сыйлықтар табыс етілді.

5-Мамыр күні Аташ елді мекеніндегі Тау көшесіне  Ақшабай Көпешовтың есімі беріліп, митинге Аудан басшылары, ардагерлер қатысты.

9 мамыр ҰОС 72 жылдығына орай, «Енка Иншаат Ве Санаий А.Ш.»атырау филиалының демеушілігімен  90/тоқсан/  ардагерлерге мерекелік шара ұйымдастырылып, сыйлықтар табыс етілді.

1 Маусым -Балаларды қорғау күніне орай, ауылымыздың аз қамтылған және мүмкіндігі шектеулі 69/алпыс тоғыз/ баласына мерекелік шара ұйымдастырылып, ескерткіш сыйлықтар үлестірілді.

Тамыз айында «Құрылысшылар» және «Мұнайшылар» күнінде ауылымыздың осы салада еңбек еткен ардагерлерін салтанатты қабылдау ұйымдастырылып, ауыл әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталды.

«Мектепке жол» акциясы аясында ауылымыздың аз қамтылған  және көп балалы отбасылардың 37/отыз жеті/ балаға мектеп киімдерімен және құрал жабдықтарымен қамтамасыз етілді.

Ауыл әкімінің аппараты «Рухани жаңғыру» аясында «1-Қазан-Қарттар күнінде»  ардагерлерге және қазан айының бірінші аптасындағы «Ұстаздар күніне» орай ұстаздарға мерекелік шара ұйымдастырылып, Ауыл әкімінің алғыс хатымен марапатталып, сыйлақтар табыс етілді.

«16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні» мерекесіне арналып «Тәуелсіздік  тұғырым биікте» атты салтанатты жиын ұйымдастырылды. Жиынға ауылдың әлеуметтік экономикалық дамуына үлес қосып жүрген , мердігер мекемелер, көп балалы жас отбасы аналар, ұстаздар, өндірістік мекеме қызметкерлері, тәуелсіздік құрдастары және ардагерлер шақыртылып, барлығы 30/отыз/ адамға Аудан және ауыл әкімінің алғыс хатымен марапатталып, сыйлықтар  берілді.

26 желтоқсан күні «Қош келдің Жаңа жыл» атты ауыл әкімінің шырша тойына «Каспиан Оффшорконстракшн» ЖШС, «СағаАташ» ЖШС,  «Достық» қонақ үйі, «Теңізсервис» ЖШС-і мекемелерінің көмегімен 52 жағдайсыз отбасы балалары, 29 бала жастан мүгедек балалар, барлығы 81 бала шақырылып мерекелік шара ұйымдастырылып, сыйлықтар табыс етілді.

Ауылымыздағы спорттық нысандар саны –12. Оның 3 спорт зал, 5 спорт алаңы, 4 балалар ойын алаңы. Мектептер мен колледждегі дене шынықтыру мамандарының саны 9.

2017 жылы ауыл бойынша 1050 жас спортпен шұғылданса, 2018 жылы олардың саны 1095-ке жеткен. 2018жылы спорт саласы бойынша15 шара өткізілді.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Түпқараған гуманитарлық-техникалық колледжінде достық кездесу кеші ұйымдастырылып, түрлі спорттық жарыстар өткізілді. спорт секцияларының атауы: шахмат, шашка, тоғызқұмалақ, дойбы, баскетбол, волейбол, футбол, бес-темше.  Мәдениет және спорт саласында  жеткен жетістіктері  өте көп. Атап айтсақ  колледж студенттері арасында баскетбол жарысынан 1 орын . «Мемлекеттік қызметкерлер» күніне  арналған Көңілді мәре сайысында  Баутин командасы-2орын иеленді. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жүлдесі үшін қазақ күресінен «Қазақстан Барысы»  VIII Республикалық турниріне Түпқараған аудандық іріктеу жарысында Доржығұл Айбек  90 кг салмақпен -1 орын иеленді. « 1Мамыр Қазақстан халқының бірлігі» күніне орай Бес-темше ұлттық спорт түрі бойынша ауылішілік командалық  сайыста Баутин ауылы -1 орын иеленді.Қуғын сүргін-құрбандарын еске алу күніне орай ауыл жастары арасында баскетбол жарысында Ақ аташ командасы -1 орын иеленді.1  қазан «Қарттар күні»  мерекесіне орай қарттар арасында ұйымдастырылған дойбы жарысынан Сатарбаев А -1 орын иеленіп бағалы сыйлықпен марапатталды.

Бұл көрсеткіштер ауылымыздың жастарының спортқа деген құлшынысының бірден-бір дәлелі.

Тарихи-мәдени ескерткіштерді күтіп ұстау мақсатында: -Дубский қызының үйі (Қызыл бұрыш ғимараты); -Бұрынғы тұрғын үй (Баутин ауыл әкімдігінің кеңсесі) ,А.Шамониннің үйі (Баутино теңіз сауда портының ғимараты) 1889ж; А.Е.Баутиннің мүсіні, Ә.Жангельдинге арналған обелисктерді жыл сайын  сенбілік кезінде тазалық жұмыстары жүргізілуде және төменгі Түпқараған маягіне тамыз айында ағымдағы жөндеу жұмыстары жасалды. Қ.Берішбаев ескерткішіне  орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 2019 жылдың көктемінде ауласына шыбықтар отырғызылып, жарық жүргізіледі.

Қоғамдық қауіпсіздік бойынша: 2 учаскелік полиция ауыл тыныштығын сақтап, тұрғындармен тығыз байланысып, жұмыс жүргізуде. Ағымдағы жылда Баутин ауылынан және Аташ елді мекенінен 1 азамат еріксіз емделуге 6 айға жолданып, барып келді. Мерзімінен бұрын шартты түрде 1 адам босатылды. Бас бостандығын шектеу жазасымен 5 азамат тіркеуде тұр.

13.Азаматтарды әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және жүргізу шаралары бойынша:

Әскери міндеттілердің, жасөспірімдердің мерзімдік шақырылуы уақытылы ұйымдастырылады. 2018 жылы  әскери міндеттілерге 56 балаға шақыру қағаздары толықтай таратылып, оның 16 Отан алдындағы борышын өтеуге аттанып, былтыр кеткен 3 сарбаз келді.

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша: Мемлекеттік қызмет көрсетудің 8 бағытыбойынша ауылдық әкімшіліктен тұрғындарға қызмет көрсетіліп отыр: Білім алушылар мен тәрбиеленушілер жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне тегін тасымалдауды қамтамасыз ету бойынша 1052 оқушы тасымалданады, нысаналы мақсатын өзгерту бойынша 2/екі/ шешім тұрғынға шығарылды.

Ауыл әкімі әр аптаның сейсенбі, бейсенбі күндері қабылдау жүргізеді. Жыл ішінде жеке тұрғындардан 85 арыз түсіп, 47-і қанағаттандырылып 38-і түсіндірілді.

Қабылданған өтініштер саны

Қабылданған

өтініштер саны

Оның ішінде

Қанағаттандырылғаны

Түсіндірілгені

Заңды тұлға

Жеке тұлға

Заңды тұлға

Жеке тұлға

Заңды тұлға

Жеке тұлға

14

71

9

38

5

33

Ауыл әкімшілігінің ұйымдастыруымен әлеуметтік нысандар, ірі мекемелер, қоғамдық ұйымдармен бірлесіп, тұрғындардың әл-ауқатын көтеріп, тұрмыс-тіршілігінің жақсаруы үшін өз жұмысын  жалғастырып, ауылдың әлеуметтік- экономикалық даму мақсатындағы жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын табады.


Ақпараттық ресурстар
Қазақстан Республикасының Үкiметi www.government.kz
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі www.primeminister.kz
Қазақстан Республикасының Парламенті www.parlam.kz
ШЖҚ МКК«Түпқараған аудандық орталық аурухана» http://tupkaragan-crb.kz/kz
Ақшұқыр мектеп-лицейі http://akshukurml.kz/
Түпқараған аудандық мәслихатының ресми интернет- ресурсы http://tupkaragan.openproject.kz/
Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық соты http://mng.sud.kz/rus/sub/tupkaragan
"Түпқараған аудандық жастар ресурстық орталығы" КММ http://tupkaragan-zhastar.skom.kz/index.php/kz/